Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 мамыр N 719. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.17. N 609 қаулысымен.

      "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 ақпандағы N 157 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитет (Қазбалықкомитетi) аппаратының шектi саны 20 адам болып бекiтiлсiн (үй-жайды күзететiндер және оған қызмет көрсететiндер бұған кiрмейдi).
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитетке Комитет төрағасының бiр орынбасарын және құрамы 5 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      2. Балық өнеркәсiбi флотының теңiзде жүзу қауiпсiздiгi мен порттық қадағалау қазақ мемлекеттiк инспекциясын, қызметтерiн реттеп отыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитетке жүктелген оқу орындарын, балық питомниктерiн, уылдырық шашу - балық өсiру шаруашылықтары мен балық өсiретiн зауыттарды, сондай-ақ балық шаруашылығы су қоймаларындағы балық өсiру-мелиорациялық жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады;
      осы Комитет төрағасының орынбасарын тағайындау және оның алқа мүшелерiн бекiту Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң құзырына жатады;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы комитетiнiң өз құзыры шегiнде қабылдаған шешiмдерiн орындау балық шаруашылығы саласының барлық шаруашылық жүргiзушi органдары, кәсiпорындары мен мекемелерi үшiн олардың заңдық мәртебесiне және меншiк нысанына қарамастан мiндеттi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттi ұстауға қажеттi қаржы бөлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитетке 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитет туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң төрағасына министрлiктер мен ведомстволардың тиiстi қызметкерлерi үшiн белгiленген тұрмыстық-материалдық және медициналық қызмет көрсету шаралары қолданылсын.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң аппаратын орналастыру туралы мәселенi шешсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады