"Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Кеден комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 1 сәуiрдегi N 2160 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Кеден комитетi (бұдан әрi - кеден комитетi) және оған тiкелей бағынысты облыстардағы Алматы және Ленинск қалаларындағы басқармалар, сондай-ақ кедендер, облыстық бағыныстағы аудандар мен қалалардағы кеден бекеттерi Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiн құрайды және республикалық бюджет есебiнен ұсталынады деп белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. Атауынан және 1-тармақтан сөздер алынып тасталды -
ҚРҮ-нiң 1996.08.20.N 1031 қаулысымен.
P961031_
2. Кеден комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң таратылған Бас кеден басқармасының құқықтық мұрагерi болып саналсын. Кеден органдары қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу және материалдық ынталандырудың бұрынғы тәртiбi мен шарттары сақталсын (4 қосымшалар).
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1033 қаулысымен.
P961033_
3. Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен Экономика министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi туралы ереженiң жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
4. Кеден комитетiнiң кеден органдары қызметкерлерiнiң жалпы саны 6333 адам, оның iшiнде:
Кеден комитетiнiң орталық аппараты - 230 адам (ғимаратты күзететiн және оған қызмет көрсететiн қызметкерлердi қоспағанда);
Кеден комитетiнiң кеден органдары - 6103 адам болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң:
орталық аппарат қызметкерлерiнiң саны 165 адамға;
кеден органдары қызметкерлерiнiң саны 6633 адамға қысқартылсын.
6. <*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1033 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден комитетiн ұстауға қажеттi қаражат бөлсiн.
8. Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы бекiтiлсiн (5 қосымша).
9. Кеден комитетiне Төрағаның 4 орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары, сондай-ақ құрамында 9 адам бар алқасы болуына рұқсат етiлсiн.
10. Кеден комитетi төрағасының лауазымы көлiктiк, медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы министрiнiң лауазымына, ал Төраға орынбасарларының лауазымдары - министрдiң орынбасарларының лауазымына теңестiрiлсiн.
Облыстар бойынша кеден басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарларына санаториялық-курорттық қызмет көрсету мемлекеттiк басқару органдарының облыстық органдары басшыларына белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылсын.
11. Кеден комитетiнiң орталық аппараты үшiн 9 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi, оның 7-i - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қызметтiк автомобиль лимитiн қысқарту есебiнен белгiленсiн.
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден комитетiне белгiленген тәртiппен 7 жеңiл автомобиль беретiн болсын.
13. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы мекемелерiнiң басшы және жедел құрамының киiм нысандары туралы Ереже және нысандық киiм, аяқкиiм заттары мен жабдықтарын киiп және тағып жүру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 мамырдағы N 344 қаулысымен бекiтiлген Кеден комитетi қызметкерлерiне арналған нысандық киiм, аяқкиiмдi киiп жүрудiң және онымен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен ережелерi сақталсын.
14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң таратылған Бас кеден басқармасының пайдалануында болған мүлiктер мен қызметтiк ғимаратты Кеден комитетiнiң балансына тегiн берсiн.
15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Алматы қаласы әкiмiнiң келiсуi бойынша екi ай мерзiм iшiнде оның орталық аппарат қызметкерлерiн орналастыру үшiн қосымша қызметтiк үй-жайларын бөлудi қамтамасыз етсiн және осы ғимараттарға iргелес жатқан аумақты басқа ұйымдар пайдалануға тиiс еместiгiн айқындасын.
16. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Кеден комитетi кеден органдарының қызметкерлерiн шет елдерге қажеттi көлемде оқуға жiберсiн, оларды оқыту мен тәжiрибеден өткiзу жоспарына енгiзетiн болсын.
17. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден статистикасын жүргiзудiң бiрыңғай әдiстемесiне сәйкес кеден қызметiнiң автоматтандырылған жүйесiн құру және кеден статистикасын жүргiзу үшiн бюджетте қажеттi қаражат бөлудi көздесiн.
18. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Кеден комитетiне қызметте пайдалану үшiн өздерi шығаратын нұсқамаларды, сiлтемелердi және нормативтiк сипаттағы басқа да ведомстволық актiлердi жiберiп отырсын.
19. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Кеден комитетiне және оның жергiлiктi мекемелерiне тұрғын үйлер, қызметтiк үй-жайлары мен әлеуметтiк-тұрмыстық маңызы бар объектiлердi салуға жыл сайын қаражат бөлудi көздейтiн болсын.
20. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Кеден комитетiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiм iшiнде Қазақтан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Кеден комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 1 сәуiрдегi N 2160 Жарлығына сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 16 мамырдағы
N 694 қаулысына
1 Қосымша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Кеден комитетiнiң орталық аппараты
басшыларының, басшы қызметкерлерi мен мамандарының
Лауазымдық жалақылары
-----------------------------------------------------------------
Лауазымы | Айлық лауазымдық
|жалақы(теңге есебiмен)
------------------------------------------------------------------
Комитет төрағасы 4200
Төрағаның бiрiншi орынбасары 4000
Төрағаның орынбасары 3700
Басқарма, дербес бөлiм бастығы кеңесшi 3400
Басқарма, дербес бөлiм бастығының орынбасары 3100
Басқарма iшiндегi бөлiм бастығы 2800
Төрағаның көмекшiсi 2650
Бас инспектор 2600
Басқарманың iшiндегi бөлiм бастығының
орынбасары 2700
Жетекшi инспектор 2400
Аға инспектор 1900
Инспектор 1750
Ескерту. 1-шi қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.07.11. N 948 қаулысымен
.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 16 мамырдағы
N 694 қаулысына
2 Қосымша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Кеден комитетiнiң кеден мекемелерi
басшыларының, басшы қызметкерлерiнiң, мамандары
мен қызметкерлерiнiң
Лауазымдық жалақылары
--------------------------------------------------------------------
|Айлық лауазымдық жалақы
| (теңге есебiмен)
Лауазымы |------------------------------
|облыстық |Республика | басқа
|кеден бас| шекарала- |кедендер |қармалары|рында орна-|
| |ласқан ке- |
| | дендер |
--------------------------------------------------------------------
Кеден бастығы 3100 3000 2900
Облыстық кеден басқармасы
бастығының бiрiншi орынбасары 2800
Облыстық кеден басқармасы
бастығының орынбасары 2700
Кеден бекетiнiң бастығы 2500 2500 2500
Дербес бөлiм бастығы, бас бухгалтер 2300 2300 2300
Бөлiм (шаруашылық және басқа) бастығы 1900 1900 1900
Бас инспектор 1700 1700 1700
Аға инспектор 1500 1500 1500
Инспектор 1400 1400 1400
Архив, кеңсе меңгерушiлерi 1500 1250 1250
Шаруашылық, қойма меңгерушiлерi;
кассир 1100 900 900
1 санаттағы машинка басушы 1100 1100 1100
II санаттағы машинка басушы,
хатшы-машинка басушы 800 800 800
Iс қағазын жүргiзушi, архивариус 650 650 650
Ескерту. 2-шi қосымша толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.07.11. N
948 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 16 мамырдағы
N 694 қаулысына
3 Қосымша
ЕСКЕРТУ. 1,2,3-қосымшалар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N
1033 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Кеден комитетiнiң аппараты қызметшiлерiнiң
Лауазымдық жалақылары
-----------------------------------------------------------------
Лауазымы |Айлық лауазымдық жалақы
| (теңге есебiмен)
--------------------------------------------------------------------
Архив, кеңсе меңгерушiлерi 1500
Машинка басу бюросының, көшiру-көбейту
бюросының меңгерушiлерi 1250
Шаруашылық қойма меңгерушiлерi - кассир 1100
Комендант 800
I санаттағы стенографияшы 1250
II санаттағы стенографияшы, I санаттағы
машинка басушы 1100
II санаттағы машинка басушы, хатшы-машинка
басушы 800
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 16 мамырдағы
N 694 қаулысына
4 Қосымша
ЕСКЕРТУ. 4-қосымшаның атауынан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң
жанындағы Кеден комитетiнiң кеден органдары
қызметкерлерiнiң дербес атақтары бойынша
Жалақылары
-----------------------------------------------------------------
Дербес атағы |Дербес атағы бойынша
|жалақы(теңге есебiмен)
-----------------------------------------------------------------
Кеден қызметiнiң толық мемлекеттiк кеңесшiсi 1900
Кеден қызметiнiң I дәрежелi мемлекеттiк
кеңесшiсi 1750
Кеден қызметiнiң II дәрежелi мемлекеттiк
кеңесшiсi 1630
Кеден қызметiнiң III дәрежелi мемлекеттiк
кеңесшiсi 1480
Кеден қызметiнiң I дәрежелi кеңесшiсi 1350
Кеден қызметiнiң II дәрежелi кеңесшiсi 1250
Кеден қызметiнiң III дәрежелi кеңесшiсi 1180
Кеден қызметiнiң I дәрежелi инспекторы 1080
Кеден қызметiнiң II дәрежелi инспекторы 1000
Кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторы 900
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 16 мамырдағы
N 694 қаулысына
5 Қосымша
Ескерту. 5-шi қосымша күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.08.29.
N 1195 қаулысымен.