Тауарлардың шығу тегi туралы сертификатты беру және куәландыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 маусым N 889. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Тауардың шыққан елiн анықтаудың тәртiбi туралы" Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiметтерi Басшылары Кеңесiнiң 1993 жылғы 24 қыркүйектегi шешiмiнiң 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасында тауарлардың шығу тегi туралы сертификат беру мен куәландыру жөнiндегi өкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi болып табылады деп белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. 
N 505 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.03.  N 634
  қаулысымен
    2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi сауда режимi туралы келiсiмдермен көзделген преференцияны Қазақстан Республикасына тарату үшiн ТМД-ға мүше мемлекеттердiң сыртқы экономикалық ведомстволарына, ЕЭҚ-ға және басқа шетелдерге мөрдiң және тауарлардың шығу тегi туралы сертификаттарды растауға өкiлеттi
адамдардың қойған қолының үлгiлерiн жiберсiн. 

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады