Қазақстан Республикасының Халықтың банкi мен "Тұранбанктiң" Қазақстан-Голландия бiрлескен "Almaty Merchant Bank" банкiн құруға қатысуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 13 шiлде N 957

      Жарғылық қоры екi миллион АҚШ доллары болатын Қазақстан-Голландия бiрлескен "Almaty Merchant Bank" банкiнiң құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Халықтық банкiне және "Тұранбанкке" құрылатын банктiң жарғылық қорынан 10 проценттен үлес иемдене отырып Қазақстан-Голландия бiрлескен "Almaty Merchant Bank" банкiнiң құрылтайшылар құрамына кiруге рұқсат етiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады