Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1994 жылғы 21 қыркүйекте Алматыда қол қойылған поляк
тауарларын сатып алуға кредит беру туралы Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Польша Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Келiсiм
бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
аталған Келiсiмнiң бекiтiлгенi туралы Польша Республикасының
Үкiметiне хабарласын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Польша
Республикасы Үкiметi арасындағы поляк
тауарларын сатып алуға арналған несие
беру туралы
Келiсiм
Екi жақ Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Польша Республикасы Үкiметi арасындағы 1992 жылғы 14 қазанда жасалған сауда-өндiрiстiк, ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмге сүйенiп, сондай-ақ Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамуына ерекше зор мән бере отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi.
1-бап
Польша Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Үкiметiне осы келiсiмде айқындалған шарттармен 30 миллион АҚШ долларының мөлшерiнде екi бөлiктi несие бередi;
10 миллион АҚШ доллары техникалық өнiмдер мен халық тұтынатын тауарлардың жеткiзiлiмiн қаржыландыру үшiн, 20 миллион АҚШ доллары инвестициялық проекттерге арналған жеткiзiлiмiн қаржыландыру үшiн, осы Келiсiм белгiленген шарттар бойынша.
2-бап.
Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Қазақстан Республикасына өндiрiстiк техникалық өнiмдер мен халық тұтынатын тауарлар және инвестициялық проекттерге арналған поляк тауарлары жеткiзiлiп тұратын болады. Жеткiзiлiмi әрбiр елдiң заңдары мен халықаралық саудада қазiр қолданылып жүрген практикаға сәйкес Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасының құзырлы органдарының өкiлдерi болып табылатын шаруашылықты жүргiзушi субъектiлер жасасқан келiсiм-шарттар негiзiнде жүзеге асырылып отыратын болады.
3-бап
Қазақстан Республикасының Үкiметi берiлген несиенi осы Келiсiмде айқындалған шарт пен мерзiмге сәйкес несие валютасымен өтеуге кепiлдiк бередi.
Несиенi өтеу жүзеге асырылады:
а) өндiрiс-техникалық өнiмдер мен халық тұтынатын тауарлар жөнiнде - 10 миллион АҚШ доллары сомасына - үш жыл iшiнде. Несие өтелуiнiң басты мерзiмi болып Польшадан Қазақстанға тауар жеткiзудiң аяқталу мерзiмi саналады, несиенiң бiрiншi бөлiгiн пайдалана бастаған жылдан бастап кешiктiрмей.
Проценттiк ставка ЛИБОР ставкасының негiзiнде алты айлық депозиттер үшiн АҚШ долларымен есептелiп отыратын болады.
Проценттер несиенi пайдаланған күндерiн нақтысының негiзiнде жиналған қарыздың сомасына, бiр жылда 360 күн бар екендiгi есепке алына отырып, есептеледi.
Несие алушы несие берушiге проценттердi алты айлық мерзiм
бойынша есептеп төлеп отырады. Негiзгi қарызды өтеу және
проценттердi төлеу бiр уақытта жүзеге асырылады.
б) инвестициялық проекттерге арналған тауарлар жөнiнде -
20 миллион АҚШ доллары сомасына - Польшадан Қазақстанға тауарлар
жеткiзудi аяқтау жылын еске ала отырып, мерзiмiн бiр жылға
ұзартумен бес жыл iшiнде. Есептеу шарттары мен проценттер
төлеу, сондай-ақ негiзгi қарызды өтеу а) тармағына ұқсас.
в) басқа шығындар мен комиссиялар тiкелей банктер арқылы
айқындалатын болады.
4-бап
Осы Келiсiмнiң банктiк қызметiн мыналар жүзеге асырады:
- Центрбанк,
- Варшавадағы С.А.Хандлев банкi.
Өкiлеттi банктер осы Келiсiмнiң негiзiнде банкаралық
Келiсiм жасайды.
5-бап
Жеткiзiлiмдi жүзеге асырумен байланысты шығындар
(сақтандыру, көлiк экспедиция, кедендiк операциялар) несие
шеңберiнде қаржыландырылатын болады.
6-бап.
1-бапта ескертiлген несие Қазақстан Республикасы Үкiметi оның өтелуiне кепiлдiк бергеннен соң және 4-бапта көрсетiлген банктер арасындағы келiсiмдер жасалғаннан кейiн ашылады.
7-бап
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Польша Республикасы
Үкiметiнiң арасындағы осы Келiсiмнiң қаулысын сақтаудың
түсiндiрiлуiне қатысты даулар дипломатиялық жолмен шешiлетiн
болады.
Егер дау басталғаннан кейiн алты ай iшiнде келiсiмге
қол жетпесе Стокгольмдегi Сауда Палатасы Төрелiк институтының
процедура Жарғысына сәйкес дау шешiлу үшiн Төрелiк трибуналға
тапсырылады.
8-бап
Осы Келiсiм екi Үкiметтiң бекiтуiне жатады, бұл тиiстi
ноталар алмасу арқылы расталатын болады.
Неғұрлым кешеуiлдетiп жiберiлген нотаны алған күн осы
Келiсiмнiң күшiне енген датасы болып саналады.
9-бап
Осы Келiсiм өзiнiң барлық қаулылары толығымен орындалған
сәтке дейiн өз күшiн сақтайды.
Осы Келiсiм қаласында 1994 жылы " " екi дана,
әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тiлдерiнде жасалды және үш
текстiнде күшi бiрдей.
Бұл текстердi түсiнуде пiкiр алшақтығы туған жағдайда
орыс тiлiндегi текст шешушi деп саналады.
Қазақстан Республикасы Польша Республикасы
Үкiметiнiң өкiлдiк Үкiметiнiң өкiлдiк
тапсырмасы бойынша тапсырмасы бойынша