1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Рымбек Байсейiтов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумының және Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Семей коммерциялық техникумының негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қаржы институтын құру туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде Семей облыстық қазынашылық басқармасының үйiн, сондай-ақ Семей коммерциялық техникумының оқу корпусы мен жатақханасын мүлкiмен бiрге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қаржы институтының балансына белгiленген тәртiппен тапсыратын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қаржы институтының жарғысын бекiтiп, оның құрылымын, мамандықтары мен мамандандырулар тiзбесiн айқындасын;
1995 жылға арналған республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк қаржы институтын ұстауға және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлiнуiн көздесiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi