Қазақстан Республикасы қол қойған займдар туралы келiсiмдерден туындайтын халықаралық мiндеттемелер жөнiндегi құқықтық мұрагерлiк туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 12 маусым N 814. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.11.16. N 1558 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2097 Жарлығының 3-тармағына сәйкес және халықаралық қаржы ұйымдарымен және шетелдiк донор елдермен кредиттiк келiсiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды уақытылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметi атынан және оның тапсыруы бойынша қол қойылған займдар туралы келiсiмдерден туындайтын халықаралық мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шетел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiктiң құқықтық мұрагерлерi банктiк қызмет көрсету бөлiгiнде - Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкi, жоғарыда аталған келiсiмдердi үйлестiру мен жүзеге асыруға бақылау жасау бөлiгiнде - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет болып белгiленсiн, соның iшiнде:

     Азиялық даму банкi - 60 млн. АҚШ доллары сомасындағы арнайы
жәрдем заемы,
     Төлем балансын қолдауға арналған 5 млн. АҚШ доллары
сомасындағы Австрия Республикасының заемы,
     Төлем балансын қолдауға арналған 3 млн. АҚШ доллары сомасындағы
Шведтiк кредиттiк экспорттық корпорация заемы,
     75 млн. АҚШ доллары сомасындағы Жапонияның экспорттық-импорттық
банкi заемы,
     Халықаралық Қайта құру және Даму банкi:
     180 млн. АҚШ доллары сомасындағы оңалту заемы, 38 млн. АҚШ
доллары сомасындағы техникалық жәрдем заемы,
     40 млн. АҚШ доллары сомасындағы қалалық жолаушылар көлiгiне 
арналған заем.


      2. Халықаралық Қайта құру және Даму банкiнiң мұнай секторы үшiн 15,7 млн. АҚШ доллары сомасындағы техникалық жәрдем займына банктiк қызмет көрсету жөнiндегi агент Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкi болып белгiленсiн.
      3. Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкi - дамудың ресми жәрдемi шеңберiндегi халықаралық қаржы ұйымдары мен донор елдердiң займдарына банктiк қызмет көрсету жөнiндегi агент болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет 1995 жылғы 15 маусымға дейiнгi мерзiмде жоғарыда аталған займдарды жүзеге асыру жөнiндегi барлық қаржылық құжаттарды Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiне актi бойынша табыс ететiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстанның мемлекеттiк Даму банкiмен бiрлесiп қабылданған шешiмдер туралы шетелдiк кредиторларға хабарласын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады