Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясы туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 21 шiлде N 1013. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.17. N 609 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. "Қазақ ССР-нiң халық тұтынатын тауарларының сапасы және сауда жөнiндегi мемлекеттiк инспекция туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Советiнiң 1984 жылдың 24 тамыздағы N 358 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1984 ж., N 18, 65-бап);
      "Стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгi мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 шiлдедегi N 566 қаулысымен бекiтiлiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлген өзгертулердiң (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 26, 321-бап) 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1995 жылғы 21 шiлдедегi

                                        N 1013 қаулысымен

                                           БЕКIТIЛГЕН



 
                 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                       сауда инспекциясы туралы
                             Е Р Е Ж Е
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 наурыздағы N 369 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясының мәселелерi" қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясы (Мемсаудаинспекциясы) және тиiстi әкiмшiлiктердiң әкiмдерi құратын облыстық, қалалық сауда инспекциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сауда инспекциясының органдарын құрайды.
      2. Мемсаудаинспекциясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Мемсаудаинспекциясы "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi талаптардың, тұрмыстық қызмет көрсету және сауда ережелерi мен тәртiбiнiң, баға мен тарифтер тәртiбiнiң сақталуына, саудаға сапасыз тауарлардың түспеуiне бақылау жасап отырады.
      Мемсаудаинспекциясының органдары өз құзырының шеңберiнде ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметiн, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жұмысын бақылап отырады.
      4. Қазақстан Республикасының Мемсаудаинспекциясы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау жөнiндегi жұмысын Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетпен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметiмен, мемлекеттiк басқарудың құқық қорғау, қаржы және басқа да органдарымен, сондай-ақ өз құзыры шеңберiнде Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiнде заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарымен өзара байланыс жасай отырып ұйымдастырады.
      5. Облыстық және қалалық сауда инспекциялары:
      - сауда қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарда:
      сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету ережелерiнiң сақталуына тексеру жүргiзедi;
      бағалар мен тарифтердi қолдану, сатып алушылар және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу, кассалық аппараттардың жұмысы мен оларды жабдықтау тәртiбiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      таразы және өлшеу приборларын, сауда, технологиялық және мөлшерлеу жабдықтарын дұрыс пайдаланылуын тексередi;
      азық-түлiк тауарларын сататын көтерме және бөлшек сауда да, қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң лицензиялары бар жоғын-тексерудi жүзеге асырады;
      қолдағы тауарлар мен олардың қозғалысы туралы мәлiметтерi бар құжаттарды тексередi;
      тауарлар мен көрсетiлген қызметтер сапасының нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкестiгi мен сәйкестiк сертификаттардың бар-жоғын тексередi;
      тиiстi және тиiстi емес тауарлар алмасудың ережелерiн, олардың мерзiмдерi мен кепiлдiк пайдалану және жөндеу нормаларының сақталуын бақылайды;
      тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң және олардың жарнамасының сапасы туралы ақпараттың анықтығы мен толықтығын тексередi;
      - сатылған тауарлардың сапасы мен сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының жұмысындағы сауда ережелерiнiң бұзылуы жайында азаматтардың хаттарын, өтiнiштер мен шығымдарын заңдарға сәйкес қарайды;
      - кемшiлiктер мен бұзушылықты жою жөнiнде шаралар қолданып, тексерiс нәтижелерiнiң кеңiнен жарияланылуын қамтамасыз етедi;
      - жергiлiктi жерлердегi тиiстi мемлекеттiк басқару және бақылау органдары мен Қазақстан Республикасының Мемсаудаинспекциясына белгiленген мерзiмде қажеттi ақпаратты табыс етедi.
      6. Республикалық Мемсаудаинспекциясы облыстық және қалалық сауда инспекцияларын жұмысын ұйымдастырып, олардың қызметiне әдiстемелiк басшылық жасайды және бақылауды жүзеге асырады, облыстық және қалалық сауда инспекциялары табыс еткен ақпаратты талдайды және жинақтап, қорытады, мемлекеттiк басқару мен бақылау органдарына тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi шараларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, Мемсаудаинспекциясы кадрларының кәсiби даярлығы деңгейiн арттыру жөнiнде шаралар жүргiзедi, сауда және тұрмыстық қызмет көрсетудiң ережелерiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды, қоғамдық тамақтандыруды өнiмдерi мен халық тұтынатын тауарлардың нормативтiк құжаттары жобаларын әзiрлеуге және қарауға қатысады.
      Қазақстан Республикасы Мемсаудаинспекциясы қызметкерлерi тексеру жүргiзу кезiнде атқаратын мiндеттерi-облыстық және қалалық сауда инспекциялары қызметкерлерiмен бiрдей.
      7. Мемсаудаинспекциясы органдары осы Ережеде белгiленген мiндеттерi мен қызметтерiне сәйкес мына құқықтарға ие:
      меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстығына қарамастан сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына кiрiп тексерудi жүзеге асыруға;
      сатып алушылар мен қызмет көрсетуге тапсырыс берушiлермен есеп айырысудың дұрыстығын анықтау мақсатында бақылау жасау үшiн тауарлар сатып алуға және тауарлардың сапасына зерттеу жүргiзу үшiн олардың үлгiлерiн (сынамаларын) таңдап алуға;
      оларға қорытындылар мен орындалуы тиiс нұсқауларды қосып актiлер жасауға:
      - анықталған сауда және тұрмыстық қызмет көрсетудiң, бағалар мен тарифтердiң ережелерiн, тауар шығару мен қызмет көрсету кезiнде технологиялық тәртiп бұзушылықты жою туралы;
      - азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қауіпті (зиянды) және сақталу мерзiмi өтiп кеткен сапасыз тауарларды сатудан алып тастау туралы;
      - нормативтiк құжаттаманың талаптарына сай келмейтiн, сәйкестiк сертификаттары мен кiрiс құжаттары жоқ, тауарлардың сондай-ақ қолданылатын тәртiпке сәйкес белгiленгенiмен, акциз маркасы жоқ өнiмдердiң сатылудан алынуы туралы;
      - тез бұзылмайтын тауарларды сатудан алып тастау және оларды белгiленген сақтау мен сату мерзiмдерiн ұзарту үшiн Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындылауына жiберу туралы;
      - тауарлар мен қызметтердiң сақтау мерзiмдерi мен шарттарының бұзылуына байланысты сапасының төмендеуi есебiнен жол берiлген шығындарды өтеу туралы;
      - бұзылған, мерзiмдерi өтiп кеткен немесе мемлекеттiк тексеру таңбасы жоқ салмақ өлшейтiн приборлар мен өлшемдердi пайдалануға тыйым салу туралы;
      - сауда жасасушы кәсiпорындар қолданбаған жағдайда тауар берушiлерге сапасы нашар өнiм бергенi үшiн белгiленген мөлшерде айып салып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аудару туралы;
      тауар алушылардың өтiнiштерi бойынша өнiмдi сараптан өткiзуге және қорытынды беруге;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет пен оның аймақтық органдарына адамдардың өмiрiне қауiптi (зиянды) тауарлардың сатылуына тыйым салу немесе өндiрiсiн тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге;
      "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңның нормаларын бұзушы адамдарды жауапкершiлiкке тарту үшiн құқық қорғау және бақылау органдарына материалдар беруге;
      - Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдарына шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бағалар мен тарифтер тәртiбiн бұзу нәтижесiнде алған сомаларын бюджет кiрiсiне алу туралы ұсыныстарын жiберуге;
      тиiстi басқару және бақылау органдарына сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, кассалық және тауар операцияларын жүргiзу ережелерiнiң, бағалар және тарифтер тәртiбiнiң бұзылуы жөнiнде, маркалануға жатқанымен, маркаланбаған тауарларды сату фактiлер бойынша материалдарды жiберуге;
      халық тұтынатын тауарлар дайындайтын кәсiпорындардың көркемдiк-техникалық кеңестерi мен аттестация және дегустация комиссияларының жұмысына қатысуға;
      сауда және тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерi бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге консультациялар мен түсiнiктемелер беруге;
      басшыларымен келiсе отырып, сауда және қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары мен ұйымдарының мамандарын, тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi қоғамдардың және басқа қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiн тексеру жүргiзуге тартуға;
      сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары мен ұйымдарынан Мемсаудаинспекциясына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi материалдар мен түсiнiктемелердi талап етуге.
      8. Мемсаудаинспекциясының лауазымды адамдары мен мамандары Қазақстан Республикасының заңдары мен тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындары мен азаматтардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға мiндеттi.
      9. Мемсаудаинспекциясының қызметкерлерi өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының күшiндегi заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
      10. Облыстық және қалалық Мемсаудаинспекциясының органдары қабылдаған шешiмдерi мен нұсқамаларына Қазақстан Республикасының Мемсаудаинспекциясына бiр айдың iшiнде шағым берiлуi немесе сот арқылы заңда белгiленген тәртiппен дауласуы мүмкiн.
      11. Республикалық Мемсаудаинспекциясын Қазақстан Республикасы, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын бастық басқарады. Оның орынбасары мен мамандар Мемсаудаинспекциясы бастығының бұйрығымен тағайындалады.
      Облыстық және қалалық сауда инспекцияларының бастықтарын тиiстi әкiмдер қызметке тағайындайды және босатады.
      12. Қазақстан Республикасы Мемсаудаинспекциясы аппаратының құрылымын Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, ал штаттық кестесiн Қазақстан Республикасы Мемсаудаинспекциясының бастығы бекiтедi.
      Облыстық және қалалық сауда инспекцияларының штаттық кестесiн тиiстi әкiмдер белгiленген қызметкерлер саны мен еңбекақы қоры шегiнде бекiтедi.
      Республикалық Мемсаудаинспекциясын ұстау республикалық бюджет қаржысының есебiнен, ал, облыстық және қалалық сауда инспекциялары жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      13. Қазақстан Республикасы Мемсаудаинспекциясы облыстық және қалалық сауда инспекциялары заңдық тұлғалар болып табылады, олардың банк мекемелерiнде есепшоттары мен белгiленген үлгiдегi мөрi болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады