Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 1 қыркүйек N 1212. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.08.03. N 1176 қаулысымен. ~P001176


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     "Қарудың жекелеген түрлерi айналымын мемлекеттiк бақылау
туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөнiндегi
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 2 ақпандағы N 110  

P950110_

  қаулысына мынадай толықтырулар
енгiзiлсiн.
     Аталған қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасындағы
қарудың жекелеген түрлерi айналымының ережелерi" деген N 1
қосымша мынадай редакцияда мазмұндалған N 19-а қосымшасымен
толықтырылсын:
                                       "N 19-а қосымша
            Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
        жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi
     комитеттiң ведомстволық әскериленген күзетiн қаруландыруға
              арналған қарулар мен оның оқ-дәрiлерiнiң
                          Н О Р М А Л А Р Ы
            I. ҚАРУЛАНДЫРУ НОРМАЛАРЫ
     Әскерилендiрiлген күзет    - бiр шолғыншыға немесе постқа иiр
                                  ойықты 2 қару
     Қару резервi               - қаруы бар әрбiр 10 адамға 1 қару

            II. ОҚ-ДӘРI НОРМАЛАРЫ
_______________________________________________________________________
Күзет атауы және  | Уақыт бiрлiгiне | Бiр жылғы шығыс
қару түрi         | қарай кемiмейтiн|----------------------------------
                  | запас           | практика үшiн | ұрысты тексеру
                  |                 | 1 адамға      | үшiн (1 бiрлiкке)
-----------------------------------------------------------------------
Карабинге                60                10        8 (қаруды жылына
                                                        екi тексеру)
пистолетке               32                12        8 (қаруды жылына
                                                        екi тексеру)
револьверге              28                12        8 (қаруды жылына
әскерилендiрiлген күзет                                  екi тексеру)
     Ескертпе: 1. Ұрыс қаруларын тексеруге көзделген оқ-дәрiлердi
басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
     2. Ұрыс қаруларына жылына екi рет тексеру жүргiзу қажеттiгiн
ВӘК командасының бастығы бекiтедi.

            Ведомстволық әскерилендiрiлген күзеттiң жеке құрамы
               төмендегiдей қарулана алады:
-----------------------------------------------------------------------
                                 |   Карабин   |   Тапанша, револьвер
-----------------------------------------------------------------------
ВӘК командасының бастығы                               1
ВӘК жедел топ бастығы (қарауыл)                        1
Шолғындағы, Iшкi постағы және
БӨП-дегi мерген-өрт сөндiрушi                          1
     Ескертпе: Шолғынға шыққан IӘБ қызметкерлерi қажет болғанда
карабинмен қарулануы мүмкiн.


      IӘБ жеке құрамымен үйрену мақсаты және мергендiк жаттықтыру өткiзу үшiн командаға жаттығу карабинi мен шағын калибрлi пистолет алуға рұқсат етiледi":
      "Қызметтiк-штаттық қару (тапанша) сақтауға және ұстауға құқық берiлген лауазымды адамдардың тiзбесi" атты N 3 қосымшасындағы "Қазақ интернационалдық банкi директорлары Кеңесiнiң төрағасы" сөздерiнен кейiн мынадай сөздерiмен толықтырылсын:
      "Алматы темiржол басқармасының бастығы
       Тың темiржол басқармасының бастығы
       Батыс-Қазақстан темiржол басқармасының бастығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қазақ клиникалық және эксперименттiк хирургия ғылыми-зерттеу институтының директоры.
      "Қазхром" ұлтаралық акционерлiк компаниясының президентi".
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады