1. Бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру және шет елде кадрлар даярлау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылсын (1 қосымша).
2. Бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру
және шет елде кадрлар даярлау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (2 қосымша). 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi тиiстi министрлiктер және ведомстволармен бiрлесiп шет елдердiң орталықтарында студенттер мен аспиранттар даярлау үшiн техникалық көмек займдарының шеңберiнде жыл сайын квота бөлудi қарастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы N 1066 қаулысына 1 ҚОСЫМША Бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру және шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның Қ Ұ Р А М Ы Тасмағанбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер- министрiнiң орынбасары, төраға Жұрынов М.Ж. - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрi,төрағаның орынбасары Көшербаев К.Е. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының орынбасары, Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi, төрағаның орынбасары Алмасов А.Н. - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi Сыртқы байланыстар басқармасы бастығының орынбасары, хатшы Комиссия мүшелерi Алшанов Р.А - "Тұран" тәуелсiз университетiнiң ректоры Ахметов А.К. - Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетiнiң ректоры Ахметбеков М.У. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Кадрларды үйлестiру мен даярлау басқармасының бастығы Байзақов С.Б. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Төрағасының бас ғылыми хатшысы Исағалиев К.К. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi мәдени байланыстар, гуманитарлық ынтымақтастық және ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi басқармасының бастығы Құлжанов М.Қ. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Құсайынов Ә.А. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының Iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары Шайхутдинов Е.М. - Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң ректоры Түсеева М.К. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Әлеуметтiк дамуды қаржыландыру басқармасының бастығы Зинченко В.А. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Кадрлар және оқу орындары басқармасының бастығы Приходько Н.И. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қоғамдық тәртiптi сақтау бас басқармасының бастығы Сманов Б.Ө. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iстерi жөнiндегi кеңестiң жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы N 1066 қаулысына 2 ҚОСЫМША
Бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды
үйлестiру және шетелдерде кадрлар даярлау
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
Е Р Е Ж Е
1. Осы Ереже бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру және шетелдерде кадрлар даярлау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) мақсаттарын, мiндеттерiн, негiзгi қызметiн және мiндеттiлiгiн айқындайды.
2. Ведомствоаралық комиссия өзiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк актiлерiн басшылыққа алады.
Ведомствоаралық комиссияның оның құзыры шеңберiндегi шешiмдерi министрлiктер, ведомстволар, бiлiм берудiң мемлекеттiк емес мекемелерiне және басқа бiрлестiктер үшiн мiндеттi.
3. Ведомствоаралық комиссияны құрудың мақсаты студенттер мен аспиранттарды шетелдегi ғылыми және оқу орталықтарында даярлауды үйлестiру болып табылады.
4. Мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес Ведомствоаралық комиссияға мынадай қызметтер жүктеледi:
министрлiктер, ведомстволар, оқу орындары, меншiк нысандарына қарамастан ғылыми-зерттеу мекемелерi, концерндер, ассоциациялар және басқа шаруашылық құрылымдары ұсынған шетелде мамандар даярлау жөнiндегi жобалар мен бағдарламаларды қарау;
шетелдегi оқу және ғылыми орталықтармен байланыс орнату және олармен студенттер мен аспиранттарды оқытудың шартын келiсу;
шетелде кадрлар даярлаудың басым бағыттарын қаржыландыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзу.
5. Ведомствоаралық комиссия:
студенттер мен аспиранттарды шетелде оқытуға байланысты жекелеген мәселелердi зерделеу үшiн жұмыс тобын құруға;
бiлiм беру және шетелде кадрлар даярлау саласындағы сыртқы байланыстар мәселелерi бойынша олар жүргiзген жұмыс туралы мемлекеттiк басқару және атқару өкiмет органдары басшыларының ақпараттары мен есептерiн өз мәжiлістерiнде тыңдауға құқылы.
6. Ведомствоаралық комиссияның мәжiлiсi оның жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi. Жоспардан тыс мәжiлiс қажеттiлiгiне қарай комиссия төрағасының шешiмiмен өткiзiледi.
7. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның қызметiн жұмыс жоспарына сәйкес қамтамасыз етедi, төраға орынбасарының және комиссия мүшелерiнiң өкiлеттiгiн айқындайды.
8. Ведомствоаралық комиссияның шешiмi оның мәжiлiске қатысқан мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
9. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi болып табылады.