Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1993 жылғы 12 шiлдеде Алматыда қол қойылған Түркiсой
құрылымы мен оның жұмыс iстеу қағидаттары туралы шарт бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы
Шарттың күшiне енгенi туралы депозитарийдi хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Түркiсой құрылымы мен оның жұмыс iстеу
қағидаттары туралы
Шарт
Осы Шартқа қатысушы елдер - Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркменстан, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы, бұдан әрi Тараптар деп аталады:
- түркi тiлдес елдер мен халықтар арасындағы жақсы өзара түсiнушiлiк әр тарапты мәдени байланыстарды одан әрi жақындастыру мен нығайту, болашақ ұрпақты ұлттық мәдениеттiң қайнар көзiне тарту мақсатында;
- түркi және көне түркi халықтары мәдениетiнiң жалпы адамзаттың өркениеттiң қалыптасуына қосқан айрықша маңызын, түркi халықтары мәдениетi мен өнерiн сақтау, түлету және одан әрi дамыту қажеттiгiн ескере отырып;
- мәдениет саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдердi назарда ұстай отырып,
мына төмендегiлер жайында уағдаласты:
I-бап
"Тараптар" түркi тiлдес елдерi Мәдениет министрлерi Кеңесi Стамбул қаласында (1992 ж. 19-20 маусымда) және Баку қаласында (1992 ж. 30 қараша - 2 желтоқсанда) әзiрлеген шешiмдер мен құжаттарды негiзге ала отырып, бұдан әрi "ТҮРКIСОЙ" деп аталатын мәдени ынтымақтастықтың халықаралық ұйымын құрды.
2-бап
ТҮРКIСОЙ өз қызметiн түркi тiлдес елдер Мәдениет министрлерi Кеңесi бекiткен жобалар мен бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырады, оны ТҮРКIСОЙ Үйлестiрушiсi басқарады.
ТҮРКIСОЙ Үйлестiрушiсi қатысушы елдер Мәдениет министрлерi арасынан 6 ай мерзiмге сайланады.
Кемiнде екi қатысушы елдiң ұсынуы бойынша Үйлестiрушi Мәдениет министрлерi Кеңесiнiң кезектен тыс мәжiлiсiн шақырады.
3-бап
Түркi тiлдес елдер Мәдениет министрлерiнiң Кеңесi көпшiлiк дауыспен ТҮРКIСОЙ Бас директорын тағайындайды, ол жұмыс органының дербес құрамын айқындайды және оның практикалық қызметiн ұйымдастырады.
4-бап
Әрбiр қатысушы ел ТҮРКIСОЙ құрамына бiр тұрақты өкiлiн жiбередi, оны сол елдiң Мәдениет министрi тағайындайды.
5-бап
ТҮРКIСОЙ қызметiне байланысты мәселелер шешiмi түркi тiлдес елдер Мәдениет министрлерi Кеңесi мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
6-бап
ТҮРКIСОЙ штаб-пәтерi Анкара қаласында орналасқан.
7-бап
ТҮРКIСОЙ қызметiн жүзеге асыру үшiн Қор құрылады, оған үлестiк қатысу мөлшерiн Мәдениет министрлерiнiң Кеңесi айқындайды және ол жыл сайын жаңа Хаттамамен ресiмделiп отырады.
ТҮРКIСОЙ қаржыландырудың қосымша көздерiн құру мақсатында Қор халықаралық құқық нормаларға қайшы келмейтiн кез-келген қызмет пен бастамаларды жүзеге асырады.
8-бап
Шарт әрбiр қатысушы елдiң заңдарына сәйкес бекiтiлгеннен кейiн және депозитарий ел - Түркия хабарланған кезден бастап күшiне енедi.
9-бап
Алматы қаласында 1993 жылғы 12 шiлдеде әзiрбайжан, қазақ,
қырғыз, түрiк, түрiкмен және өзбек тiлдерiнде алты дана етiп
жасалады, олардың әрқайсысының күшi бiрдей.
Әзiрбайжан Республикасы үшiн
Мәдениет министрi Полад Бюль-Бюль оғлы
Қазақстан Республикасы үшiн
Мәдениет министрi Еркеғали Рахмадиев
Қырғыз Республикасы үшiн
Мәдениет министрi Даниял Назарматов
Түрiкменстан үшiн
Мәдениет министрi Гелдымұрат Нұрмұхамедов
Түркия Республикасы үшiн
Мәдениет министрi Д. Фикри Сағлар
Өзбекстан Республикасы үшiн
Мәдениет министрi Зафар Хакимов