Қазақстанда кербез дуадақтарды сақтау мен олардың санын қалпына келтiру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 мамыр N 750

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, жетiлдiру және пайдалану туралы" Заңның 22-бабына сәйкес және сирек кездесетiн құс-кербез дуадақты дамыту мен сақтау және олардың санын қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 1995 жылдың 18 наурызында Ұлттық орнитологиялық зерттеу орталығымен (Абу-Даби қаласы, Бiрiккен Араб Эмираттары) кербез дуадақтарды сақтау жөнiндегi ғылыми ынтымақтастық туралы Шартының және оларды қолда өсiрудi өрiстету жөнiндегi Жобасының бастамасы мақұлдансын.
      2. Бiрлескен ғылыми зерттеулердi орындаушыларға Ұлттық Орнитологиялық Зерттеу Орталығының лабораторияларында инкубатордан шығару үшiн кербез дуадақтардың бастапқы салған жұмыртқаларын жинауға рұқсат етiлсiн. Кербез дуадақтарды өсiру технологиясын бiрлескен ғылыми-зерттеулердiң нәтижесi ретiнде екi жақ та пайдалануға тиiс. 1995 жылы жұмыртқаларды жинау мен шетке шығару көлемi 40 дана болып белгiленсiн.
      3. Ғылыми зерттеулердi қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы мен Бiрiккен Араб Эмираттарының Ұлттық орнитологиялық Зерттеу Орталығы бiрлесе отырып, өз қаржылары есебiнен жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Экология және биологиялық ресурстар министрлiгiнiң Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас басқармасы бiрлескен зерттеу жұмыстары жүргiзiлген жерлерде кербез дуадақтарды қорғауды күшейтсiн және жұмыртқаларды жинау мен шетке шығаруға рұқсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi белгiленген көлемiне сәйкес жұмыртқа түрiндегi ғылыми материалдарды шетке бажсыз шығаруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi жабдықтар мен материалдарды шеттен бажсыз әкелуге рұқсат ететiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы бiрлескен

жобалар жөнiндегi жұмыстардың дер кезiнде әрi сапалы өткiзiлуiн
қамтамасыз етсiн және оны аяқтаған соң жұмыртқа жинау, бақыланатын
популяцияның жайы туралы мәселенi қоса отырып, Қазақстан 
Республикасының Министрлер Кабинетiне егжей-тегжейлi есеп тапсыратын
болсын.

          Қазақстан Республикасы
           Премьер-министрiнiң 
           бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады