"Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының шахталық су төккiшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резерв қорынан қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 15 мамырдағы N 676

      Мырғалымсай кен орны рудниктерiнiң шахталық су төккiштерi тоқтауының экологиялық және әлеуметтiк қауiптiлiгiн, сондай-ақ "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының қаржылық жағдайының ауырлығын ескерiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының Мырғалымсай кен орны рудниктерiнiң шахталық су төккiштерiне қатысты шығынды қаржыландыру үшiн республиканың Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резерв қорынан 100 (жүз) млн. теңге бөлiнсiн.

     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1998.05.13.N 431
              қаулысымен.  

P980431_

 

     3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда 
министрлiгi 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн "Ащысай полиметалл
комбинаты" акционерлiк қоғамының Мырғалымсай кен орны рудниктерiнiң
консервация жобаларын белгiленген тәртiппен бекiтетiн болсын.


     Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады