Қазақстанның мұнай және газ биржасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 11 тамыз N 1116

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң Қазақстанның Мұнай және газ биржасын құру жөнiндегi бастамашылығы мақұлдансын.
      2. "Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия туралы, тауар биржаларына лицензия беру және Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияның құрамы туралы Ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 мамырдағы N 755 P950755_ қаулысына сәйкес Қазақстанның Мұнай және газ биржасының биржалық лицензия алуға өтiнiшiн Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия белгiленген тәртiппен қарасын.
      3. "Тауар биржалары" туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2170 U952170_ Заң күшi бар Жарлығының негiзiнде Қазақстанның Мұнай және газ биржасы биржалық лицензия алғаннан кейiн "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 P951035_ қаулысына сәйкес СЭҚ ТН кодтары 2709, 271000330, 271000350, 271000510, 271000690, 271000790 өңделмеген мұнай (газ конденсатын қоса) және оның өңделген өнiмдерiн экспортқа сату жөнiндегi биржалық мәмiлелердi жүзеге асыруға құқылы.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады