Қазақстан Республикасында хром өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 6 маусым N 781

      Хром өнеркәсiбiн жедел әрi кешендi түрде дамыту, оның экспорттық әлеуетiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және хром өнiмдерiнiң әлемдiк нарығындағы Қазақстанның позициясын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республиканың хром өнеркәсiбiндегi:
      "Дөң тау-кен комбинаты" акционерлiк қоғамы;
      "Феррохром"акционерлiк қоғамы;
      Ермак ферроқорытпа зауыты кәсiпорындарын бiрiктiретiн "Казхром" /"каzсrоме соrроrаtiоn"/, ұлтаралық акционерлiк компанияның құрылуы жөн саналсын.
      2. Ұлтаралық "Казхром" акционерлiк компаниясының негiзгi мiндеттерi:
      ферроқорытпалар өндiрiсiн, оның шикiзат базасын дамытудың, ғылыми-техникалық прогресс, стандарттау және экология салаларындағы аса маңызды бағдарламалардың басым бағыттарын әзiрлеу;
      компания кәсiпорындарының өндiрiстiк-шаруашылық және қаржы-шаруашылық қызметiн үйлестiру, шетелдiк инвесторларды тарту;
      компанияның сыртқы экономикалық қызметi мен өнiмдерiн сыртқа шығару, дайын өнiмдерiн сыртқа шығарып, өткiзу жүйесiн дамыту;
      компания кәсiпорындарының басшы органдарын құру болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Казхром" ұлтаралық акционерлiк компаниясын құру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын, соның iшiнде:
      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен бiр топ жапон компаниялары арасында жасалған Келiсiмге сәйкес республика хром кәсiпорындарының қаражатын "КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясының және "Қайсар" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының жарғылық қорларынан алсын. Мұнда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлген акционерлiк компаниялар акционерлерi мен кредиторларының мүддесi сақталуына айрықша назар аударылсын;
      "КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясымен "Дөң Мак" және "Феррохром" акционерлiк қоғамдарының акциялар пакеттерiн алу жөнiндегi шартта "КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясының жарғылық қорының тиiсiнше азайтылуын қарастырсын;
      "КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясымен шартта оның жарғылық қорының азайтылуына байланысты компания кредиторларымен өзара қарым-қатынасы реттелгеннен кейiн "Japan chrome соrр." фирмасынан уақытша алынған 30 миллион АҚШ долларының Қазақстан Республикасы Үкiметiне қайтарылуын қарастырсын;
      "Қазхром" ұлтаралық акционерлiк компаниясының жарғылық қорын құру кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасымен ол төлеген 30 миллион АҚШ доллары құрылатын компания акциялары бөлiгiнiң төлемi ретiнде "Japan chrome соrр." фирмасына есептелсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Крамдс ҰАҚ-ның Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасымен "Japan chrove соrр."фирмасынан алынған және оның жарғылық қорының азаюына байланысты компанияның кредиторларымен өзара қарым-қатынасын реттелгеннен кейiн қайтарылатын қаражатты пайдалану бағыттарын айқындасын.
      5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi

республика хром өнеркәсiбi кәсiпорындарын кешендi дамыту мақсатында
шетелдiк инвестицияларды тарту жөнiндегi ұсыныстарын Қазақстан 
Республикасының Үкiметiне табыс етсiн.
     6. Осы қаулының жүзеге асырылуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары В.Л.Меттеге
жүктелсiн.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады