Кепiлдiк міндеттемелерiмен байланысты дауларды шешу барысында заңды қолдану туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1995 жылғы 4 тамыз N 4. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.

      Осы санаттағы дауларды шешудiң сот-төрелiк тәжiрибесiн қорытындылау соттардың кепiлдiк заңдарын негiзiнен дұрыс қолданатындығын айғақтады. Бұл орайда, төрелiк соттар жер, сыртқы сауда, банкiлер және банк қызметi, кеден және т.б. туралы заң және түрлi заңдылық актілерiне енгiзiлген кепілдiк нормаларын қолданады.

      Сонымен бiрге, сот жұмысында осы санаттағы iстер бойынша әдiл соты жүзеге асыру сапасын төмендететiн кемшiлiктер бар. Бұған кепілдiк қатынастарын реттейтiн заңдағы ақтаңдақтар да өз ықпалын тигiзедi.

      Iстердi тыңдауға тиiстi түрде дайындамау; iс жағдайларын толық зерттемеу; кепiлдiк жөнiндегі қатынастарды реттейтiн заң актiлерiн дұрыс қолданбау; процессуалдық заң нормаларын сақтамау жағдайлары орын алған.

      Сот-төрелiк тәжiрибесiнiң бiркелкiлiгін қамтамасыз ету мақсатымен "Қазақстан Республикасының төрелiк соты туралы" Заңының 26 бабын басшылыққа ала отырып, сот түсiнiктемесi ретiнде Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының Пленумы

      қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексi (Жалпы бөлім) K941000_ енгiзiлгенге дейiн туындаған кепiлдiк қатынастарымен байланысты дауларды шешкен кезде төрелiк соттар "Кепiлдiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңын, банк кепілдiгiмен байланысты қатынастар бойынша 11.01.90 жылдан кейiн қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына және заң актiлерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде КСР Одағының және одақтас республикалардың Азаматтық заң негiздерiнен тиiстi нормаларын, сондай-ақ КСР Одағының және одақтық республикалардың Азаматтық заң негiздерiне және Қазақстан Республикасының 01.01.90 жылдан кейiн қабылданған заң актiлерiне қайшы келмейтiн бөлігінде Қазақ КСР Азаматтық кодексiн басшылыққа алғаны жөн.

      Аталған заң актiлерiн даулы құқықтық қатынастардың пайда болу уақытында, меншiк түрi мен нысанына байланысты, "Меншiк туралы", "Кәсiпорындар туралы", "Шаруашылық серiктестiктер және акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының тиiстi нормаларын ескере отырып қолданған жөн.

      2. Төрелiк соттар, егер несие берушi қарызды өндiрiп алу және оны кепiлге салынған мүлiк бағасынан қанағаттандыру туралы талаптарын мәлiмдесе, онда екi талапты қанағаттандыру кезiнде шешiмде өндiрiлiп алынатын қарыздың мөлшерi туралы, сондай-ақ ол мүліктi мiндеттi түрде сипаттамасымен (мүлiк аты, оның өзiндiк белгiлi қасиеттерi, саны, тұрған орны және т.б.) оның қорытындылар болуы керек екендiгiн ескеруi керек.

      3. Талапкер заң бойынша iс жүзiнде кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген қарызды тек өндiріп алу туралы талап етсе, егер қарыздар төлеуге қабiлетсiз болса, төрелiк сот несие берушiнiң арызы бойынша қарызды кепілге салынған мүлiк бағасынан қанағаттандыруға құқылы.

      Сонымен бiрге кепiлдiк мiндеттемелерiнен туындайтын дауларды қараған кезде, заңға сәйкес кепiлдiк болғаннан кейiн қарыздар кепiлдiкпен қамтамасыз етілген мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда несие берушi (несие ұстаушы) кепiлге салынған мүлiк бағасынан басқа несие берушiлердiң алдында бiрiншi кезекте қанағаттандырылуға құқылы екендiгiн ескеру керек. Бұл орайда несие ұстаушының кепілдiк затын сатуға айрықша құқығын қолдануы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 51 бабында бекiтiлген төлемдер кезектілігін ескере отырып болуы мүмкiн.

      4. Заңның мәнi бойынша iс жүзiндегi кез келген мiндеттеме кепілдiкпен қамтамасыз етiле алады. Азаматтық айналымнан алынбаған, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес одан өндiрiлiп алу рұқсат етiлген, кез келген мүлiк (кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, басқа өндiрiстiк қорлар, бағалы қағаздар, ақша қаржылары, мүлiктiк құқықтар және т.б.) кепілдiк заты бола алады.

      Сонымен қатар, кепіл құқығы келісiм бойынша болашақта қарыз берушi меншiгіне (толық шаруашылық жүргiзуiне) түсетiн мүлiкке тарауы мүмкiн.

      Қарыздың өзi және үшiншi жақ (зат тапсырушы) кепiлдiк берушi ретінде бола алады.

      5. Кепiлдiк мiндеттемелерiмен байланысты талаптарды қараған кезде соттар кепiлдiк берушiнiң салынған мүлiкке меншiк немесе толық шаруашылық жүргізу құқығы бар екендiгiнiң дәлелдерiн тараптардан сұратқаны жөн. Бұл орайда ұсынылған дәлелдерi шаруашылық жүргiзушi кепiлдiк берушi-субъектiлердiң қызметiн меншiк түрiне және нысанына байланысты реттейтiн тиiстi заңдар нормаларын сәйкес бағаланғаны жөн.

      6. Заң талаптарына сәйкес кепілдiк туралы шартта тараптардың аты, тұрған жерi, (тұрғылықты жерi), кепілдiк түрi, кепілдiкпен қамтамасыз етiлген талаптың мәнi, оның мөлшерi мен орындау мерзiмi, тiзiм, кепiлге салынған мүлiктiң бағасы мен тұрған жерi, сондай-ақ басқа да тараптардың бiрiнiң мәлiмдемесi бойынша кепiлдiк туралы шартта келiсiмге жетумен байланысты жағдайлар көрсетiлуi керек. Қазақстан Республикасы АК 307 бабында аталған қажеттi жағдайлардың бiрiнiң кепiлдiк туралы шартта болмауы оны заңсыз деп тануға негiз болады.

      7. Төрелiк соттар мiндеттi түрде нотариалдық куәләндыру және тiркеу қажеттiлiгі бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 308 бабының кепiлдiк туралы шарт талаптарын сол заңда көзделген ретте басшылыққа алуға тиiс. Бұл талап мүлкi жеке тұлғалардiкi болып табылатын құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары арқылы құрылған колхоздарға, ұжымдық кәсiпорындарға, кооперативтерге, шаруашылық серiктестерге, акционерлiк қоғамдарға тарамайды. Бұл орайда, заң актiлерi колхоздардың, ұжымдық кәсiпорындардың, кооперативтердiң, шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың және басқа да мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың, оның iшiнде мүлкi жеке тұлғалардiкi болып табылатын құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылғандары заңды тұлғалардың (азаматтардың емес) мүлкiн жеке меншiгiне жататындығын ескеру қажет.

      8. Кепiлдiк мiндеттемелерiмен байланысты дауларды шешкен кезде төрелiк соттар кепiлдiк жөнiндегi қатынастар кепiлдiк туралы шарт бекiтiлген кезден бастап, ал шарт тiркелуге жататын жағдайларды шарт тiркелген кезден бастап, туындайтындығын ескеруi керек. Сонымен қатар, шартқа немесе заңға сәйкес кепiлдiк құқығы оған кепiлдiк затын тапсырған кезден бастап, ал, егер ондай тапсыру шарт бекiткенге дейiн болса, онда келiсiм бекiткен кезден туындайды.

      Сондықтан, мүлiк ипотекасынан туындайтын дауларды қараған кезде, төрелiк соттар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) нормаларына сәйкес тараптардан кәсiпорындарды, құрылыстарды, ғимараттарды, үйлердi, көп пәтерлi үйлердегi пәтерлердi, көлiк құралдарын және басқа объектiлердi тiркейтiн органдар берген құжаттарды талап етуi қажет.

      9. Соттар кепiлдiк берушiнiң, егер шартта немесе заң актiлерiне басқасы көзделмесе, негiзгi мiндеттемеге талап ету мерзiмi келген кезде кепiлдiк затын өндiрiп алу туралы арыздануға құқы бар екендiгiн ескеруi керек. Қарыздар кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерiнiң бiр бөлiгін орындаған кезде де кепiл ұстаушының кепiлге салынған барлық мүлiк құқығы сақталады.

      Сонымен бiрге, кепiл талаптардың нақты қанағаттандыру кезiндегi (проценттердi қоса), орындауды кейiнге қалдыру салдарынан шығындарды өтеу, айып пұлдар (штраф, өсiм), сондай-ақ кепiлге салынған мүлiктi ұстау жөнiндегi шығындарды өтеу көлемiнде қамтамасыз етiлетiнiн ескеруi керек. Егер кепiлге салынған мүлiктi сатудан түскен сома кепiлдiк ұстаушының талаптарын өтеуге жетпесе, онда ол, егер шартта немесе заң актiлерiне басқа сiлтеме болса, азаматтық процессуалдық заңда көзделген кезек бойынша жетiспейтiн соманы қарыздарын басқа мүлкiнен талап етеді.

      10. Кепiлдiк мiндеттемелерiмен байланысты даулар бойынша заңды тұлғалардың мүлкiн өндiрiп алу арызы түскен кезде, төрелiк соттар бюджеттiк және қазыналық кәсiпорындардың (ұйымдардың) мүлкi үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен (Жалпы бөлiм) бекiтiлген ерекшелiктердi ескеруi керек.

      11. Төрелiк соттар сотқа дейiнгi дайындау ретiнде қарыздардың мүлiктi кепiлге тапсыру жөнiндегi құқықтарын анықтауға тиiс. Бұл орайда, жарғы бойынша кәсiпорынның пайда әкелетiн қызмет жасауға және пайда немесе оның бөлiгіне үлестiруге құқық беретiн жағдайларды есептемегенде, қарыздардың шұғыл басқаруындағы мүлiк, әдеттегiдей, кепiлге тапсырыла алмайтындығын ескеруi керек.

      12. Төрелiк соттың шешiмi кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу туралы арыздану үшiн негiз болады. Демек, төрелiк соттар, қазiргi заңға сәйкес, аралық соттардың кепiлге салынған мүлiктi ықтиярсыз өндiрiп алуды қарауға құқығы бар орган ретiнде қаралмайтындығын ескеруi керек Сонымен бiрге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (Жалпы бөлiм) кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртiпте сатуға рұқсат етедi және басқа тәсiл заңда нақты көзделген. Бұл ретте, сот шешiмi бойынша кепiлге салынған мүлiкті сатудың тиiстi тәртiбiн сақтауды дауды шешетiн төрелiк соты қамтамасыз етуге тиiс. Төрелiк соттың шешiмiмен кепiлдiк ұстаушыға мүлiктi сауда жариялаусыз тапсыруға рұқсат етiлмейдi.

      13. Тиiстi жер учаскесiмен немесе оны пайдалану құқығымен тiкелей байланысты кәсiпорынның, құрылыстың, ғимараттың немесе басқа объектiнiң кепiлi ипотека деп танылады. Тиiсiнше, мұндай мүлiктiң кепiлi сол жер учаскесiне құқық шарты бойынша ипотекамен бiрге болуы мүмкiн.

      14. Жер учаскесiнiң ипотекасы кезiнде кепiл меншiгi сол учаскеде орналасқан кепiл берушiнiң немесе басқа адамдардың ғимараттары мен құрылыстарына тарамайды. Сонымен бiрге, кепiл ұстаушыға кепiл берушiнiң мүлiкке деген құқығы ғана емес, ол мүлiкке қатысты мiндеттер де өтетiндігiн ескеру керек.

      Жалпы меншiктегi мүлiкке кепiл мiндеттемелерiн қараған кезде, төрелiк соттар барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiн тексергенi және кепіл берушiнiң жалпы мүліктегі үлесiне құқығын анықтағаны жөн (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 304 бабы).

      Меншiк иелерiнiң келiсiмi болмаған жағдайда, төрелiк сот кепiл шарттың заңсыз деп тану туралы мәселенi қарауға тиiс.

      15. Кепiл мiндеттемелерiмен байланысты дауларды шешу барысында, төрелiк соттар заң бұзушылыққа жол берген ұйымдар мен кәсiпорындарға жеке ұйғарымдар мен ұсыныстар шығару, құқық қорғау органдарына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәлiметтер жiберу, олардың туындауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды үнемi анықтау мақсатымен, сондай-ақ төрелiк соттардың құқық қолдану тәжiрибесiн жетiлдiру үшiн, осы санаттағы даулар бойынша сот тәжiрибесiнiң қорытындыларын шығару арқылы алдын алу жұмыстарының тиiмдiлiгiне және мақсаттығына қол жеткiзуi тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады