1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың акциз салынбайтын акцизделетiн тауарларды алып өтуiнiң нормалары бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiне акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 сәуiрдегi N 513 қаулысымен 1995 жылдың 25 сәуiрiнен күшiне енген СЭҚ ТН 2203 00, 2204 (2204 30-дан басқасы), 2205,2206,2207,2208,2402 кодтары бойынша акцизделетiн тауарларды алып нормаларын есепке алмағанда, акцизделетiн тауарларды алып өту нормалары 1995 жылдың 12 маусымынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 маусымдағы N 798 қаулысына қосымша <*>
Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.07.13. N 960 қаулысымен. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың акция салығы салынбайтын акцизделетiн тауарларды алып өту нормалары ------------------------------------------------------------------- СЭҚ ТН бойынша | Тауар атауы | Алып өту нормасы тауар коды | | (бiр адамға) -------------------------------------------------------------------- 1 2 3 -------------------------------------------------------------------- <*> 2203,00,2204 Алкогольдi iшiмдiктер 5 литр* (220430-дан басқа) 2205,2206,2207,2208 2402 Сигаралар (түбi кесiлген 1000 дана сигараларды қоса), сигариллалар (жiңiшке сигаралар) және темекiден немесе оны ауыстырғыш- тардан жасалған сигареттер <*> 420310000 Табиғи немесе жасанды былғары 3 зат (тек табиғи киiм (комплект) терiден) 4303 Мех киiмi 3 зат (комплект) <*> 650692000 Тысты немесе тыссыз, өңделген 3 зат немесе өңделмеген табиғи мех, басқа да бас киiмдер <*> 701321,701331, Хрусталь бұйымдары 3 комплект* 701391 (сервиз) 7113, 7114,7116 Зергерлiк бұйымдар 5 зат* 8703 Жеңiл автомобиль және басқа да 1 дана ** адамдар тасуға арналған моторлы көлiк құралдары
* Көрсетiлген норма сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы кодтарына бөлiнбей сыртқа шығарылатын тауарлардың жалпы көлемiне белгiленедi, әкелiнген тауарлардың алып өту нормасы көлемiндегi акциз салығы салынбайтын тауарлардың тiзбесi салық төлеушiнiң тiлегiне (таңдауына) қарай белгiленедi.
** Кеденде ресiмделген кезiнен екi жылдың iшiнде басқа адамның пайдалануына немесе иеленуiне жатпайтын көлiк құралын бiр адам бiр жыл iшiнде әкелсе, бұл нормаға акциз салығы салынбайды.