1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Ұлттық ғылым академиясымен келiсiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Тарихи-мәдени мұралар департаментiн жою туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Тарихи- мәдени мұралар департаментiнiң құрамына кiретiн:
материалдық мәдени ескерткiштердiң ғылыми-зерттеу және жобалау институты мен "Алматыреставрация" басқармасы тiкелей Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарамағына;
қорықтар-мұражайлар - оларды құрған облыстардың жергiлiктi бюджеттерi есебiнен ұстауға, ал облыстық қалпына келтiру шеберханалары - жергiлiктi атқару органдарының қарамағына берiлсiн.
3. Материалдық мәдени ескерткiштердiң ғылыми-зерттеу және жобалау институтына, "Алматыреставрация" басқармасына, облыстық қалпына келтiру шеберханаларына бұрын "Қазреставрация" тресi үшiн белгiленген шығынның сметалық құнындағы үстеме шығыстардың шектi нормалары және өндiрiстiк базаны дамыту жөнiндегi шығындарды қаржыландыруға тарихи және мәдени ескерткiштердi қалпына келтiру жөнiндегi атқарылған жұмыстардың құнынан тапсырыс берушiлер аударатын қаражаттың мөлшерi сақталсын.
4. Қазақстан Республикасының Мәдени министрлiгi жұмыс iстеп жатқан штаттағы адамдар есебiнен өз құрамында тарихи-мәдени ескерткiштердi қорғау бөлiмiн құратын болсын.
5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң тарихи-мәдени мұралар департаментiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 шiлдедегi N 621 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж,. N 29, 349-бап) 1-тармағындағы үшiншi абзацтың, 2 және 3-тармақтарының күштерi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi