Экспорт контрактыларын тiркеу тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 26 тамыз N 1190. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.03.12. N 298 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) экспорттау және импорттау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1002 қаулысына 3 қосымшада "Олардың экспортталу контрактылары тіркелетiн стратегиялық маңызы бар тауарлардың Тiзбесiнде" белгiленген тауарлардың номенклатурасы бойынша қоса берiлiп отырған экспорттық контрактыларды тiркеу Тәртiбi бекiтiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1995 жылғы 26 тамыздағы
                                            N 1190 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Экспорттық контрактыларды тiркеу тәртiбi
      1. Осы экспорттық контрактыларды тiркеу тәртiбiнiң бұлжымас мәлiмдемелiк сипаты бар және ол "Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) экспорттау және импорттау тәртiбi туралы" (3 қосымша) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi қаулысымен белгiленген, олардың экспортталу контрактылары тiркелетiн Стратегиялық маңызы бар тауарлардың тiзбесiне ғана жүредi.
      2. Экспорттық контрактыларды тiркеудi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен оның жергiлiктi органдары тек қана есепке алу мақсатында жүргiзедi, контрактыны тiркеген ұйымның мөртаңбасымен расталып, жауапты адамның қолы экспорттық контрактының түпнұсқасына тiкелей қойылады.
      3. Экспорттық контрактыны тiркеу және мәлiметтердiң республикалық банкiн құру үшiн экспорттаушы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне немесе оның жергiлiктi органына қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш, экспорттық контрактының түпнұсқасы мен көшiрмесiн, ал биржалық тауарлар бойынша (стратегиялық маңызы бар деп саналатын) "Биржалық тауарлардың Тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына сәйкес тауар биржалары беретiн куәлiктi тапсырады. Экспорттаушы аталған құжаттарды тапсырған мезеттен бiр тәулiк iшiнде контрактыларды тiркеу жүргiзiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде немесе оның жергiлiктi органдарында экспорттық контрактының тiркелгенi туралы мөртаңба, ал, стратегиялық маңызы бар деп саналатын биржалық тауарлар бойынша тауар биржалары беретiн куәлiктер кеден органдарының тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға негiз болып табылады.
      5. Экспорттық контрактының шарттары өзгерген жағдайда экспорттаушы оны қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне немесе оның жергiлiктi органдарына тапсырады.
      6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде немесе оның жергiлiктi органдарында экспорттық контрактылардың тiркелгенi үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген мөлшерде төлем ақы алынады және тиiсiнше республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне есептеледi.
      7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi экспорттық контрактыларды тiркеу негiзiнде стратегиялық маңызы бар тауарларды экспорттау бойынша мәлiметтердiң республикалық банкiн есептеудi жүргiзiп, тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсырады, ал, олардың сұрау салуы бойынша республикалық мәлiметтер банкiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiне тапсырады.
 

                                       Қосымша



 
              Экспорттық контрактыны тiркеуге

 

                     Өтiнiш

1. Сатушы, оның мекен-жайы___________________________тiркеу коды

                                                     ------------

                                                     |          |

                                                     ------------

-----------------------------------------------------

2. Тауарды жасаушы:__________________________________тiркеу коды

                                                     ___________

                                                     |         |

                                                     -----------

_____________________________________________________

3. Жасаған елi:______________________________________

4. Контрактының N ___________________________________күнi

   күшiндегi мерзiмi___________   ___________________

5. Сатып алушы:______________________________________

_____________________________________________________

6. Сатып алушының елi:_______________________________

7. Тауар берудiң негiзi:_____________________________

8. Төлемнiң шарты:___________________________________

9. Есеп айырысу шарты _______________________________

10. Төлем валютасы: _________________________________

11. Тауардың атауы:__________________________________СЭК ТН коды

                                                     -----------

                                                     |         |

                                                     -----------

_____________________________________________________

12. Өлшем бiрлiгi:   13. Саны:   14. Белгiлi бiрлiктiң бағасы

    --------------   ---------   ----------------------------

15. Төлем валютасындағы сома, мың____________________________

16. АҚШ долларындағы сомасы, мың_____________________________

17. Сатушы ұйым басшысының

    аты-жөнi, тегi __________________________________________


    Мөрдiң                             _________________ қолы

    орны                               _________________ күнi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады