Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 шiлде N 931 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 2082 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.11 N 2082 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қазандағы Заңына Z933200_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, N 19, 451-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Осыған қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын (бұдан әрi - Кадастр) құру және жүргiзу Тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Кадастрдi құру 2003 жылға дейiнгi мерзiмде кезең-кезеңiмен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      Ескерту. 2 тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 397
               қаулысымен. P010397_
      3. 1995-1997 жылдар мерзiмiндегi алғашқы кезеңде Кадастрды құру және жүргiзудiң әдiстемесiн тәжiрибеден өткiзуге арналған қалалардың, аудандар мен облыстардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң қатысуымен осы қаулының қосымшасында көрсетiлген қалалардың, аудандардың және аумақтары бойынша Кадастрды жүргiзудiң тиiстi қызметiн құруды және ұстауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ бұл қызметтердi, бөлiнуi осы қаулының 5-шi тармағында көзделген құралдардан басқа, лайықты өндiрiс алаңдарымен және материалдық-техникалық құралдарымен қамтамасыз етсiн.
      Кадастр деректерiнiң банкi бекiтiлген сәулет-қала құрылысы құжаттамалары мен картографиялық материалдардан, инженерлiк-геологиялық, статистикалық және экологиялық деректерден, министрлiктер мен ведомстволардың, техникалық түгендеу бюроларының, басқа кәсiпорындар мен ұйымдардың тиiстi мәлiметтерiнен алынған ақпараттар негiзiнде құралып, қалыптасатын болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесе отырып:
      Кадастрды құру және жүргiзу жөнiндегi жұмыстардың республиканың басқа кадастрлық жүйелерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып үйлестiрiлуiн қамтамасыз етсiн;
      1997 жылдың аяғына дейiн бiрiншi кезеңдегi Кадастрды құрудың және жүргiзудiң әдiстемесiн қолданудың нәтижелерiн жинақтасын және оны Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында құруға және жүргiзу кезiнде алынған тәжiрибенi пайдалану үшiн қажеттi шешiмдi әзiрлесiн;
      Кадастрды құруды және жүргiзудi реттеу мәселелерiне қатысты қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, оны қажет болған жағдайда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, тиiстi облыстардың және Алматы қаласы әкiмдерiмен бiрлесiп Кадастрды құрудың және жүргiзудiң алғашқы кезеңi мерзiмiнде:
      нормативтiк-әдiстемелiк негiздi жасау мен қалыптастыру, барлық деңгейдегi Кадастрды құрудың және жүргiзудiң техникалық жобаларын жасау жөнiнде шаралар қолдансын;
      Кадастрды жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарын таңдап, сатып алуды жүзеге асырсын және осы құралдармен тиiстi кадастрлық қызметтердi қамтамасыз етсiн;
      Россия Федерациясының тиiстi ведомстволарының келiсімi бойынша қала құрылысы кадастрларын интеграциялау саласында бiрлесе жұмыс жүргiзудi көздесiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң негiзделген өтiнiмдерi бойынша 1996 жылдан бастап жалпы республикалық маңызы бар жобалау жұмыстары мен Министрлiктi ұстауға жұмсалатын шығындардың құрамында аталған мақсатқа жыл сайын қажеттi қаражат бөлудi қарастырсын.
      6. Облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесiп 1995-1997 жылдар мерзiмiнде осы қаулының қосымшасына енбеген қалалардың, аудандар мен облыстардың аумақтары бойынша Кадастр құруға және жүргiзуге дайындалу жөнiнде шаралар кешенiн жүзеге асырсын, соның iшiнде:
      облыс орталықтары мен iрi елдi мекендер аумақтары бойынша масштабы 1:500, 1:1000, 1:2000 картографиялық материалы бар үйлер мен ғимараттарға түгендеу жүргiзсiн және қажет болған жағдайда Кадастрды жүргiзу үшiн талап етiлетiн мөлшерде жетпейтiн топографиялық түсiрiлiмдердi жасау жөнiнде шаралар қолдансын;
      объектiлердiң техникалық сипаттамасын мен олардың құндылық (бағалық) дәрежесiн белгiлесiн;
      қала құрылысына бейiм жобалау ұйымдарын тарту арқылы қала құрылысы факторларын ескере отырып, облыс орталығы мен iрi елдi мекендер аумағының кешендi әлеуметтiк-экономикалық бағалану жобаларын жасауды жүзеге асырсын.
      7. Республика аумағы бойынша Кадастрдың Мемлекеттiк тапсырыс берушiсi болып Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiленсiн.
      Кадастрдың базалық (қалалар мен аудандар аумақтары бойынша) және облыстық деңгейдегi тапсырыс берушiлерi болып облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi белгiленсiн.
      Базалық және облыстық деңгейлердегi Кадастрды жүргiзу аталған Кадастрды жүргiзудiң тиiстi қызметтерiн құру арқылы тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарына жүктелсiн.
      8. Кадастрды құру және жүргiзу мәселелерiнде Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң құзырына мыналар жататын болып белгiленсiн:
      республикалық деңгейде Кадастр құру мен оны жүргiзу;
      Кадастрдың бiрыңғай ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк-құқықтық базасын жасау мен бекiтудi ұйымдастыру;
      Кадастр ақпаратын құру, жүргiзу және пайдалану жөнiндегi қызметке бақылауды жүзеге асыру;
      Кадастрдың Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесiне интеграциясын қамтамасыз ету.
      9. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп Кадастрды құру және жүргiзу кезiнде министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың ақпараттарын түсiру мен пайдаланудың тәртiбiн белгiлеп, бекiтсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп Кадастрды құру мен жүргiзуге арналған кадрларды даярлау мен қайта даярлау жөнiндегi шараларды белгiлеп, жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 шiлдедегi N 931 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН
 
          Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын құру және жүргiзу
                          Т Ә Р Т I Б I
 
      Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры (бұдан әрi - Кадастр) - қала құрылысын ретке келтiру аумағын оны пайдаланудың әлеуметтiк-құқықтық режимiнiң белгiлерi, инженерлiк-техникалық жарақтану деңгейi, ресурстық жағынан қамтамасыз етiлуi және айналадағы ортаның жағдайы бойынша сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесi.
      Осы Тәртiп елдi мекендерде және қала құрылысын реттеудiң басқа да аумақтарында Кадастрды құрудың және жүргiзудiң негiзгi принциптерiн, Кадастр қызметтерiнiң ұйымдық құрылымы мен функционалдық мiндеттерiн, бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуге деген талаптарды айқындайды.
 
                     I. Жалпы ережелер
      1. Кадастр сәулет-қала құрылысы қызметiн ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету мақсатымен "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде құрылады.
      2. Кадастрда аумақтың тиiстi функционалдық аймаққа жататындығы және оның келешектегi мақсаты, гигиена-экологиялық, инженерлiк-геологиялық ахуалы, құрылыс салу мен инженерлiк қамтамасыз етiлу жағдайы, меншiктiк нысанына қарамастан үйлер мен ғимараттардың сипаттамасы туралы мәлiметтер жүйесi болады.
      3. Кадастр мемлекеттiк кадастрлар жүйесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      4. Кадастр жүйесi үш деңгейлi құрылымынан тұрады:
      базалық деңгей қалалар мен аудандарда құрылады. Бұл деңгейде елдi мекен мен қала құрылысын реттеу аумағы туралы ақпаратты жинау, бақылау, жаңартып отыру, бұл деректердiң архивтерiн жүргiзу, пайдаланушылардың сұранымына қызмет көрсету iске асырылады;
      облыстық деңгейде облыс аумағы бойынша кадастрлық деректердi қорыту мен талдау, ғылыми-техникалық әдiстемелердi енгiзу iсi, оқу өндiрiстiк қызметi атқарылады;
      республикалық деңгейде республика бойынша кадастрлық деректердi қорыту мен талдау Кадастрды құрудың және жүргiзудiң ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк-құқықтық базасын, оның бағдарламалық-техникалық құралдарын жасау жұмыстары жүзеге асырылады.
      5. Кадастр мемлекеттiк органдарды, жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарын, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларын қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.
      6. Кадастрды жинақталған ақпарат елдi мекендер мен аумақтарды дамытуды болжамдау, жоспарлау мен құрылыс салу, азаматтық тұрғын үй, өндiрiстiк, коммуналдық және басқа бағыттағы объектiлердi орналастыру, жобалау, салу, және қайта жаңарту, сәулет және қала құрылысы ескерткiштерiн қорғау, тарихи мекендердi қалпына келтiру, әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымды жасау, аумақтар мен оның жеке аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық даму дәрежесiн айқындау, елдi мекендердiң жерге салық төлеу мөлшерiн негiздеу, аумақтық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын бақылау, бекiтiлген қала құрылысы құжаттамаларының жүзеге асырылуын талдау мiндеттерiн шешу үшiн негiз болып табылады.
      7. Базалық және облыстық деңгейдегi Кадастр тиiстi жергiлiктi өкiмет органдары белгiлеген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
      8. Кадастрдың ақпаратын алу, пайдалану, тарату мен сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және осы Тәртiппен белгiленедi.
 
                    II. Кадастр деректерiнiң құрылымы
      9. Кадастрда жердi пайдалану (жерге иелiк жасау) учаскелерi, үйлер (ғимараттар), инженерлiк және көше-жол желiсi учаскелерi мен тораптары және аумақтық аймақтар (функционалдық, күзетiлетiн, сондай-ақ инженерлiк-геологиялық және гигиеналық-экологиялық жағдайды сипаттайтын) туралы негiзгi деректердi қамтитын қала құрылысы объектiлер туралы мәлiметтер көрiнiс табады. 10. Әрбiр объект мынадай типтерге бөлiнген көрсеткiштер тiзбесiмен сипатталады: құқықтық, куәлiктiк, техникалық, экологиялық, құндылық, функционалдық және объектiнiң кеңiстiк жайы белгiленген. Арнайы нысанға енгiзiлген қала құрылысы қызметi объектiсi бойынша деректер жиынтығы объектiнiң тиiстi паспортын құрайды. 11. Жердi пайдалану (жерге иелiк ету) учаскесi туралы мәлiметке мыналар: қала құрылысы жағдайын бейнелейтiн жоспар; белгiленген шекараның жоспары; сыртқы шекаралар бұрыштары координаттарының каталогы; бұрын пайдалануы туралы деректер енедi. 12. Үй (ғимарат) туралы мәлiметке: техникалық сипаттама; үй қабаттары бойынша жоспар; үй орналасқан жер учаскесiнiң жоспары; сыртқы бұрыштар координаттарының каталогы енедi. 13. Инженерлiк және көше-жол желiсi учаскелерi мен тораптары туралы мәлiметке: техникалық сипаттама мен сызба; желi тораптары координаттарының каталогы енедi.
      14. Аумақтық аймақтар туралы мәлiметтер аймақтардың шекарасы мен тиiстi сипаттама түрiнде елдi мекеннiң және қала құрылысын реттеу аумағының масштабты картасымен (сызбасын) ұсынылады. Мысалы: елдi мекен аумағын функционалдық аймақтандыру, экологиялық шектеу аймақтары мен оларға сәйкес айналадағы ортаның ластану параметрi және тiкелей әсерлерiн қосқанда басқа да зиянды факторлар.
      15. Қажет болған жағдайда, осы Тәртiптiң 11,12,13-тармақтарында көрсетiлгеннен өзге, объектi паспортында басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн.
      16. Объектiлердiң әртүрлi аумақтық аймақтарға жататынын және жер учаскелерi, үйлер (ғимараттар), инженерлiк коммуникациялар туралы ақпараттың өзара байланысын анықтау объектiлердiң айрықша нүктелерiнiң координаттары арқылы қамтамасыз етiледi.
      17. Объектi туралы деректер - сандар, мәтiндi жолдар, кодтар және кескiндi бейнелеу түрiнде берiледi. Мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бекiткен мемлекеттiк және жергiлiктi жiктемелiктердi пайдалана отырылып объектiге код берiледi.
 
          III. Кадастрды құру тәртiбi
      18. Базалық деңгейдегi Кадастрды құру мынадай тәртiппен:
      дайындық кезеңi;
      деректердi жинау мен өңдеу;
      Кадастрды ақпараттық жүйесiн құру тәртiбiмен жүргiзiледi.
      19. Жұмыстың дайындық кезеңiнде қолда бар жоспарлау-картографиялық материалдар, жер есеп-қисабының құжаттамасы, аумақтық бөлшектерiн (жоспарлы аудандар мен жоспарлы бiрлiктер - кварталдар, шағын аудандар) бөлу мен кодтау кiретiн елдi мекендер аумағының жоспарлы жүйесiнiң материалдары, елдi мекен шекарасы шегiндегi учаскелердiң бөлiнуi, сәулет-қала құрылысы құжаттамасы, шаруашылық iшiндегi жерге орналасу жобалары, объектiлердi бұрынғы жылдары түгендеу материалдары орындалған түсiрiлiм материалдары, инженерлiк геология, айналадағы орта мен гигиена жайы туралы деректер зерделенiп, талданады. Қажет болған жағдайда белгiленген тәртiппен елдi мекеннiң шекарасын анықтау немесе белгiлеу жөнiндегi жұмыстар кешенi орындалады.
      Кадастр объектiлерiнiң тiзбесi, бөлшектерi көрсетiлген аумақтың жоспарлы желiсiнiң сызбасы, аумақтың экологиялық жағдайының карта сызбасы, тиiстi iздестiрулер, өлшеулер мен басқа да зерттеулер жолымен алынуы қажеттi жетiспейтiн ақпараттың құрамы жұмыстың осы бөлiгiнiң нәтижесi болып табылады.
      Кадастрды құру кезiнде Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi органдарының, басқа да ведомстволар мен қызметтердiң қолда бар ақпараттық материалдары барынша пайдаланылады.
      20. Деректердi жинау мен өңдеу мынадай кезектiлiкпен жүргiзiледi:
      қазiргi құқықтық және техникалық құжаттама негiзiнде объектiлердiң паспорттарын толтыру;
      объектi бойынша талап етiлетiн деректер болмаған жағдайда заттық тексерулер (түгендеу) жүргiзу;
      нәтижелер бойынша Кадастр объектiлерiнiң паспорттарындағы деректер анықталатын объектiлерге түгендеу жүргiзу;
      елдi мекен мен аумақтың кадастрлық картасын құрастыру iске асырылады.
      21. Кадастр картасы Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады және дәл де түбегейлi шешiмдер қабылдау үшiн аумақтар учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамасына өзгертулер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      Қала құрылысы кадастры объектiлерiнiң кеңестiгiн белгiлеу Қазақстан Республикасы Геология және картография Бас басқармасы органдарының келiсiмi бойынша белгiленген координаттар жүйесiнде орындалады.
      ЕСКЕРТУ. 21-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_
      22. Картографиялық материалдар Кадастрдың деңгейiне сәйкес мынадай масштабта орындалады:
      қалалар, селолық елдi мекендер мен өзге де мекен-жайлар мен олардың бөлiктерi үшiн - 1:500, 1:2000, 1:5000, 1:10000;
      аудандар үшiн - 1:25000, 1:50000, 1:100000;
      облыстар аумағы мен олардың бөлiктерi үшiн - 1:10000,1:25000, 1:200000, 1:500000;
      республика аумағы үшiн - 1:1000000, 1:2000000.
      Кадастрды автоматтандырылған тұрғыдан жүргiзу кезiнде картографиялық негiз бiр iзге салынған технология қолданыла отырып электронды карта түрiнде қалыптастырылады.
 
          IV. Кадастрды жүргiзу тәртiбi
      23. Бастапқы деректердiң жиналуын Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бекiткен бiрыңғай нормаларға, ережелер мен әдiстемелiк нұсқауларға сәйкес сәулет және қала құрылысының тиiстi органының кадастрлық қызметi жүзеге асырады.
      Деректер жинаудың мерзiмдiлiгi және оларды жаңартып отыру объектiлердiң түрлерiне, ақпараттың сипатына байланысты болады әрi осы тәртiппен реттеледi.
      24. Жердi пайдалану (жерге иелiк ету) учаскелерi туралы ақпарат жер кадастрының деректерi бойынша қалыптастырылады және объектiлердi әрбiр тiркегенде немесе объектiлер туралы деректер өзгергенде жаңартылып отырады.
      25. Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының материалдары бойынша қалыптастырылған қала құрылысының деректерiн Кадастр қызметi мынадай жағдайда:
      объектiлердi салуға (қайта жаңартуға) рұқсат бергенде және оларды пайдалануға қабылдап алғанда;
      қала құрылысы құжаттамаларын жасағанда (түзеткенде);
      елдi мекендi салудың кезекшi жоспарын тоқсан сайын түзегенде тiркейдi.
      26. Орындау түсiрiлiмдерiнiң топографиялық-геодезиялық жұмысының материалдарын, сондай-ақ пайдалануға берiлген объектiлерi қабаттарының жоспары бар техникалық сипаттамасын құрылыстың тапсырыс берушiсi бiр ай мерзiм iшiнде өңдеу мен тiркеу үшiн базалық деңгейдегi тиiстi Кадастр қызметiне бередi.
      27. Үйлердiң, ғимараттардың, инженерлiк-көлiктiк жүйелердiң пайдаланылуымен және есебiн алумен шұғылданатын қызметтер мен ұйымдардың деректерi объектiлер бойынша деректердiң өзгеруiне орай Кадастрда тiркеледi.
      28. Айналадағы табиғи ортаның жағдайы туралы деректер Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi мен өзге де ведомстволар органдарының, олар кемiнде жылына бiр рет тексеру жүргiзгендегi материалдары бойынша Кадастрда тiркеледi.
      29. Аумақтық инженерлiк-геологиялық сипаттамасы бес жылда бiр рет, гидрогеологиялық сипаттамасы үш жылда бiр рет жаңартылып отырылады.
      30. Кадастрды қағаз жүзiнде де сол секiлдi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйесiн қолдана отырып та жүргiзуге болады.
      31. Кадастрдың автоматтандырылған ақпарат жүйесi мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендер негiзiнде құрылады, олардың қызмет ету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiлейдi.
      32. Кадастрдың объектiлерi туралы ақпараттың дұрыстығы мен уақтылы жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi атқару органдарына өз шешiмiмен тәртiп белгiлеу ұсынылады; сол тәртiп бойынша объектiлерге иелiк жасауға (пайдалануға) құқықтық актiлердi бекiту және құрылыс объектiлерiн пайдалануға қабылдау актiлерiн бекiту Кадастр қызметiнде тiркеуден өткiзумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.
 
           V. Кадастр ақпаратын пайдалану
      33. Мыналар Кадастр ақпаратын пайдаланушылар:
      сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына тапсырыс берушiлер - құрылыс салуға жер таңдау және беру, iздестiруге, жобалауға және құрылыс салуға бастапқы деректер мен рұқсат алу мәселелерi бойынша;
      жобалау, iздестiру және ғылыми-зерттеу ұйымдары - жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi бойынша;
      сәулет және қала құрылысы органдары - сәулет-қала құрылысы тапсырмаларын құрастыру, қала құрылысы құжаттамаларын әзiрлеудi реттеу, жер учаскелерiнiң қала құрылысына игерiлуiне бақылау жасау, қала құрылысы объектiлерi мен өзге де қала құрылысы жұмыстарына мониторинг жүргiзу мәселелерi бойынша;
      Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлiктердi бағалау жөнiндегi мемлекеттiк компаниясының органдары - аумақтық қала құрылысына құндылығын ескере отырып жылжымайтын мүлiктiң құндылық сипаттамасын айқындау мәселелерi бойынша;
      айналадағы орта мен табиғи ресурстарды қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары - табиғи ресурстарды пайдалануға және қалалық және селолық мекендерде айналадағы ортаның жағдайына мониторинг және бақылау жүргiзу, қоршаған ортаны қорғау шараларын қолдану мәселелерi бойынша;
      салық қызметтерi - аумақтық қала құрылысына құндылығын ескере отырып елдi мекендердiң жерлерiне жер салығы мөлшерiн белгiлеу мәселелерi бойынша;
      өзге де заңды және жеке тұлғалар - Кадастр ақпаратын пайдаланушылар болып табылады.
      34. Кадастрдың ақпаратына рұқсат беру ережелерiн Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiлейдi.
      35. Кадастрдың мемлекеттiк құпиясы және өзге де шектеулерi жоқ ақпараты оны алуға ықылас бiлдiрген кез-келген заңды және жеке тұлғаға берiледi. Құпиялық сипаттағы ақпарат тек бұл ақпарат мүддесiне қатысты нақты субъектiлердiң келiсiмiмен берiлуi мүмкiн.
      36. Кадастрды пайдалану қағазға немесе магнит таспасына стандартты ресiмделген кадастр құжаттарымен танысу және (немесе) алу, сондай-ақ тiкелей рұқсат ету арқылы Кадастр деректерiнiң сақталу орнына техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы нысанда жүзеге асырылады.
      37. Кадастр деректерiне тiкелей рұқсат алу құқымен кiретiн пайдаланушылардың тiзбесiн оған өкiмдiк етушi айқындайды.
      38. Кадастр ақпаратына беру тәртiбiн бұзу немесе жалған ақпарат беру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
      39. Кадастрдың ақпаратын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi айқындаған тәртiппен ереже мен мөлшер бойынша деректердi iздеу, өңдеу және сұратуға жауап берудi ресiмдеу жөнiндегi шығындарды төлейдi.
      Кадастр деректерiнiң қалыптасуына атсалысқан министрлiктер мен ведомстволар және олардың жергiлiктi органдары, сондай-ақ басқа кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн ақпарат жеңiлдiк жағдаймен берiледi.
 
           VI. Кадастрды үлестiрушiлер
      40. Мыналар Кадастрды үлестiрушiлер болып табылады:
      базалық деңгейде - қала, аудан әкiмi;
      облыстық деңгейде - облыс әкiмi;
      республикалық деңгейде - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi.
      41. Базалық деңгейдегi Кадастрды үлестiрушi:
      өз деңгейiнде Кадастрдың жасалуын және жүргiзiлуiне бақылауды қамтамасыз етедi;
      Кадастр объектiлерi бойынша деректердiң өзгертiлуiне қала құрылысы мониторингiн қамтамасыз етедi;
      ведомствоға қарасты аумақ бойынша Кадастр үшiн бастапқы ақпарат берушiлердiң тiзбесiн белгiлейдi, өз құзырының шегiнде оның дұрыстығы мен уақытылы берiлуi үшiн жауапкершiлiктi айқындайды;
      жыл сайын 1 наурызға дейiн ведомствоға қарасты аумақтағы қала құрылысы әлеуетiнiң жағдайы мен оның пайдаланылуы туралы баяндаманы бекiтедi және қорыту үшiн облыстық деңгейдегi Кадастр үлестiрушiсiне ұсынады.
      42. Облыстық деңгейдегi Кадастрдың үлестiрушi:
      облыстық деңгейдегi Кадастрдың жасалуын және жүргiзiлуiне бақылауды қамтамасыз етедi;
      Кадастр объектiлерi бойынша деректердiң өзгертiлуiне қала құрылысы мониторингiн қамтамасыз етедi;
      облыс Кадастры үшiн бастапқы ақпарат берушiлердiң тiзбесiн белгiлейдi, өз құзырының шегiнде оның дұрыстығы мен уақтылы берiлуi үшiн жауапкершiлiктi айқындайды;
      базалық деңгейдегi баяндамаларды қорытады, жыл сайын 1 мамырға дейiн ведомствоға қарасты аумақтағы қала құрылысы әлеуетiнiң жағдайы мен оның пайдаланылуы туралы баяндаманы бекiтедi және Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне ұсынады.
      43. Қазақстан Республикасының Кадастрын үлестiрушi:
      Қазақстан Республикасының Кадастрын енгiзуге және оның бiрыңғай ғылыми-әдiстемелiк, нормативтiк-құқықтық базасын құруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және бөлiнген қаражат шегiнде қаржыландырып отырады;
      Кадастрдың барлық деңгейде жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;
      Кадастрды жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай нормаларды, ережелер мен әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi;
      Кадастр үшiн бастапқы ақпарат берушiлердiң тiзбесiн айқындайды;
      облыстық деңгейдегi Кадастрды үлестiрушiлердiң баяндамаларын қорытады және жыл сайын 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне баяндама түсiредi.
 
           VII. Кадастрдың қызметi
      44. Республикалық деңгейдегi Кадастрды жүргiзудi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң кадастрлық қызметi өзiнiң орталық ақпаратының адам саны мен еңбекақы қорының шегiнде жүзеге асырады.
      Базалық және облыстық деңгейдегi Кадастрды жүргiзудi сәулет және қала құрылысы тиiстi органының кадастрлық қызметi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бекiткен бiрыңғай нормаларға, ережелер мен әдiстемелiк нұсқауларға сәйкес жүзеге асырады. Базалық және жергiлiктi деңгейдегi қала құрылысы кадастрының қызметi жергiлiктi атқару органдарының шешiмiмен құрылады. Базалық және облыстық деңгейдегi Кадастр қызметiнiң құрылымы мен штатын Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жасаған және бекiткен үлгi ереже негiзiнде жергiлiктi атқару органдары белгiлеп, бекiтедi. 45. Барлық деңгейдегi Кадастр қызметтерi: ақпараттық деректердi сақтауды, жаңартып отыруды және берудi; Кадастрге кiргiзiлген ақпаратты тiркеудi; архив жүргiзудi; кадастрлық ақпаратты пайдаланушыларға қызмет көрсетудi; тиiстi аумақтағы қала құрылысы әлеуетiнiң жағдайы мен оны пайдалану туралы жыл сайын баяндама әзiрлеп, ұсынуды жүзеге асырады. 46. Ақпарат таратуды барлық деңгейдегi Кадастр қызметтерi жұртшылықты хабардар етiп отыру үшiн Кадастрдың қорытылған деректерiн үнемi жариялап отыру жолымен жүзеге асырады. 47. Республика аумағында Кадастрдың бiрыңғай жүйесiн құрудың бiрiншi кезеңiне: Кадастр қызметi жұмысының құқықтық негiзiн қамтамасыз ететiн тиiстi заңдық, нормативтiк-құқықтық және басқа актiлердi әзiрлеп iске қосу; түрлi деңгейлер үшiн Кадастрды құрудың және жүргiзудiң техникалық жобаларын жасау; бағдарламалық құралдарды жасау (таңдау, алу); Кадастрлық қызметтi ұйымдастыру; бастапқы ақпаратты түгендеу және алғашқы iрiктеу, оны өңдеу, тiркеу және деректер банкiне кiргiзу; Кадастрдың тәжірибелiк пайдаланылуы қамтылады. 48. Кадастрды құрудың және жүргiзудiң техникалық жобасы деректер банкiндегi ақпараттың құрылымы мен құрамын, бағдарламалық және техникалық құралдарға қойылатын талапты, кадастрлық қызметтiң құрамын, оның материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етiлуiн, Кадастрды құрудың мерзiмдерiн, оны құруға және жүргiзуге қажеттi шығындарды, өзiн-өзi ақтауға көшу жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 шiлдедегi N 931 қаулысына ҚОСЫМША
1995-1997 жылдар мерзiмiндегi алғашқы кезеңде Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын құрудың және жүргiзудiң тәжiрибелiк әдiстемесiн тәжірибеден өткiзуге арналған қалалардың, аудандардың және облыстардың Т I З Б Е С I _____________________________________________________________ Қалалардың,ау. | Кадастр| Кадастрды жүргiзуге жауапты дандардың және |қызметiн| ұйым және жобаны жасаушы облыстардың |құру | атауы |мерзiмi | __________________|________|____________________________________ Алматы қаласы 1995 жыл Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң Сәулет және қала құрылысы департаментi "Алматыгенплан" АҚ Алматы облысы 1996 жыл Алматы облыстық құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу комитетi "Алматыгенплан" АҚ соның iшiнде: Қаскелең қаласы 1995 жыл Қаскелең ауданы 1995 жыл Ақмола қаласы 1995 жыл Ақмола облыстық құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу комитетi "Казгипроград" институты Ақтөбе қаласы 1995 жыл Ақтөбе облыстық құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу комитетi "Казгипроград" институты Қарағанды қаласы 1995 жыл Қарағанды облыстық құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу комитетi "Казгипроград" институты
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады