Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылға арналған республикалық бюджетi кiрiсi бойынша 136020269 мың теңге сомасында, шығысы бойынша 175399719 мың теңге сомасында, тапшылықтың шектi мөлшерi 1 қосымшаға сәйкес - 39379450 мың теңге мөлшерiнде орындауға қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң темiр жолдар басқармалары, "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы, "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясы өздерiнiң негiзгi қызметтерi бойынша, "Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабындағы 4 - тармағына сәйкес конверсияланатын кәсiпорындар және iшкi iстер органдары жанындағы облыстық (Алматы қалалық) ведомстводан тыс күзет бөлiмдерi орталықтандырылған тәртiппен республикалық бюджетке пайдаға салынатын салық төлейдi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне кәсiпорындар мен ұйымдарға орталықтандырылған тәртiппен табысқа салынатын салық бойынша республикалық бюджетпен есеп айырысуды белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
3. "Целинтрансстрой", "Қазақтранстехмонтаж", "99-құрылыс басқармасы", "Көлiк құрылысы", "Трансстрой" (Алматы, Павлодар) акционерлiк қоғамдары, "Қазақстан жолдары" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы, "Монтажспецстрой" акционерлiк холдинг компаниясы үшiн пайдаға салынатын салық бойынша 1994 жылы қолданылған есеп айырысудың ерекше тәртiбi 1995 жылы сақталсын.
4. "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы Заң күшi бар Жарлығымен жеке тұлғалар үшiн салынатын табыс салығы бойынша 1994 жылы қолданылған жеңiлдiктер сақталғаны ескерiлсiн.
Қаржы министрлiгi аталған жеңiлдiктердiң толық берiлуiне қатаң бақылау жасайтын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi он күн мерзiм iшiнде заңды және жеке тұлғалардың автомобиль бензинi мен дизель отынын пайдаланғанына салықты есептеу мен төлеу тәртiбiн, сондай-ақ салық есебiнiң нысаны мен беру мерзiмiн бекiтсiн және оларды салық төлеушiлердiң қаперiне жеткiзсiн.
6. Егер тауарларды экспорттық беру 1995 жылдың 24 наурызына дейiн жүргiзiлген болса, 1995 жылдың 24 наурызына дейiн жасалған және толықтай төленген контрактiлер (шарттар, келiсiмдер) бойынша акцизделетiн тауарларға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi немесе резидентi емес басқа тұлғалар төленген акцизделетiн тауарларға, сондай-ақ бартерлiк операциялар бойынша 1995 жылдың 24 наурызына, дейiн қолданылған ставкалары бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi акциздердi төлеушiлердiң бәрiн қамту есебiн ұйымдастырсын, салықтың осы түрi бойынша төлемдердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету үшiн пәрмендi бақылау жасайтын болсын.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi он күн мерзiм iшiнде ТМД елдерiнен тыс жерлерден импортқа әкелiнетiн тауарлар (өнiмдерге) бойынша қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбiн, сондай-ақ кеден органдарына салық есебiн түсiру тәртiбi мен мерзiмiн белгiлеп, оны сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаперiне жеткiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жердi мұрагерлiкке өмiр бойы иелену құқының құнын, жер учаскесiн пайдалану құқығының немесе жалдау құқығының құнын белгiлеу жөнiндегi жұмыстардың дер кезiнде орындалуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Бас салық басқармасы және оның жергiлiктi жерлердегi органдары жергiлiктi әкiмдердiң жер учаскелерiн мұрагерлiкке өмiр бойы иелену құқығына, пайдалану құқығына немесе жалдау құқығына сатудан түскен қаражаттың дұрыс есептелуi мен бюджетке дер кезiнде аударылуын бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
9. Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс құрамынан шығарылғандығы ескерiлсiн. "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-бап) 3-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi осы қордың шығыстары құрамында тұрғын үй құрылысы саласын қаржыландыруға 15 процент қаражат қарастырып, оны Қазақстан Республикасының "Жилстройбанк" тұрғын үй құрылысы Мемлекеттiк банкi арқылы пайдалансын.
10. Күрделi қаржыны қаржыландырудың 9015300 мың теңге сомасындағы шығыстарында Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту қорына 1995 жылдың 1 тоқсанына түскен қаражат ескерiлсiн.
11. Әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын жалпы соманың Зейнетақы қоры мен Әлеуметтiк сақтандыру қоры арасында тиiсiнше, 85 және 15 процент нормативтер бойынша бөлiнетiндiгi ескерiлсiн.
12. 200 мың теңге мөлшерiндегi ең төменгi жалақы мен зейнетақыға төмендегiдей есептiк түзету коэффициенттерi белгiленгенi ескерiлсiн.
1995 жылғы 1 қаңтардан - 1
1995 жылғы 1 наурыздан - 1,25
1995 жылғы 1 шiлдеден - 1,4
1995 жылғы 1 қазаннан - 1,5
Бұл ретте бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiне еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi шегi мынадай мөлшерде белгiленедi:
1995 жылғы 1 қаңтардан - кемiнде 600 теңге
1995 жылғы 1 наурыздан - кемiнде 875 теңге
1995 жылғы 1 шiлдеден - кемiнде 980 теңге
1995 жылғы 1 қазаннан - кемiнде 1050 теңге
Еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi шегi жұмыс уақытының белгiленген ұзақтығын толық атқарған жағдайда қосымша ақылардың, үстемелердiң, сыйлықтардың, басқа да өтемдiк (қолданылып жүрген заңдарда белгiленген бiржолғы ақылардан басқа) және көтермелеу төлемдерiнiң барлық түрлерiн ескергенде, сондай-ақ аудандық,таулы жерлердегi, шөлейт, сусыз жерлердегi және экологиялық коэффициенттердi қолданғандағы бiр айда есептелген нақтылы жалақыны қамтиды деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Қаржы министрлiгi еңбекке ақы төлеудiң енгiзiлген төменгi шегiн ескере отырып, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың (мекемелердiң) жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң жалақысын белгiлеудiң Уақытша тәртiбiн белгiлеп, бекiтсiн.
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарын ұстауға арналған қаражаттың атамалы бөлiну құжатын түсiрсiн.
14. "Астық" акционерлiк компаниясы республика бюджетiне қарастырылған қаражат есебiнен мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылдың егiнiнен берiлген астық үшiн ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiмен есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз етсiн.
15. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың мемлекеттiк қорының кеңесi ауыл шаруашылығы жөнiндегi шараларды қаржыландыру үшiн он күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 1995 жылға арналған шығыстар сметасын түсiрсiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi аталған қордың мемлекеттiк қаражатының нысаналы бағытталуы мен пайдаланылуына қатаң бақылау жасайтын болсын.
16. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен және Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiмен бiрлесе отырып, 1995 жылы құрылысы ұзақ мерзiмдi жеңiлдетiлген кредит беру шартымен де, сондай-ақ республикалық бюджетте қарастырылған қаражат есебiнен қайтарымсыз шартымен жүзеге асырылатын бастамалық мәнi бар және iске қосылуға тиiстi объектiлердiң тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсi:
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен басымдылығы бар инвестициялық жобаларға банкiлiк сараптауды жүзеге асырсын және белгiленген тәртiп бойынша заемшылармен кредиттiк келiсiмдер жасасын;
бұрын берiлген кредиттер бойынша проценттiк ставкаларға қатысты бұрынғы шарттарды сақтай отырып, белгiленген тәртiппен кредит келiсiмдерiн қайта ресiмдесiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң мекемелерiмен (келiсу бойынша) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып, 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту қорынан (Инвестициялық қордан) қайтарылым негiзiнде қаржыландыру жүзеге асырылған және оларға қаражат бөлу соңғы жылдары тоқтатылған объектiлерге тексеру жүргiзсiн. Тексерудiң қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген әрбiр аяқталмаған объект бойынша бұрын бөлiнген кредиттердi қайтару жөнiнде қолданылған шаралар туралы шешiмнiң жобасын 1995 жылдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне түсiрсiн.
17. Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Қазақстан Республикасының "Жилстройбанк" тұрғын үй құрылысы Мемлекеттiк банкi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша жаңа тұрғын үй саясаты жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға бюджетте және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту қорында көзделген қаражаттың атамалы түрде бөлiнуi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
18. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бюджетте көзделген қаржыдан 35500 мың теңгенi жалпы республикалық маңызы бар жұмыстарды жобалауға жұмсасын.
19. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, өз бағынысында жоғары оқу орындары бар басқа да министрлiктер мен ведомстволар:
1995 жылдың 1 қыркүйегiнен студенттердi қабылдау 5 процентке қысқартылатынын және олардың шарттық негiзде оқытуға көшiрiлетiнiн ескере отырып, 1995-1996 оқу жылында кадрлар даярлау жоспарын қабылдасын;
кадрлар даярлауда қосарластыққа жол бермеу, қажетсiз мамандарды даярлауды тоқтату, сондай-ақ даярланатын мамандардың оқу орнының бейiмiне сәйкес келуiн қамтамасыз ету мақсатымен жоғары оқу орындары құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
20. Мемлекеттiк стипендиялар жоғары және орта арнаулы мемлекеттiк оқу орындарының барлық үлгерушi студенттерiне 1994-1995 жылғы оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижелерi бойынша тағайындалады деп белгiленсiн.
21. 1995 жылға арналған республикалық бюджетте облыстар мен Алматы қаласы шығыстарының құрамында тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын оқу орындарының студенттерi мен оқушылары үшiн мемлекеттiк темiр жол, су және қалааралық автомобиль көлiгiнде жүру жөнiнде белгiленген жеңiлдiктердi беруге арналған қаражаттың ескерiлгенiн жергiлiктi әкiмдер назарға алсын.
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Қаржы министрлiгi жол жүру жөнiнде жеңiлдiктер берудiң қолданыстағы тәртiбiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
22. Республикалық бюджетте әлеуметтiк маңызы бар газеттер мен журналдарды шығаруға 2 қосымшаға сәйкес 539707 мың теңге сомасында демеуақы көзделiп отырғаны еске алынсын.
23. 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк теледидар мен радионың хабарын тарату жөнiнде байланыс қызметiн көрсету үшiн "Қазақстанның теледидары мен радиосының" республикалық корпорациясы тоқсан сайын растап отыратын хабардың кестесi мен нақты көлемiне сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қаржыландырылып отыратын болсын.
24. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып жасанды тамақтанудағы, аз қамтамасыз етiлген көп балалы отбасыларындағы, некеде тұрмайтын студент отбасыларындағы, жалғыз басты аналардың, сондай-ақ мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң отбасыларындағы екi жасқа дейiнгi балалар үшiн, тағамдық қоспаларды қоса есептегенде, сүтханаларда балалар тағамдарының негiзгi түрлерiн берудiң тәртiбiн анықтасын.
25. Кәсiпорындарды конверсиялауға арналған қаражат Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң шығыстары құрамында 200000 мың теңге сомасында көзделгенi ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 10 күн мерзiмi iшiнде конверсияланатын кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк-мәдени-тұрмыстық объектiлерi мен тұрғын үй қорын жергiлiктi әкiмшiлiктер қарамағына беру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
26. Республикалық бюджетте ғылымды қаржыландыруға 2651146 мың теңге, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына - 655836 мың теңге және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясына - 526736 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Ұлттық ғылым академиясы және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясы екi ай мерзiм iшiнде қайталануға жол бермеу мақсатымен ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларының құрылымы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
27. 1995 жылдың 1 сәуiрiнен бастап шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдарды бюджеттен қаржыландыру тоқтатылатыны ескерiлсiн.
28. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қарашадағы N 960 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 ақпандағы N 91 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 3 35-бап) енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, "Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақы және балаларға жәрдемақы төлеу үшiн қолданылатын отбасы мүшесiне шаққандағы жиынтық табысын есептеу туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қарашадағы N 960 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 651-бап) белгiленген балаларға бiржолғы жәрдемақы төлеу тәртiбi 1995 жылы сақталады деп белгiленсiн.
29. 1995 жылы қатты және сұйық отынды, газды, сондай-ақ электр энергиясын жеңiлдiкпен беруге байланысты отынмен жабдықтау ұйымдарының шығынын өтеу және қолданылып жүрген заңдарда жеңiлдiктер көзделген аз қамтамасыз етiлген азаматтар мен халықтың басқа да санаттарына пәтерақы мен коммуналдық қызмет
көрсету жөнiндегi жеңiлдiктер тиiстi жергiлiктi бюджеттер арқылы
жүзеге асырылатыны ескерiлсiн.
30. 1995 жылға арналған республика бюджетi шығыстарының
құрамында Абай (Ибраhим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын
мерекелеуге байланысты мерейтойлық шараларды өткiзуге көзделген
қаражаттың жалпы сомасы 824250 мың теңге болатыны ескерiлсiн,
оның iшiнде:
Мың теңге
мерейтой объектiлерiн салуға - 245000
мерейтойға әзiрлену мен оны өткiзу
объектiлерiн көркейтуге - 2300
екi сериялы "Абай жолы" көркем
фильмдi түсiрудi аяқтауға - 166000
импорттық кинотехниканы сатып алу
үшiн валюта алуға - 58950
Абай тақырыбындағы шығармаларды
аудару мен басып шығаруға - 50000
концерттер, фестивальдар, конкурстар,
конференциялар өткiзуге - 132500
Абайдың "Жидебай-Бөрлi"қорық-мұражайы
объектiлерiн жаңғырту мен көрiлiм
жұмыстарына - 45000
дыбыс жазу, көрсету техникасы
құралдарын сатып алуға - 37500
жол қоры есебiнен Семей-Қарауыл
автожолын, Жидебай мен Бөрлi елдi
мекендерiне баратын жолдарды қайта
жаңғыртуға - 87000
31. 1995 жылға арналған республика бюджетiнiң шығыстары
құрамында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң
50 жылдығын мерекелеуге байланысты шаралар өткiзуге 306870 мың
теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн, оның iшiнде:
мың теңге
"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы
Жеңiске 50 жыл" мерекелiк медальдарын және
оларға куәлiктер жасауға, құттықтау
қағаздарын дайындауға, оларды жеткiзу
шығындарына - 150000
Соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерiне
ескерткiш ретiнде сыйлық пен кәдесый
дайындауға - 41812
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы
Жеңiстiң 50 жылдығына республикалық Зерде
Кiтабын қосқанда, кiтаптар мен плакаттар
шығаруға - 33000
Қазақстандық майдан кинооператорлары
туралы деректi фильм шығаруға - 4000
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы
туралы бес сериялы деректi телефильм
түсiрiп, шығаруға - 5500
Қазақстан Республикасы делегацияларының
ТМД елдерiндегi және алыс шетелдердегi,
оның iшiнде Москвадағы салтанатты
жиындарға қатысуына - 1700
Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына
арналған Спартакиаданы өткiзуге - 52860
Зерде кiтабын және ТМД елдерi бойынша
Ұлы Отан соғысына қатысушы Даңқ орденi
иегерлерiнiң Жинағын шығаруға - 1332
ұйымдастыру комитетiн ұстауға - 666
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында
Отанды қорғау кезiнде қаза тапқан
азаматтарды мәңгi есте қалдырудың
мемлекетаралық бағдарламаға үлестiк жарна - 1000
Кеңестер Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова
мен Мәншүк Мәметованы мәңгi есте қалдыру
жөнiндегi шараларды өткiзуге -15000
Бұған қоса 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына арналған концерттердi, фестивальдарды, конкурстар мен конференцияларды өткiзуге 2000 мың теңге сомасында қаржы көзделген.
32. 1995 жылға арналған республикалық бюджеттiң тиiстi бөлiмдерiне министрлiктер мен ұйымдарға төмендегiдей мақсаттарға валюта сатып алу үшiн қаржы көзделгенi ескерiлсiн:
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне - "Болашақ" бағдарламасы бойынша Президент стипендиясын төлеуге және студент спортшылардың Дүниежүзiлiк қысқы және жазғы ойындарға қатысуына;
Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне - Әлем және Азия чемпионаттарына және халықаралық iрiктеу жарыстарына қатысуға және Олимпияда ойындарына қатысу үшiн;
"Қазақкино" кинокомпаниясына - 2 сериялы "Абай жолы" фильмiн қою үшiн импорттық кинотехниканы сатып алуға;
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне - Абайдың мерейтойын мерекелеуге байланысты дыбыстық және көру құралдарын сатып алуға;
Қазақстан Республикасының Урология ғылыми-зерттеу институтына, А.Н.Сызғанов атындағы Қазақстан Республикасының хирургиялық ғылыми орталығына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiне - медициналық жабдықтарды сатып алуға:
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне:
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерi үшiн сыйлықтар алуға;
"САТР" республикалық орталығына - ақыл-есi кем балалардың мамандандырылған мекемелерiне жабдықтар алуға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне - арнайы жабдықтар сатып алуға;
Қазақстан Рсепубликасы Iшкi iстер министрлiгiне - паспорттарды жасайтын жабдықтарды және қылмыспен күрес жөнiндегi басқа да техникалық құралдарды сатып алуға;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне - республика аумағында салық төлеушiлердi есепке алу жөнiндегi механикаландырылған жүйенi енгiзуге;
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне - дипломатиялық паспортар үшiн төлем жасауға.
Аталған министрлiктер мен ұйымдар қаражатты жұмсауды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұрын қабылдаған өкiмдерi мен тапсырмаларына сәйкес қатаң нысаналық мақсатта жүзеге асырады.
33. Жергiлiктi әкiмшiлiктердiң кепiлдiк мiндеттемелерi бойынша берiлген сыртқы заемдарды өтеуге байланысты шығыстар оларға қызмет көрсету жөнiндегi проценттерiн ескере отырып, тиiстi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатыны ескерiлсiн.
34. Шығыстардың құрамында:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк комитеттiң Әскери институтын ұстауға 245255 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау үшiн Ресей Федерациясының шекара әскерлерiн мемлекетаралық тасымалдауға 156000 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының жалпы мақсаттағы Қарулы күштерiне - әскери кемелердi ұстау үшiн 50500 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн.
35. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қорының 2524348 мың теңге сомасында, оның iшiнде төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1172000 мың теңге мөлшерiнде белгiленгенi ескерiлсiн.
36. Республикалық бюджетте 1994 жылғы тиражды өткiзуге және ұтыстарды төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының халықтың қолындағы қазынашылық бондарын сатып алуға 900000 мың теңге сомасында қаржы көзделiп отырғаны ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халық банкi Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының бондарын халықтан сатып алу Тәртiбi туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiм iшiнде енгiзсiн.
37. Бюджеттiң тапшылық деңгейiн кемiтудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық Банкпен келiсу бойынша мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық вексельдердi аукциондық сатуды жүзеге асырып, оларды сатудан түскен қаражат есебiнен өтейтiн болсын.
38. 1995 жылғы 1 сәуiрден бастап Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының жойылуына байланысты Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi тиiстi министрлiктердiң өкiлдерiн тарту арқылы жою комиссиясын құрсын.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде мүлiктiң құқықтық иегерiн және Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының қаржылық мiндеттемелерiн анықтау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
39. Республикалық бюджет бойынша 1995 жылдың аяғында - кассалық айналымдағы қолда бар ақша 30000 мың теңге сомасында белгiленсiн.
40. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi мен Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде директивалық кредиттердi нысаналы пайдаланбау фактiлерi бойынша тексеру жүргiзсiн, кiнәлi лауазымды адамдарды заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдарды тергеу органдарына жiберсiн.
41. Министрлiктер мен ведомстволар бөлiнген қаражаттың қатаң нысаналы түрде пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi мен оның жергiлiктi органдары бөлiнген бюджеттiк қаражаттың нысаналы әрi тиiмдi пайдаланылуына бақылауды күшейтсiн.
42. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, бiр ай iшiнде Үкiметке Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бұрын қабылдаған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
43. "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы
N 2120 Заң күшi бар Жарлығының қабылдануына байланысты Республикалық
бюджет бойынша 1995 жылғы 1 тоқсанындағы шығыстарды қаржыландыру туралы"
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 272
қаулысы күшiн жойғаны ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 18 сәуiрдегi
N 507 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының 1995 жылға
арналған республикалық бюджетi
Кiрiстер
I бөлiм. Мекемелер және бюджет жөнiндегi (мың теңге)
шаралар
1. Қосылған құнға салынатын салық 14292500
2. Акциздер 2334900
3. Кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен
ұйымдардың пайдасына салынатын салық 15797510
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнен
алынатын түсiмдер, барлығы 4700000
оның iшiнде Үкiметтiң депозиттерi үшiн
табыстан 3900000
5. Бюджет шығыстарын өтеу, барлығы 24157659
оның iшiнде:
а) өзiндiк айналым қаржысының жетiспеушiлiгiне
берiлген бюджеттiк несиелер мен кредиттердi
процентiмен қалпына келтiру 800000
б) директивалық кредиттер бойынша сомаларды
қалпына келтiру 9022449
в) iшкi республикалық есеп нәтижелерi бойынша
сомаларды қалпына келтiру 14335210
6. Алымдар және салыққа жатпайтын түрлi
кiрiстер, барлығы 15202500
оның iшiнде:
а) лицензиялар сатудан алынатын түсiм 200000
б) өзге де түсiмдер 4015000
в) "Байқоңыр" ғарыш айлағы үшiн жалгерлiк
төлем 8205000
г) алынған импорттық тауарлар үшiн
қаржының түсуi 2782500
оның iшiнде:
"Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк
компаниясы 660000
"Зооветжабдықтау" республикалық бiрлестiгi 615000
"Фармация" мемлекеттiк холдинг компаниясы 1500000
"Медтехника" акционерлiк қоғамы 7500
7. Кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың
кiрiсiне салынатын салық 109176
8. Ренталық (тiркелген) төлемдер 2818337
9. Жер салығы 685430
10.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға
салынатын салық 100000
11.1994 жылдың астығын сатудан түсетiн қаражат 9200000
12.Жердi жалдау құқығынан келетiн кiрiстер 150000
13.Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң
сыртқы борышты өтеуi 80608
14.Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн
түсiмдер 11000000
I бөлiм бойынша Кiрiстер жиынтығы 100628620
II бөлiм. Нысаналы қаржыландыру қорлары
1. Жер қойнауын қорғау және минералдық шикiзат
базасын ұдайы молайту қоры 4010112
2. а) Экономиканы қайта құру қоры 3000000
б) Экономиканы қайта құру қоры қаржысының
қайтарымы 15300
3. Жол қоры 9845000
4. а) Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi
дамыту қоры 100000
б) Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi
дамыту қорына қаржының қайтарымы 76000
5. Табиғат қорғау қоры 98116
II бөлiм бойынша Кiрiстер жиынтығы 17144528
III бөлiм. Сыртқы экономикалық қызмет
1. Экспортталатын тауарларға салынатын кеден бажы 7099660
2. Импортталатын тауарларға салынатын кеден бажы 1085000
3. Роялти мен бонустардан түсетiн түсiм 3596250
4. Кеден ресiмдеулерi 406000
5. Iшкi рынокта ең қажеттi импорттық тауарларды
сатудан түсетiн түсiм 564300
6. Тiкелей қаржыландыру бойынша қаражаттың
ұлттық валютамен қайтарымы 674400
7. Телекоммуникация жүйелерiн жаңғыртуға және
кеңейтуге арналған кредиттi өтеуге жергiлiктi
әкiмшiлiктерден түсетiн түсiмдер 555746
8. Кәсiпорындардың валюта бойынша сыртқы
мiндеттемелерiн өтеумен байланысты бюджет
шығыстарының орнын толтыруы 2265765
9. Үкiметтiң кепiлдiгi бойынша бюджет шығыстарын
кәсiпорындардың орнын толтыруы 1000000
10.Сыртқы заем депозиттерi бойынша түсетiн түсiм 1000000
III бөлiм бойынша кiрiстер жиынтығы 18247121
Республикалық бюджет бойынша Барлық кiрiстер 136020269
Шығыстар
I бөлiм. Мекемелер және бюджет бойынша шаралар
I. Халық шаруашылығын қаржыландыру 35358206
Оның iшiнде:
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi,
қалпына келтiрiлетiн энергия көздерiне 120000
Құрылыс кешенi
Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
салу министрлiгi,
жобалауға 35500
Құрылыс кешенi бойынша жиынтығы 35500
Агроөнеркәсiп кешенi
Су ресурстары жөнiндегi комитет, операциялық
шығыстарға 239804
Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы,
барлығы 6127
оның iшiнде помологиялық бау-бақшаға 4300
Ауыл шаруашылығы министрлiгi, барлығы 7333982
оның iшiнде:
операциялық шығындар 2015642
Ауыл шаруашылығын қаржымен қолдаудың
мемлекеттiк қоры 5318340
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары
және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi, операциялық шығыстар 300000
Агроөнеркәсiп кешенi бойынша жиынтығы 7879913
Көлiк кешенi және байланыс
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi,
барлығы 185435
оның iшiнде:
операциялық шығыстар (жол шаруашылығы, кеме
жүретiн шлюздер және кеме қатынасы қауiпсiздiгi
инспекцияларын ұстауға) 43435
Фельдъегер қызметiн ұстауға 42000
Почта байланысы мемлекеттiк қызметiнiң
жұмысын iшiнара қаржыландыру 100000
"Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк
компаниясы, селден қорғау шаралары бойынша
операциялық шығыстарға 41981
Көлiк және байланыс бойынша жиынтығы 227416
Әлеуметтiк кешен
Жеңiлдiктер төлеу бойынша шығыстар, барлығы 1240523
Оның iшiнде:
жүрiп-тұру және байланыс қызметi бойынша
жеңiлдiктер беруге, барлығы 1240523
оның iшiнде:
мүгедек балаларға 34385
1 және 2-топтағы мүгедектерге 102940
ақталған азаматтарға 18360
ерекше еңбек сiңiргенi үшiн 53460
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен
мүгедектерге, барлығы 1031378
оның iшiнде баспасөзге жеңiлдiкпен жазылуға 63420
жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға, барлығы 3083750
оның iшiнде:
а) мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден ұзақ
мерзiмдi кредит ресурстарына 20% 2200000
б) тұрғын үй алу кезегiнде 10 және одан да
көп жыл кезекте тұрғандарға дотацияға 102600
в) коммуналдық шаруашылық объектiлерiн салуға 250000
г) әлеуметтiк сала қызметкерлерi үшiн тұрғын
үй салуға 531150
"Қазақ КСР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты
туралы" Қазақ КСР Заңын жүзеге асыруға 142800
"Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы, барлығы 287576
оның iшiнде:
кинопрокаттау ұйымдарының зиянын өтеуге 40032
ұлттық көркем, дәйектi-деректi балалар
фильмдерiн және мультипликациялық фильмдер
шығаруға 18594
"Абай жолы" фильмiн шығаруға және шетел
валютасын сатып алуға 224950
Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс Күнiне арналған
фильм 4000
Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi 11479
Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi
Қазақ мемлекеттiк агенттiгi (зияндарды өтеуге) 544
Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi,
әлеуметтiк маңызды әдебиет шығаруға байланысты
зиянды жабуға, барлығы 1 187082
оның iшiнде сатып алуға: 1062000
Абай кiтаптарын шығаруға 50000
Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына
кiтаптар мен плакаттар шығаруға 33000
Әлеуметтiк кешен бойынша Жиынтығы 5953754
Кешендерге кiрмегендер
Экология және биоресурстар министрлiгi
(операциялық шығыстар) 893136
Геодезия және картография Бас басқармасы 63639
Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк
материалдық резервтер жөнiндегi комитет, барлығы 43341
оның iшiнде:
операциялық шығыстар 37741
күрделi жөндеу 5600
Әдiлет министрлiгi, баспаны ұстауға, 65446
оның iшiнде қағаз сатып алуға 52050
Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық
патент ведомствосы, зиянды жабуға 444
Суда құтқару ерiктi қоғамы, ағымдағы қажетке 821
Кеден бақылау, қазынашылыққа, салық милициясын
ұйымдастыруға және олардың материалдық базасын
нығайтуға жұмсалатын шығындар 1871720
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
материалдық-техникалық базасын дамытуға 35285
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Шаруашылық басқармасы 131294
Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарма,
операциялық шығыстарға 304110
Күрделi қаржыны қаржыландыруға кредит ресурстарын
және Қазақстанның Мемлекеттiк Даму банкiнiң
жарғылық қорын толтыруды қоса алғанда 9015300
Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң
1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық
бағдарламасын жүзеге асыруға (II кезең) 85000
Абай кешенiн аяқтауға 245000
Облыстардың телекоммуникация жүйелерiн жаңғырту
және кеңейту жөнiндегi сыртқы қарызын жабуға
арналған шығыстар 624712
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi
банкiнiң қызметiн қаржыландыруға, барлығы 7000000
оның iшiнде:
өндiрiстi конверсиялауға жұмсалатын шығыстар
есебiнен 200000
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
кредиттерi есебiнен 3000000
Конверсиялық кәсiпорындардың тұрғын
үй-коммуналдық объектiлерiн ұстауға жұмсалған
шығыстар 762375
Кешендерге кiрмегендер бойынша Жиынтығы 21141623
Әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландыру,
барлығы 22806566
оның iшiнде:
а) бiлiм беру және кадрларды кәсiби даярлау,
барлығы 9421965
б) мәдениет пен өнер, барлығы 900745
в) бұқаралық ақпарат құралдары, барлығы 3783824
Оның iшiнде:
теледидар мен радиохабарларының мемлекеттiк
бағдарламаларын тарату жөнiндегi байланыс
қызметi үшiн 2613600
мемлекеттiк телерадиохабарларына берiлген
тапсырыс үшiн төлем жасау 611344
оның iшiнде Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң
50 жылдығына арналған 5 сериялы телефильмдi
түсiруге байланысты шығыстар 5500
г) денсаулық сақтау, барлығы 6088485
д) дене тәрбиесi, барлығы 654765
оның iшiнде:
Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына
арналған спартакиаданы өткiзуге байланысты
шығыстар 52860
Олимпиадалық ойындарға қатысуға дайындық 200000
е) әлеуметтiк қамсыздандыру, барлығы 1956782
оның iшiнде:
әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi мекемелердi
ұстау және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларын
қаржыландыру 106608
санаторийлық-курорттық емдеуге жұмсалған
шығыстар өтiмi, барлығы 506229
оның iшiнде Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен
қатысушылары 409950
бiрлестiктердiң сурдо-, тифлотехникалық құралдарды
сатып алу 72500
аймақтық қайырымдылық қорларын құруға 1221383
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына
валюта қаражаты есебiнен сыйлықтар сатып алу 41812
ақыл-есi кем балалар үшiн валюта қаражаты есебiнен
жабдықтар сатып алу 8250
Ғылымды қаржыландыру, барлығы 2651146
Оның iшiнде:
Ұлттық ғылым академиясы 655836
Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы 526736
Қорғанысқа кететiн шығыстар, барлығы 18946450
оның iшiнде:
Жалпы мақсаттағы Қарулы Күштер, барлығы 17712184
оның iшiнде әскери соттарға 50500
Азаматтық қорғаныс штабы 304400
Республикалық гвардия 340801
Әскери-теңiз күштерi 589065
Мемлекеттiк өкiмет органдарын, сот және
прокуратура органдарын ұстауға кететiн шығыстар 3736635
Оның iшiнде:
Жоғарғы Кеңес 678792
Президент Аппараты 586332
Жоғарғы Сот 97952
Конституциялық Сот 35641
Облыстық және Алматы қалалық соты 177980
Халық соттары 639469
Жоғарғы төрелiк сот 129411
Прокуратура 1391058
Құқық қорғау органдары қажетiне кететiн
шығыстар, барлығы 14835979
оның iшiнде:
Iшкi iстер министрлiгi 8268531
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 2286187
Шекара әскерлерi 2700041
Iшкi әскерлер 1566090
Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпаратты қорғау
жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссия 15130
Мемлекеттiк өкiметтiң республикалық және
жергiлiктi атқарушы-өкiмшi органдары мен
мемлекеттiк басқару органдары қажеттерiне
кететiн шығыстар, барлығы 9546447
Резервтiк қорлар, барлығы 2524348
оның iшiнде:
төтенше жағдайларды қаржыландыруға 1172000
Әртүрлi төлемдер, барлығы 4683800
оның iшiнде:
1994 жылдың астығын сатып алуға 4000000
мақта себетiн шаруашылықтарға уақытша алынған
қаражатты қайтару 70000
1994 жылғы нан мен құрамажем бағасындағы
айырымға өтем 613800
Басқа да шығыстар, барлығы 1135608
Сайлау өткiзуге жұмсалатын шығыстар, барлығы 346003
Мемлекеттiк iшкi борышқа қызмет көрсету
жөнiндегi шығыстар, барлығы 13046969
оның iшiнде:
заңды тұлғалар арасында орналастырылған Қазақстан
Республикасының 1992 жылғы мемлекеттiк заемы
бойынша проценттердi төлеу 490
1995 жылғы бюджет тапшылығы үшiн кредитке
проценттер төлеу 1500000
мемлекеттiк iшкi борыш бойынша проценттердi
төлеуге байланысты шығыстар 2100000
республика iшiндегi есептеу бойынша мерзiмдi
вексельдерге қызмет етуге байланысты шығыстарға 424030
директивалық кредиттер бойынша сомалар мен
проценттердi төлеуге 9022449
Мемлекетаралық ұйымдарға қызмет көрсету
жөнiндегi шығыстар, барлығы 319698
оның iшiнде Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50
жылдығын мерекелеуге байланысты шығыстар 3366
Заңдарды iске асыруға, барлығы 5362346
Арал өңiрiндегi экологиялық апат салдарынан
зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы 209497
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтiк қорғау туралы 4367219
Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы 785630
Жергiлiктi бюджеттерге субвенция, барлығы 16790756
I бөлiм бойынша Шығыстар жиынтығы 152090957
II бөлiм. Нысаналы қаржыландыру қорлары
Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат
базасын ұдайы молайту қоры 3208090
Жол қоры 7876000
Табиғат қорғау қоры 78493
II бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы 11162583
III бөлiм. Сыртқы экономикалық қызмет
Елшiлiктердi, өкiлдiктердi ұстауға және басқа
да мақсаттарға валюта сатып алу, барлығы 12146178
Оның iшiнде:
а) сыртқы заемдар бойынша проценттер төлеу 6022852
б) сыртқы заемдар бойынша кепiлдiктерге қызмет
етуге байланысты уақытша шығыстар 1000000
в) инвестициялық, тауарлық кредиттер үшiн аванс
беру 764955
г) банктердiң сақтандыру қаржылары мен
комиссиялық алымдарын өтеу 968730
д) сыртқы экономикалық қызметке кететiн шығыстар 3389642
оның iшiнде:
халықаралық ұйымдарға төленетiн жарналар 1520325
ТМД-ның атқарушы органдарын ұстауға 14032
жұмыс iстеп тұрған және жаңадан ашылған елшiлiктер
мен өкiлдiктердi ұстауға 1015425
шетелдiк iссапарға кететiн шығыстар 150000
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт
банкiсiнiң жарғылық қорына төленетiн жарна 250000
сыртқы борышты өтеуге уақытша тартылған қаржылар
қайтарымы:
"Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi 67425
"Каспийшельф" мемлекеттiк компаниясы 248682
Қазақстан Республикасы шетелдiк сақтандыру
мемлекеттiк "Қазақшетелсақтандыру" компаниясының
жарғылық қорына төленетiн жарна 75000
үкiметтiк байланыс жөнiндегi шығыстарға 48753
III бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы 12146179
Республикалық бюджет бойынша барлық шығыстар 175399719
Артуы (Дефицит -, Профицит+) барлығы -39379450
Оның iшiнде:
1. Қаржыландырудың сыртқы көздерi есебiнен,
барлығы 38287474
Оның iшiнде:
1. Сыртқы заем түсiмдер 45928496
2. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы -7641022
оның iшiнде сыртқы заемды өтеуге -7641022
II. Бағалы қағаздар сату есебiнен, барлығы - 403000
оның iшiнде:
1. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық
вексельдердi аукционда сатудан қаражаттың
түсуi 500000
2. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы -903000
Оның iшiнде:
а) заңды тұлғалар арасында орналастырылған
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы
Мемлекеттiк заемын өтеуге -3000
б) Қазақстан Республикасының 1992 жылғы
Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының ұтыстарын
сатып алуға (халықтан) -900000
III. Қаржыландырудың iшкi көздерi есебiнен,
барлығы 1494975
Оның iшiнде:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
кредит ресурстары 8625000
2. Iшкi республикалық есеп бойынша негiзгi борыш
сомасының түсуi 7681155
3. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы 14811180
Оның iшiнде:
а) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне iшкi
борышты өтеуге -800000
б) айналым қаражатының жеткiлiксiздiгiне
байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң кредиттерi бойынша мерзiмi өткен
берешектi өтеуге -100000
в) Iшкi республикалық есеп нәтижелерi бойынша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
айналым вексельдерiн өтеуге -13911180
Айналымдағы кассалық нақты ақша 30000
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 18 сәуiрдегi
N 507 қаулысына
2 қосымша
Журнал мен газет редакцияларының зиянын жабуға
республикалық бюджеттен 1995 жылға олардың
құрылтайшылары бойынша бөлiнетiн қаржы
мың теңге
-------------------------------------------------------------------
Құрылтайшы | Қаржы | Газет пен журнал
| | редакцияларының атауы
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының 83922 Советы Казахстана (газет)
Жоғарғы Кеңесi Халық Кеңесi (газет)
Жоғарғы Кеңестiң Жаршысы
(журнал)
Қазақстан Республикасының 256886 Егемендi Қазақстан (газет)
Баспасөз және бұқаралық Казахстанская правда (газет)
ақпарат министрлiгi Коре ильбо (газет)
Экономика и жизнь (журнал)
Уйғұр авази (газет)
Дойче альгемайне (газет)
Азия (газет)
Түркiстан (газет)
Ана тiлi (газет)
Украински новини (газет)
Феникс (журнал)
Абай (журнал)
Ақиқат (журнал)
Мысль (журнал)
Қазақстан Республикасының 5256 Қаржы-қаражат-Финансы
Қаржы министрлiгi Казахстана (журнал)
Қазақстан Жастар одағы 54748 Экспресс "К" (газет)
Жас Алаш (газет)
Қазақстан Республикасының 43270 Балдырған (журнал)
Жастар iсi, туризм және Жалын (журнал)
спорт министрлiгi Ұлан (газет)
Дружные ребята (газет)
Новое поколение (газет)
Қазақстан Республикасының 9788 Здравоохранение Казахстана
Денсаулық сақтау министрлiгi (журнал)
Денсаулық (журнал)
Қазақстан Республикасының 10296 Русский язык в Казахской
Бiлiм министрлiгi школе (журнал)
Қазақстан мектебi (журнал)
Қазақстан мұғалiмi (газет)
Қазақстан Республикасының 26686 Жұлдыз (журнал)
Жазушылар одағы Простор (журнал)
Қазақ әдебиетi (газет)
Қазақтардың дүниежүзiлiк 14355 Шалқар (газет)
қауымдастығы
Қазақстан Республикасының 34500 Әдiлет министрлiгiнiң
Әдiлет министрлiгi Жаршысы (журнал)
Халықаралық келiсiмдердiң,
уағдаластықтардың және
Қазақстан Республикасының
жекелеген заң актiлерiнiң
бюллетенi
Апталық заң газетi
-------------------------------------------------------------------
БАРЛЫҒЫ 539707