Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс займы қазыналық бондарының айналымын тоқтату және 1995 жылы оларды өтеудiң тиражын өткiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 720 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 294 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.30 № 294 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 18 сәуiрдегi N 507 P950507_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс займы қазыналық бондарының айналымы 1995 жылғы 20 мамырдан тоқтатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995 жылғы 1 маусымнан бастап 1995 жылғы 31 желтоқсанға дейiн оларды өтеудiң тиражын қосымшаға сәйкес графикпен ай сайын өткiзiп тұру жолымен Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс займының қазыналық бондарын халықтан толық сатып алуды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиражды

 

өткiзудiң тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құжаттарды он күн мерзiмде

әзiрлесiн.

     4. Қазақстан Республикасының Халық банкi тираж өткiзудiң

графигiне сәйкес Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк

iшкi ұтыс займының қазыналық бондарын өтеудi тираж өтеудiң кестесiне

сәйкес жүзеге асырсын.


     Қазақстан Республикасының

           Премьер-министрi

                                          Қазақстан Республикасы 

                                          Министрлер Кабинетiнiң

                                          1995 жылғы 19 мамырдағы

                                              N 720 қаулысына        

                                                  қосымша


            Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк

              iшкi ұтыс займы қазыналық бондарының тиражын

                     өткiзу және оны өтеу көлемiнiң

                                 Графигi

-------------------------------------------------------------------

    Тираж нөмiрi   |    Тираж өткiзу күнi     | Төлем көлемi

-------------------------------------------------------------------

     1 тираж         1995 жылғы 9 маусым          150 млн. теңге

     2 тираж         1995 жылғы 14 шiлде          120 млн. теңге

     3 тираж         1995 жылғы 14 тамыз          120 млн. теңге

     4 тираж         1995 жылғы 15 қыркүйек       100 млн. теңге

     5 тираж         1995 жылғы 13 қазан          100 млн. теңге

     6 тираж         1995 жылғы 13 қараша         80 млн. теңге

     7 тираж         1995 жылғы 15 желтоқсан      80 млн. теңге





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады