Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 сәуiрдегi N 599 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 31 шiлде N 1040. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Лизинг жөнiндегi департаменттiң қызмет мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Лизинг жөнiндегi департамент туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 сәуiрдегi N 599 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы. 1995 ж., N 16, 180-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      5-тармақтан "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қызметкерлерiнiң саны шегiнде" сөздерi алынып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      "6. Лизинг жөнiндегi департамент аппаратын ұстаудың шығындарын қаржыландыру мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады".
      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады