Венчурлiк фирмалар құрудың тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 3 шiлде 1995 ж. N 908. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстi дамыту, жеке адамдар мен басқа да бюджеттiк емес көздердiң қаражатын тарту негiзiнде тиiмдiлiгi жоғары жаңа технологияларды өнеркәсiптiк енгiзу мен игерудi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Венчурлiк фирмалар туралы Үлгi ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, республикада ғылыми-техникалық әзiрлемелердi енгiзу мен игеру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi қолдауға бағытталған бағдарлама дайындалсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бiрлесе отырып, венчурлiк фирмаларға олардың бейiнiн есепке ала отырып, бос өндiрiс үй-жайларын, қолданылмайтын жабдықтар мен кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн көзделген ресурстардан басқа да материалдарды белгiленген тәртiппен бөлсiн.

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1995 жылғы 3 шiлдедегi    
N 908 қаулысымен        
БЕКIТIЛГЕН            

                    Венчурлiк фирмалар туралы
                         ҮЛГI  ЕРЕЖЕ

                       I. Жалпы ережелер

       1. Бұл Ереже "Қазақстан Республикасындағы ғылым және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес әзiрлендi. 
      2. Венчурлiк фирмалар аса тиiмдi даярламалар мен технологияларды жеделдетiлген түрде өнеркәсiпке енгiзу, игеру және олардың негiзiнде ғылыми-технологиялық салаға жеке меншiк және бюджеттен тыс қаржы тарту есебiнен республика экономикасының басымдықтарына сәйкес ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту мақсатымен құрылады. 
      3. Венчурлiк фирмалар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер ретiнде жеке меншiк негiзiнде құрылады, заңды тұлға құқығын иеленедi және өз қызметiн өзiн-өзi қаржыландыру принципiнде жүзеге асырады. Венчурлiк фирмалар өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын, сондай-ақ осы Ереженi және Жарғыны басшылыққа алады. 
      4. Венчурлiк фирмалар тағайындалған жеңiлдiктердi пайдаланады, кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға бағытталатын кредит ресурстарын алу құқығын Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес иеленедi.

             II. Енгiзу қызметiн жүзеге асыру тәртiбi 

       5. Венчурлiк фирмалар жаңа тиiмдi технологиялар мен әзiрлемелердi өнеркәсiптiк енгiзудi, игеру мен iс жүзiнде коммерциялық пайдалануды: 
      өнеркәсiптiк меншiктi (патенттер, өнертабыстар, ноу-хау және басқалары) иелену құқығы; 
      өнеркәсiптiк меншiктi иеленушiлермен лицензиялық шарттар; 
      өнеркәсiптiк меншiктi пайдалану жөнiнде заңда белгiленген өзге құқықтар; 
      ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерiн жүзеге асыруға бөлiнетiн кредит қаражатын нысаналы пайдалану; 
      жоғары оқу орындарымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының, салалық министрлiктердiң институттарымен тiкелей өзара қарым-қатынастар; 
      мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау органдарының қорытындысы негiзiнде жүзеге асырады. 
      6. Өнеркәсiптiк меншiктi пайдалану жөнiнде венчурлiк фирмалардың өнеркәсiптiк меншiктi иеленушiлермен жасасатын лицензиялық шарттары белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосында мiндеттi түрде тiркелуге жатады, онсыз аталған шарттар жарамсыз деп есептеледi.<*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. 
N 1031  қаулысымен

            III. Венчурлiк фирмалар құру тәртiбi.
                    Құрылтай құжаттары

      7. Венчурлiк фирмалардың құрылтайшылары заңды және жеке тұлғалар бола алады.
      8. Құрылтай құжаттарының тiзiмi мен олардың мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгiленедi. 
      9. Венчурлiк фирмаларды тiркеу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Венчурлiк фирмалардың мемлекеттiк тiркелусiз қызмет атқаруына тыйым салынады. 
      10. 4-тармаққа сәйкес енгiзу қызметiне нысаналы мемлекеттiк қолдау құқығы венчурлiк фирмада мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптау органдарының қорытындысы бойынша пайда болады.

            IV. Қаржыландыру, есеп беру және бақылау 

      11. Венчурлiк фирмалардың қаражатын қалыптастыру көздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бюджеттiк емес кез-келген қаржы көздерi, сондай-ақ мемлекеттiк қолдау шеңберiнде осы мақсаттарға бағытталатын орталықтандырылған кредиттер бола алады. 
      12. Венчурлiк фирмалар өз қызметi нәтижелерiнiң есеп-қисабын жүргiзедi, бухгалтерлiк және статистикалық есеп жүргiзедi, оның дұрыстығы үшiн жауап бередi. Венчурлiк фирмалар салықтар және басқа мiндеттi төлемдер төлейдi және салық заңдарына сәйкес олардың толық әрi уақтылы төленуi үшiн жауапкершiлiкте болады. 

             V. Венчурлiк фирмалардың қызметiн тоқтату 

      13. Венчурлiк фирмаларды тарату мен қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, ажырату, бөлу, қайта құру) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 
      14. Жарғыдағы барлық өзгертулер, ұйымдық-құқықтық нысанның, мәртебенiң өзгеруiн, қызметтiң ауысуын қоса алғанда, белгiленген тәртiп бойынша енгiзiледi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады