Қырғыздың "Манас" эпосының 1000 жылдығына арналған мерекелiк шаралар өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 21 сәуiр 1995 ж. N 536

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. ЮНЕСКО Бас конференциясының шешiмiне сәйкес 1995 жылы Қазақстан Республикасында қырғыздың ұлы эпосы "Манастың" 1000 жылдығына арналған мерекелiк шаралар өткiзiлсiн.
      2. Қырғыздың "Манас" эпосының 1000 жылдығына арналған шараларды өткiзу жөнiнде мына құрамда республикалық мерекелiк комиссия құрылысын:
      Тасмағамбетов И.Н. (төраға), Мамашев Т.А. (төрағаның орынбасары), Сағадиев К.А. (төрағаның орынбасары), Әбдiкәрiмов О.(келiсiмi бойынша), Әбдiков Т. (келiсiмi бойынша), Әйтiмова Б.С., Әлиғожинов С.К., Байгелдиев Ө., Жомартов А.Ш., Дильдяев Г.Г., Жұрынов М.Ж., Қирабаев С.С., Қозыбаев М.Қ., Көпiшев Ә.С., Қосанов Ә.С., Құлмаханов Ш., Көшербаев Қ.Е., Найманбаев Қ., Ни В.В. (келiсiмi бойынша), Оразалиев Н.М., Павлов А.С., Рымжанов О.М., Сапарбаев Б.М., Сәрсенбаев А., Тезекбаев С.Н., Тоқаев Қ.К., Өзбеков Ө., Шаханов М. (келiсiмi бойынша).
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы 1995 жылғы 28 шiлдеде Абай атындағы мемлекеттiк академиялық опера және балет театрында "Манас" эпосының 1000 жылдығына арналған жұртшылықтың салтанатты жиналысын өткiзсiн, өнер шеберлерiнiң концертiн ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы қырғыздың "Манас" эпосының 1000 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Республикалық "Қазақстан теледидары мен радиосы" корпорациясы, ҚазТАГ қырғыз фольклорының ұлы туындысының әлемдiк әдебиет тарихындағы орны мен маңызын, қырғыз және қазақ халықтары арасындағы дәстүрлi достықтың терең тамырларын, қазақ мәдениетiнiң аса көрнектi өкiлдерiнiң "Манасты" зерттеп, көпшiлiкке таратудағы еңбектерiн жан-жақты ашып көрсететiн материалдар мен хабарлар, ғылыми конференциялар әзiрлесiн, республикалық "Қырғызстан туусу" және "Егемен Қазақстан" газеттерiнiң "Манас" эпосының 1000 жылдығына және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған номерлерiн алмасып шығаруды қарастырсын Қазақстан ғалымдарының манастану жөнiндегi ғылыми еңбектерiнiң жинағын, "Манас" эпосын қарасөзбен баяндап шығарсын.
      6. Алматы қаласының әкiмi қаланың бiр көшесiн Манас көшесi деп атайтын болсын.
      7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" кинокомпаниясы Алматы қаласында қырғыз фильмдерiн қайталап көрсетудi ұйымдастырсын, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Манастың" 1000 жылдығына почта конвертiн шығарсын, "Легпром" компаниясы мерекелiк тақырыпқа кәдесый өнiмiн әзiрлесiн.
      8. Жамбыл облысының әкiмi Қырғызстандағы мерекелiк шараларға

қатысатын болсын.
     9. Алматы облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының 
Мәдениет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
және спорт министрлiгi "Дегерес" жылқы зауыты аумағында "Манас"
эпосының 1000 жылдығына арналған мерекелiк шаралар, ат спорты
сайыстарын өткiзсiн.
     10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қырғыздың
"Манас" эпосының 1000 жылдығына арналған мерекелiк шаралар
өткiзудi қаржыландыру көздерiн айқындасын.

            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады