"Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамына инвестициялар тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 1 қыркүйек N 1215

      Республиканың боксит-глинозем кешенiндегi кәсiпорындарды сауықтыру және инвестициялар құюға тартылуы мүмкiн инвесторлардың тұрақты тобын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамының жарғы қорының 37,5 процентi мөлшерiндегi мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне бiр апта мерзiмде берсiн;
      <*>
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Уайтсвен Лимитед" фирмасы арасындағы 1994 жылғы 13 желтоқсандағы N 22-51/42 басқару туралы шартқа осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қажеттi толықтыруларды екi апта мерзiмде енгiзсiн.
      Ескерту. 1-тармақтың 3-тармақшасы күшiн жойды - ҚРМК-нiң
               1995.10.11. N 1318 қаулысымен. P951318_
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамы мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн 1995 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн мынадай ретпен сатсын;
      жарғы қорындағы акциялардың 2,5 процентi жаппай

жекешелендiрудiң шеңберiндегi купон аукциондарында;
     жарғы қорындағы акциялардың 5 процентi Орталық Азия қор
биржасында;
     жарғы қорындағы акциялардың 30 процентi алдын ала келiсiлген
шарттармен белгiленген инвестор - "Уайтсвен Лимитед" басқарушы
фирмасына.
     3. "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамының жарғы
қоры акцияларының 52,5 процентi мөлшерiнде мемлекеттiк акциялар
пакетiнiң сатылмаған бөлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң иелiгiнде 
қалдырылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады