"Құрылыс материалдары" мемлекеттiк холдинг компаниясының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 23 тамыз N 1161

      Үкiметтiң реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi iс-қимыл Бағдарламасына сәйкес, бәсекенi дамыту, жекешелендiру процесiн жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң нормативтiк құжаттарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен сәйкестендiру қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Құрылыс материалдары" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қосымшаға сәйкес сататын мемлекеттiк акциялар пакеттерiн "Құрылыс материалдары" мемлекеттiк холдинг компаниясының иелену, пайдалану және басқару құқықтарын тоқтатсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Құрылыс материалдары" мемлекеттiк холдинг компаниясының мемлекеттiк акциялар пакетiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне сатуға берсiн.
      3."Құрылыс материалдары" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы " /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 380-бап/ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 тамыздағы N 727 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 тамыздағы N 1161 қаулысына қосымша


          "Құрылыс материалдары" МХК мемлекеттiк акциялар
           пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығы
               тоқтатылатын акционерлiк қоғамдардың
                       Т I З Б Е С I
      "Оргтехпром" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы;
      "Ақтөбе құрылыс материалдары зауыты" /Актюбинский ЗССМ/
      акционерлiк қоғамы, Ақтөбе қаласы;
      "Силикатчик" акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы;
      "Темиртауский комбинат промстройиндустрия" акционерлiк
       қоғамы, Қарағанды облысы;
      "Актауцемремонт" акционерлiк қоғамы, Қарағанды облысы;
      "Караганданеруд" акционерлiк қоғамы, Қарағанды облысы;
      "Құрылысматериалдары" акционерлiк қоғамы, Қызылорда қаласы;
      "Көкшетаунеруд" акционерлiк қоғамы, Көкшетау облысы;
      "Кристалл" акционерлiк қоғамы, Павлодар облысы;
      "Текелi кiрпiш зауыты" акционерлiк қоғамы, Талдықорған
       облысы;
      "Құрылысматериалдары" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы;
      "Оргпроектцемент" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады