1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi 1 қосымшада тiзбеленген мұнай мен орындарын оларды әзiрлеуге тарту "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 тамыздағы N 886 қаулысымен P940886_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 34, 372-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртiбi туралы Ережеге сәйкес белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын Республикалық қорға енгiзiлсiн.
2. "Жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар өндiру және өзге мақсаттарға пайдалану үшiн беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 377 P940377_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1994 ж., N 18, 183-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өтпеген контрактiлердiң күшi тоқтатылсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi 2 қосымшаға сәйкес жойылды деп саналсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1257 қаулысына 1 қосымша Республикалық қорға қайтарылуға жататын кен орындарының ТIЗБЕСI ----------------------------------------------------------------- Кен орындарының Алынатын қорлар атауы (млн. тонна) ----------------------------------------------------------------- Жұбантам 0.15 Дәулеталы 0.13 Жолдыбай 0.483 Қисымбай 1.5 Аққұдық 0.6 Қараған 0.2 Мәтiн 2.19 Новобогат Ю-В 1.157 Жыланқабақ 0.8 Төлеген 0.405 Жыңғылды 0.415 Әлiмбай 0.214 Грядовая 0.9 Қырықмылтық 4.6 Кемеркөл 2.7 Қожа 1.55 Айыртау Қарақұдық 1.0 Сазан-Құрақ 1.5
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 қыркүйектегi N 1257 қаулысына 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Атырау облысын әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламасын қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 382 қаулысы.
2. "Атырау облысының Мәтiн кен орнында жете барлау жүргiзу, оны әзiрлеу және мұнай өндiру жөнiнде "Мунекс Ойл Аг" компаниясымен (Швейцария) өнiмдi бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 ақпандағы N 187 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 10, 100-бап).
3. "Атырау облысының Қырықмылтық кен орнында жете барлау жүргiзу, оны әзiрлеу және мұнай өндiру жөнiнде "Эрдель-Эрдгаз Гоммерн ГМБХ" және "Селект Энержи Трейдинг ГМБХ" (Германия) компанияларымен өнiмдi бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 427 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 13 ақпандағы N 58 өкiмi.