Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 8 тамыз N 886. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.08.16. N 1017 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар өндiру және өзге мақсаттарға пайдалану үшiн беру тәртiбi туралы" 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 377 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртiбi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын

 

қорғау министрлiгi 1995 жылғы 30 наурызға дейiн өтiнiмдер мен

лицензиялық құжаттарды қарасын және Қазақстан Республикасында

жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртiбi туралы Ережеге сәйкес

барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдардың қазiргi қолданылып жүрген

және жобаланып отырған жер қойнауын пайдалану жөнiндегi

лицензияларының бәрiн белгiленген тәртiппен Қазақстан

Республикасының Үкiметiнде бекiтетiн болсын.

            Қазақстан Республикасының

              Премьер-министрi



                   Қазақстан Республикасының

                      Министрлер Кабинетi






            Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды

                      лицензиялау тәртiбi туралы

                              Ереже






                           1994 жылғы

                             шiлде



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 8 тамыздағы

                                           N 886 қаулысымен

                                            Бекiтiлген



 
              Қазақстан Республикасында жер қойнауын
             пайдалануды лицензиялау тәртiбi туралы
                          Ереже
                    1. Жалпы қағидалар
      1.1 Осы Ереже Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне, 1993 жылғы 31 наурыздағы N 2063-X Қазақстан Республикасының Су Кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң: "Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 1637, "Мұнай операциясы туралы" 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1662 жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар өндiру және өзге мақсаттарға пайдалану үшiн беру тәртiбi туралы" 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 377 қаулысына сәйкес әзiрлендi және жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, пайдалы қазбалар өндiрумен байланысты емес жерасты ғимараттарын салу мен пайдалану, кен өндiру өндiрiсi мен соған байланысты ұқсату өндiрiсiнiң қалдықтарын пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар берудiң және жер қойнауын өзге мақсаттарға пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
 
                    2. Лицензиялау объектiлерi, лицензиялар,
                       лицензиялардың иегерлерi
      2.1 Олардың шегiнде рұқсат етiлген қызмет жүзеге асырылатын жер қойнауының учаскелерi, сондай-ақ кен өндiру өндiрiсi мен соған байланысты ұқсату өндiрiсiнiң қалдықтары лицензиялау объектiлерi болып табылады.
      2.2 Лицензия оған иелiк етушiнiң белгiлi бiр шекарада аталған мақсатқа сәйкес белгiленген мерзiм бойы күнi бұрын келiсiлген талаптар мен шарттарды сақтай отырып, жер қойнауы учаскесiн, сондай-ақ кен өндiру өндiрiсi мен соған байланысты ұқсату өндiрiсiнiң қалдықтарын пайдалануына құқығын куәландырушы құжат болып табылады (N 3 қосымша).
      2.3 Ұсынылып отырған лицензия жер қойнауының нақты түрiн пайдалануды жүзеге асырудағы лицензиаттың құқығын заңды түрде бекiтiп бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiмен немесе облыстардың әкiмдерiмен (кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша) контракт (шарт) жасау шарттары мен мерзiмдерiн және оған қол қою үшiн тiркелген уақыт кезеңiн белгiлейдi.
      2.4 Контракт (шарт) оның негiзiнде жатқан лицензияға сәйкес келуге тиiс. Контрактiнiң лицензияға қайшы келетiн ережелерiнiң күшi болмайды. Жер қойнауын пайдалануға үкiмет лицензиясын алған адаммен келiссөз жүргiзудi және контрактi (шартты) әзiрлеудi әрбiр нақтылы жағдайда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген құзырлы орган, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - облыстардың әкiмдерi жүзеге асырады.
      2.5 Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану түрлерiне сәйкес лицензиялардың мынадай түрлерi:
      жер қойнауын геологиялық зерделеуге арналған лицензия;
      пайдалы қазбалар өндiруге және жер қойнауын өзге мақсаттарға пайдалануға арналған лицензия, соның iшiнде жерасты ғимараттарын салу мен пайдалануға, қалдықтарды көмуге және басқаға арналған лицензия;
      геологиялық зерделеуге және сол аумақ шегiнде орналасқан пайдалы қазбаларды өндiруге (кешендi түрде) арналған лицензия берiледi.
      2.6 Жер қойнауының учаскелерi берiлетiн жер қойнауы учаскесiнiң шекарасы белгiленген, оның шегiнде лицензияда аталған жұмыстарды жүзеге асыру рұқсат етiлетiн геологиялық және кен бөлiктерiнiң қосымшасы бар лицензия негiзiнде пайдалануға берiледi. Шекараның дәлме-дәл сипаттамасы мен координаттық байламы болуға тиiс. Жер қойнауы учаскесiнiң шекарасы барынша iргелес және мүмкiндiгiне қарай тура желiлермен шектелуге тиiс. Бөлiнген учаскенiң шекарасына ұрымтал тұста жер қойнауын пайдалануға байланысты қандай да болсын қызмет жасауға тиым салынады.
      2.7 Егер Қазақстан Республикасының заңдылық актiлерiмен өзгеше көзделмесе, меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, соның iшiнде заңды ұйымдар мен басқа мемлекеттердiң азаматтары лицензиялардың иелерi бола алады. Лицензиялардың иегерлерi лицензияда ұйғарылған құқықтың бәрiн пайдаланады әрi оның шарттарының сақталуы үшiн жауап бередi.
 
                    3. Жер қойнауын геологиялық зерделеуге
                            арналған лицензия
      3.1 Геологиялық зерделеуге арналған жер қойнауының учаскесiне лицензия геологиялық бөлiк қосымшасымен бiрге берiледi. Онда осы учаскенiң түпкiрiне қарай шектеуi бар немесе мұндай шектеусiз алаң белгiленедi. Түбiне қарай шектеу жоғарғы жағынан метрмен есептелiп белгiленiлуi немесе белгiлi бiр геологиялық жiкке (литологиялық, жас мөлшерлiлiк, тектоникалық және басқа) байланылуы мүмкiн.
      3.2 Сол бiр геологиялық бөлiктiң шекарасында бiр тектес те, сондай-ақ өзiнiң нысаналы мақсаты бойынша әр түрлi де бiрнеше лицензиялар бойынша жер қойнауын геологиялық зерделеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлуi мүмкiн. Бiр геологиялық бөлiк шекарасында өз қызметiн жүзеге асыратын лицензиялар иегерлерi арасындағы өзара қарым-қатынас берiлетiн лицензияларда белгiленедi.
      3.3 Геологиялық зерделеуге арналған лицензия пайдалы қазбаның лицензияда аталған сол түрiн (немесе түрлерiн) ғана зерделеуге құқық бередi, сондай-ақ геологиялық лицензияда ұйғарылған шарттарды орындаған жағдайда пайдалы қазбаларды өндiруге арналған лицензияны алуға басымдық құқығын бередi.
      3.4 Егер геологиялық зерделеу (iздестiру) барысында жаңадан табылған немесе бұрын табылған пайдалы қазбаның кен орны берiлген геологиялық бөлiктен тысқары жатқан жағдайда иегердiң өтiнiмi бойынша лицензия толықтырыла алады, ал жер қойнауының учаскесi оған бүкiл кен орны енетiндей болып ұлғайтыла алады.
      3.5 Iздестiру жұмыстарына арналған лицензияның иегерi сол жұмыстардың жүргiзiлуiне қарай жер қойнауын пайдалану құқығы үшiн төлемдi тиiсiнше қайта есептете отырып, бөлiнген геологиялық бөлiктiң бiр бөлiгiнен бас тарта алады.
      3.6 Мыналарды:
      аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстарды жүргiзу, геологиялық және инженерлiк-геологиялық түсiрiлiмдердi, инженерлiк-геологиялық iздестiрулердi, ғылыми-зерттеу (теңiздiк ғылыми зерттеулердi қосқанда), тақырыптық палеонтологиялық және жер қойнауын жалпы зерделеуге бағытталған басқа да жұмыстарды, жер сiлкiнулердi болжамдау, табиғи ортаның мониторингiн құру мен жүргiзу жөнiндегi геологиялық жұмыстарды, жерасты суларының режимiн бақылау, сондай-ақ жер қойнауының тұтастығына онша нұқсан келтiрмей атқарылатын өзге де жұмыстарды жүргiзу құқығына лицензиялар алу талап етiлмейдi. Аталған жұмыстардың жүргiзiлуiне рұқсатты Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi (бұдан әрi текст бойынша - Геологияминi) немесе оның аумақтық басқармалары бередi.
      Минералогиялық, палеонтологиялық және басқа да геологиялық коллекциялық материалдарды жинау құқығына рұқсат беру тәртiбiн Геологияминi белгiлейдi.
 
                    4. Пайдалы қазбалар өндiруге арналған
                                лицензия
      4.1 Пайдалы қазбалар өндiруге, жер қойнауын өзге мақсаттарға пайдалануға арналған, соның iшiнде пайдалы қазбалар өндiрумен байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға, пайдалануға, қалдықтарды көмуге, жер қойнауының айрықша күзетiлетiн учаскелерiн ұйымдастыруға арналған жер қойнауы учаскесiне лицензия кен бөлiгi қосымшасымен бiрге берiледi.
      4.2 Кен бөлiгiнiң шекарасын белгiлеген кезде пайдалану объектiсiн айқындайтын жер қойнауы учаскесiнiң мөлшерi ғана емес, сонымен бiрге жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстардың технологиялық әсер ету аймағы да (кiре берiстегi және пайдаланылудағы кен қазбалары, күзет нысаналары және басқасы) ескерiледi. Кен бөлiгiнiң түпкiрiне қарай шектеуi болуға тиiс. Жер астынан iшетiн және минералдық сулар шығару үшiн жер қойнауы учаскелерiн берген кезде кен бөлiгiнiң шекарасы әрбiр нақтылы жағдайда негiзделуi тиiс. Әдетте, ол санитарлық күзеттiң қатаң режимi аймағының шекарасы болады.
      4.3 Кен бөлiгiнiң шекарасы жер қойнауын пайдаланудың жобасы жасалып, келiсiлгеннен кейiн дәлденуi мүмкiн.
      4.4 Пайдалы қазбаларды өндiруге арналған лицензия кен орындарын игеруге, сондай-ақ кен шығару және ұқсату өндiрiсiнiң қалдықтарын ұқсатуға рұқсат бередi. Қазақстан Республикасының Су Кодексiне сәйкес берiлген суды арнайы пайдалануға рұқсат жерасты сулары кен орындарын игеруге арналған лицензия болып табылады.
      4.5 Лицензия бүкiл кен орнын немесе оның жеке бөлiгiн игеруге берiле алады.
      Бiр кен орнын әртүрлi пайдаланушылар игеруi мүмкiн. Бұл ретте игерудiң технологиялық және басқа шарттары берiлетiн кен лицензияларында айтылады.
      4.6 Пайдалы қазбалар өндiруге арналған лицензия иегерiнiң берiлген кен бөлiгiнiң шегiнде оның өндiруге байланысты жер қойнауын геологиялық зерделеу жөнiндегi жұмысты қосымша лицензиясыз жүргiзуге құқығы бар.
      4.7 Кең таралған пайдалы қазбалардан құрылыс материалдарын және тұщы су (N 1 қосымша) алу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарында берiлген рұқсаттамаларды Геологияминiнiң аумақтық басқармаларында тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi жергiлiктi әкiмдерден рұқсат алғаннан кейiн пайда болады.
      4.8 Пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес ерекше қатардағы жерасты ғимараттарын салу мен пайдалану құқығына арналған лицензия жер қойнауының белгiлi бiр учаскелерiн пайдалануға берiлген рұқсат болмайды, ал көзделген мақсат үшiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi шынайы геологиялық деректердiң бар екенi жайында куәландыратын құжат болып табылады.
      4.9 Өзге мақсаттарға арналған ерекше қатардағы жерасты ғимараттарын жобалаған кезде, объектiнi пайдаланудың мүмкiн болатын қолайсыз экологиялық және басқа да зардаптарын болжамдаудың күрделiлiгiн ескере отырып, жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi арнайы құрған комиссияның сараптамасынан өтеуге тиiс.
      4.10 Зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтары мен сарқынды суларды көмуге байланысты жерасты ғимараттарын жобалауға көмiлетiн заттарды белгiлi бiр шекарадан жайылдырмау мүмкiндiгi туралы анық геологиялық деректердiң болуы және бұл заттардың жер қойнауының көршiлес учаскелерi мен жерасты суларына өтiп кетуiн болғызбайтын кепiлдiк қамтамасыз етiлуi жағдайында ғана жол берiледi.
      4.11 Жерасты ғимараттарын салу үшiн, соның iшiнде зиянды заттарды көму мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған шарт облыс әкiмiмен жасалады.
      4.12 Радиоактивтi заттарды көму үшiн жер қойнауын пайдалануға құқық берудi экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн арнайы объектiсi болған жағдайда, халықты мiндеттi түрде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жүзеге асырады.
      4.13 Арнайы объектiнi салу жобасы Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнде, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнде, Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетте, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнде, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнде сараптаудың оң қорытындысын алуға тиiс.
 
                    5. Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбаларды
                         өндiруге арналған лицензия (кешендi)
      5.1 Иегерге геологиялық зерттеу жүргiзу ғана емес, сонымен бiрге кен орнын игеру мен пайдалану жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге рұқсат етiлген кезде жер қойнауын пайдаланудың бiрнеше түрлерiне арналған бiртұтас лицензия беруге жол берiледi.
      Бiрлестiрiлген лицензиялар, әдетте, кәсiпкерлiк тәуекел жағдайында берiледi. Бұл орайды пайда болатын шарттық өзара қарым-қатынастың айрықша нысандары контрактiде бекiтiледi.
 
                    6. Лицензиялардың қолданылу мерзiмi
      6.1 Лицензиялардың қолданылу мерзiмi жер қойнауын пайдаланудың түрлерiне қарай белгiленедi.
      6.2 Геологиялық зерделеу жүргiзуге арналған лицензия бiр немесе екi жаңартуымен 5 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      6.3 Пайдалы қазбалар өндiруге арналған лицензия сондай жаңартуларымен 20 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      6.4 Жерасты ғимараттарының жекелеген түрлерiн салу мен пайдалану, ерекше күзетiлетiн объектiлердi құру құқығына арналған лицензия 30 жылға дейiнгi мерзiмге немесе қолданылу мерзiмi шектеусiз болып берiледi.
      6.5 Геологиялық зерделеуге және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған бiртұтас лицензия жаңартуларымен 25 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      6.6 Лицензияның қолданылу мерзiмiн ұзартқан кезде атқарылған жұмыстың және жер қойнауымен айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi шаралардың сапасы мен тиiмдiлiгi, жер қойнауын пайдаланғаны үшiн дер кезiнде төлем жасалғаны ескерiледi.
      6.7 Лицензиялардың қолданылу мерзiмiнiң ұзартылуы оның бастапқы шарттарын өзгертудi мансұқ етпейдi, өзгерiстер тараптардың екi жағының ықтияры бойынша енгiзiледi.
 
                    7. Лицензиялардың мазмұны
      7.1 Лицензия оны берушi органдар белгiлеген мiндеттi шарттардан және келiсiм бойынша (N 4 қосымша) белгiленген шарттардан тұрады.
      7.2 Лицензияның мiндеттi шарттарына мыналар: лицензияның иелерi жайындағы деректер, жер қойнауын пайдаланудың түрiмен (түрлерiмен) байланысты жұмыстың нысаналы мақсаты, жер қойнауының берiлген учаскесiнiң кеңiстiктi шекарасы, берiлген жер бөлiгiнiң шекарасы, лицензияның қолданылу мерзiмi, ең таяудағы жұмыс бағдарламасы жатады.
      7.3 Мiндеттi де, сондай-ақ тараптардың келiсiмi бойынша белгiленгендер қатарына да жатқызыла алатын лицензия шарттарына мыналар:
      жер қойнауын, жер учаскелерiн, акваториялар алаңдарын және теңiз түбi учаскелерiн пайдалануға байланысты төлемдер;
      минералдық шикiзатты өндiру мөлшерi;
      алынған өнiмдердi үлесi бойынша бөлу;
      жер қойнауын пайдалану барысында алынатын ақпаратқа құқық;
      жер қойнауы мен айналадағы ортаны ұтымды пайдалану, қорғау, жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелер;
      бақылау жасау тәртiбi: жергiлiктi жұмыс күшiн жұмыспен қамту;
      жабдықтар мен инфрақұрылым объектiлерiн пайдалану және басқалары жатады.
      7.4 Лицензия мiндеттi де, сондай-ақ тараптардың келiсiмi бойынша белгiленген де, заңдарға және осы Ережеге қайшы келмейтiн жер қойнауын пайдаланудың басқа да шарттарымен толықтырылуы мүмкiн. Ол сонымен бiрге шарттық қатынастарды, соның iшiнде концессия шартын, өнiмдердi бөлу туралы шартты, қызмет көрсетуге (тәуекелдi және тәуекелсiз) арналған контрактiнi және өндiрiстiк қатынастардың практикада қолданылатын өзге де нысандарын тиянақтайды.
      7.5 7.3-тармақта аталған шарттар бойынша келiсiмдер лицензиядан ажыратуға болмайтын қосымшалар түрiнде ресiмделедi.
 
                    8. Лицензияларды берудiң тетiгi
      8.1 Лицензиялаудың мемлекеттiк жүйесi кез келген заңды ұйымдар мен жеке адамдар үшiн лицензиялар берудiң бiрыңғай тәртiбiн, жер қойнауын пайдалануда барлық инвесторлар үшiн тең мүмкiндiктер жасалуын көздейдi.
      Меншiк нысанына, қызметiнiң ұйымдық құрылымына, қай мемлекеттiкi екенiне және азаматтығына қарамастан кез келген заңды ұйым немесе жеке адам лицензияға өтiнiш жасай алады.
      8.2 Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар көпшiлiк қатыса алатын конкурстар өткiзу негiзiнде немесе өтiнiш берушi мен Үкiметтiң лицензиялау жөнiндегi жұмыс органы арасындағы тiкелей келiссөздер негiзiнде, ал кең тараған пайдалы қазбалар бойынша - облыстардың әкiмдерi тарапынан берiледi. Лицензиялар берудiң тәсiлiн (конкурс, тiкелей келiссөздер) таңдау пайдалы қазбалардың лицензияланатын түрлерiнiң ерекшелiгiн, лицензияланатын объектiнiң зерделену деңгейiн, лицензиаттың қаржылық-коммерциялық тәуекелдiлiгiнiң деңгейiн ескередi. Лицензиялар беру тәсiлiн (конкурс, тiкелей келiссөздер) таңдауды әрбiр нақтылы жағдайда Геологияминi белгiлейдi.
      8.3 Халықаралық конкурстар мен олардың шарттарын Геологияминiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жариялайды.
      8.4 Конкурс жариялауға, өтiнiмдер қабылдауға, лицензиялар шарттарын келiсуге, конкурс өткiзу мен жеңiмпазды жариялауға байланысты бүкiл қызметтi Геологияминi немесе оның аумақтық басқармалары жүзеге асырады.
      8.5 Лицензия алуға арналған конкурс ашық немесе жабық болуы мүмкiн. Ашық конкурс өткiзудiң шарттары баспасөзде жарияланады, ал жабық конкурстың шарттары өтiнiм беру күнiне дейiн екi айдан кешiктiрiлмей барлық әлеуеттi қатысушылардың қаперiне жеткiзiледi.
      Лицензия алғысы келетiн адамдардың Геологияминiнен және оның аумақтық басқармаларынан конкурс өткiзудiң тәртiбiне және лицензия алудың шарттарына байланысты ақпарат алуға құқығы бар.
      8.6 Ашық конкурс өткiзу туралы ақпарат Геологияминiнiң арнаулы журналында (бюллетенiнде) конкурс басталғанға дейiн 3 айдан кешiктiрiлмей жарияланады және онда мыналар:
      пайдалануға берiлгелi отырған жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерi мен сипаттамасы;
      үмiткерлердi конкурсқа жiберудi айқындаудың негiзгi шарттары;
      конкурс өткiзудiң уақыты мен орны;
      өтiнiм беру мерзiмi;
      алдын-ала берiлетiн геологиялық ақпарат пакетiнiң құны;
      конкурсқа қатысу алымының және лицензия беру алымының мөлшерi болуға тиiс.
      8.7 Лицензия алуға үмiткер заңды ұйымдар (бұдан әрi - кәсiпорындар) мен жеке адамдар Геологияминiне белгiленген мерзiмде өтiнiм (N 2 қосымша) тапсырады, онда мыналар:
      өтiнiш жасаушы кәсiпорын туралы деректер;
      өтiнiш жасаушы кәсiпорынның басшылары мен иегерлерi туралы және лицензия алар кезде өтiнiш жасаушының атынан келетiн адамдар туралы деректер;
      кәсiпорынның экономикалық әлеуетi туралы (активтерi, негiзгi және айналымды капиталы және басқалары), жер қойнауын пайдалану жөнiнде көзделген жұмыстарды орындау үшiн қажеттi қаржы мүмкiндiгi туралы деректер;
      өтiнiш жасаушы кәсiпорынның, сондай-ақ ол мердiгер ретiнде тартқан басқа кәсiпорындардың техникалық және технологиялық мүмкiндiгi туралы деректер;
      соңғы бес жылда өз қызметiн жүзеге асырған мемлекеттер тiзiмiн қосқанда, өтiнiш жасаушының бұрынғы қызметi жайында ақпарат, жұмыс бағдарламасы мен оның жүзеге асыруға жұмсалатын шығындарды қосқанда, жер қойнауын пайдаланудың шарттары туралы өтiнiш жасаушының пiкiр-ниетi;
      жердi қалпына келтiрудi қосқанда, айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi өтiнiш жасаушының пiкiр-ниетi;
      лицензия талап етiлетiн кезең болуға тиiс.
      Пайдалы қазбаларды өндiру жөнiнде лицензия алуға өтiнiмде қосымша мыналар:
      барлауға берiлген лицензияның деректерi және ондай өтiнiш жасаушыда бола қалса, оны пайдаланудың нәтижесi;
      пайдалы қазбаларды өндiрудiң көзделген көлемi мен басталу мерзiмi - өндiрумен байланысты шығыстар мен кiрiстер болжамдауының есеп-қисабы;
      жер қойнауын пайдалану үшiн төлемдердiң (бонустар, роялти, рентлз және басқалары) көзделген есеп-қисабы;
      контрактiлiк аумақта өндiрiстi және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамуға тартылатын инвестициялардың көзделген көлемi болуға тиiс.
      Лицензия алуға өтiнiмдер берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қаралуға жатады және олар қабылданғаннан кейiн Геологияминiнiң арнаулы журналында (бюллетенiнде) жариялануға тиiс.
      8.8 Конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм сонымен бiрге лицензия алуға өтiнiм болып табылады. Бұл өтiнiмге алдын-ала сараптау жүргiзiлмейдi, өйткенi мұның өзi конкурс барысында жүзеге асырылады.
      Өтiнiш жасаушы конкурсқа қатысу үшiн алым төленгеннен кейiн өтiнiм қаралуға қабылданылады, бұл жайында өтiнiш жасаушы өтiнiм түскен күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде ресми түрде хабардар етiледi.
      Конкурс негiзiнде берiлетiн лицензияларды алуға өтiнiмдердi қарау мерзiмi сол конкурстың шарттарымен белгiленедi.
      8.9 Лицензиялар алуға өтiнiмдер 8.7-тармақта келтiрiлген нысан бойынша толтырылады және олар түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қаралуға жатады.
      Ерекше жағдайларда өтiнiмдердi қарау мерзiмi үш айға дейiн ұзартыла алады, бұл жайында өтiнiш жасаушы жазбаша хабардар етедi.
      Лицензиялар өтiнiмге алдын-ала сараптама жасау арқылы да берiледi. Оның мақсаты өтiнiш жасаушы кәсiпорынның қаржылық және техникалық құзыретiн тексеру болып табылады.
      8.10 Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiш жасаушыға ақы төленетiн, лицензиялау объектiсi бойынша алдын-ала геологиялық ақпараттың пакетi берiледi. Пакетте өтiнiш жасаушы кәсiпорынның жұмыс жүргiзудiң техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн есептеп шығаруына мүмкiндiк беретiн геологиялық кен-техникалық, технологиялық және өзге де ақпараттың қажеттi мөлшерi болуға тиiс.
      8.11 Кәсiпорындар ұсынған жұмыс жүргiзудiң техникалық-экономикалық көрсеткiштерiнiң конкурс шарттарына сәйкестiлiгiн бағалау мен жеңiмпазды анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады және олар хаттамамен ресiмделедi. Конкурстық комиссияларды Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi немесе оның аймақтық басқармалары құрады.
      8.12 Конкурс жеңiмпазын таңдап алудың негiзгi өлшемдерiнiң қатарына:
      барлау жұмыстарын жүргiзудiң мерзiмi мен интенсивтiлiгi;
      өндiрудiң басталу мерзiмi мен оның ең жоғары деңгейге жетуi;
      жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерге бiржолғы және ұдайы төлемдердiң мөлшерi;
      жер қойнауын пайдалану аумағының өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға тартылатын инвестициялардың көлемi - жер қойнауы мен айналадағы табиғи ортаны қорғау жөнiндегi талаптардың қамтамасыз етiлу деңгейi;
      лицензиялар беруге межелiк шарттар ретiнде белгiленетiн өзге де өлшемдер жатады.
      8.13 Белгiленген өлшемдердiң бәрiне қанағаттандырарлықтай сай келген және барлық талап етiлетiн шарттарды орындауға оның қауhары жететiнiн дәлелдей бiлген өтiнiш жасаушы конкурстың жеңiмпазы деп танылады. Егер конкурсқа бiр ғана өтiнiм берiлген жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия жарияланған конкурстың шарттарымен сол өтiнiш жасаушыға берiле алады.
      Егер конкурсқа қатысушылардың бiрде бiрi конкурс шарттарын орындауға өзiнiң қаржылық және техникалық мүмкiндiгi жететiнiн дәлелдей бiлмесе, онда конкурс болмаған деп есептеледi. Конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындарына өтем жасалмайды.
      8.14 Лицензиялар беру жер қойнауын пайдалануға кейiннен контракт (шарт) әзiрлеу мен оған қол қою үшiн мiндеттi шарт болып табылады. Жасалатын контрактiнiң түрiн әрбiр нақтылы жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын құзырлы орган белгiлейдi. Контракт жасалғанға дейiн оның негiзiнде жатқан лицензияның мазмұны лицензия берген орган мен иегерiнiң өзара келiсiмi бойынша ғана өзгертiлуi мүмкiн.
      8.15 Өндiруге деген құқық пайдалы қазбаларды өндiруге арналған контрактi жасалып, ол Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауы министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуден кейiн пайда болады. Лицензияға қайшы келетiн шарттармен жасалған контрактiлердiң күшi жоқ деп саналады.
      8.16 Пайдалы қазбаларды өндiруге қолданғанда контрактiнiң негiзгi түрлерi:
      концессияға контракт;
      өнiмдердi бөлу туралы контракт;
      бiрлескен кәсiпорын;
      қызмет көрсетуге арналған контракт болып табылады.
      Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру мен пайдаланудың нақтылы жағдайларына қарай контрактiлердiң құранды және өзге де нысандары қолданылуы мүмкiн.
      8.17 Жасалған контрактiлер (шарттар) Геологияминiнде тiркелуге және сақтау үшiн тапсырылуға жатады, ал лицензия беру, контрактiнiң жасалуы және оның Геологияминiнле тiркелуi туралы хабар арнаулы журналда (бюллетеньде) жарияланады.
 
                    9. Жер учаскелерiн бөлу
      9.1 Геологияминi немесе жер учаскелерiн алып қою мен беруге мүдделi кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалану үшiн немесе объектi салуға көзделген учаске орналасқан орынды алдын-ала келiсу туралы өтiнiш бiлдiредi, жер учаскесiнiң шамамен алғанда мөлшерiн, сондай-ақ жердi пайдалану мерзiмiн негiздейдi.
      9.2 Алып қоюға ұйғарылған жердiң экологиялық және басқа да зардаптары мен сол аумақтың және оның жеп қойнауының болашағын ескере отырып, жер учаскесiн таза күйiнде (орналасқан жерiнде) таңдап алу заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жер иесiнiң, жер пайдаланушының, жерге орналастыру қызметi өкiлiнiң қатысуымен қамтамасыз етiледi.
      9.3 Жер учаскесiн таңдап алу актiмен ресiмделедi, оған учаскелердiң және ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары, мүдделi тараптардың келiсiлген хаттамалары қосылады.
      9.4 Объектiнiң орналасатын жерiн келiсу материалдары жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың қарауына берiледi де олар бекiтiлгеннен кейiн Геологияминiне жiберiледi әрi бұлар жер қойнауы учаскесiн конкурсқа шығару үшiн немесе лицензия беру үшiн негiз болып табылады.
      9.5 Лицензия алған соң жер қойнауын пайдаланушы жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзедi де содан кейiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға алдын-ала келiсiлген жер учаскесiн алу және оны объектi салу үшiн беру туралы өтiнiш жасайды.
      9.6 Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар түскен материалдарды жерге орналастыру органдарына жiбередi, олар жер учаскесiн алу мен оны пайдалануға беру жобасын жасайды.
      Осы жобаны жер иеленушiмен және жер пайдаланушымен келiскеннен кейiн жергiлiктi өкiмет органдары жер учаскесiн алып қою және оны беру туралы шешiм шығарады.
      9.7 Жер учаскесiн беру туралы шешiмнiң көшiрмесi ол қабылданған сәттен 5 күн мерзiм iшiнде мүдделi жаққа берiледi.
      9.8 Геологиялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және басқа да iздестiру жұмыстарын жүзеге асыратын кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай-ақ бұл жұмыстарды барлық жерлерде жүргiзе алады.
      9.9 Аталған жұмыстардың басталу мерзiмi, орны, жердi пайдаланғаны үшiн төлемдердiң мөлшерi, шығындардың орнын толтыру және жердi оны нысаналы мақсат бойынша пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттер, сондай-ақ басқа да жағдайлар жер иесiмен, жердi пайдаланушымен жасалатын шартта белгiленедi.
      9.10 Iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн уақытша алуға рұқсаттаманы, оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып, дәлелденген өтiнiм негiзiнде сұратылған жер орналасқан орны бойынша жергiлiктi өкiмет органдары бередi.
 
               10. Жер қойнауын пайдаланғаны үшiн төлемдер
      10.1 Қолданылып жүрген заңдарға және Үкiметтiң қаулыларына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауына құқығы және оны пайдаланғаны үшiн төлемдер (бонустар, роялти, рентлз және басқалары) алынады.
      10.2 Бұған қоса, жер қойнауын пайдаланушылар салықтар және олардың жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеуiн қосқанда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да алымдар мен төлемдердi төлеп тұрады.
      10.3 Геологияминi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен келiсуi бойынша лицензиялауға жататын, олар лицензияның шарттарына енуi мүмкiн объектiлер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы үшiн жеке төлемдердiң ең төменгi мөлшерiн есептейдi.
      10.4 Төлемдердiң нақтылы мөлшерi шарттары, сондай-ақ қолданылатын жеңiлдiктер шарт жасау мен конкурс өткiзу барысында лицензияланатын әрбiр объектi бойынша белгiленедi және контрактiде тұжырымдалады.
      10.5 Жер қойнауын пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң құрамына жер қойнауынан алынған, бiрақ лицензияланатын пайдалы қазбаны өндiрген кезде өз сапасын нашарлатып алған басқа пайдалы қазбалардың құны да енуi мүмкiн.
      10.6 Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар берiлгенi үшiн алымдар алынады. Алымдардың мөлшерi мен оларды алудың тәртiбiн лицензиялар алуға түскен өтiнiмдердi сараптауға, конкурстар ұйымдастыруға, геологиялық ақпарат пакеттерiне төлеуге жұмсалған шығындарға және лицензия беруге байланысты өзге де шығындарға қарай Геологияминi белгiлейдi.
 
                    11. Лицензия беруден бас тарту
      11.1 Жер қойнауын пайдалануға лицензия беруден мынадай жағдайларда:
      өтiнiш жасаушының табиғатты пайдалану шарттарын ойдағыдай орындауға қабiлеттiлiгi туралы кепiлдiктерi негiзсiз деп танылған;
      өтiнiмдi конкурс шарттарын бұза отырып берген;
      өтiнiш жасаушы қасақана терiс мәлiметтер түсiрген;
      объектi Мемлекеттiк қорықтар, полигондар және мемлекеттiк актiлер, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, облыстардың әкiмдерi, облыстар мен аудандардың мәслихаттары өндiрiстiк игеруден шығарған басқа да қорғалатын аймақтар ауданында орналасқан жағдайда лицензия беруден бас тартылады.
      11.2 Лицензиялар беруден бас тартуға, соның iшiнде конкурсты дұрыс өткiзбеу және жеңiмпазды негiзсiз айқындау себептерi бойынша лицензия беруден бас тартуға өтiнiш жасаушы сот тәртiбiмен шағым жасай алады.
 
                    12. Лицензияның күшiн тоқтату
      12.1 Берiлген лицензияның күшi егер:
      лицензия беру мен контрактiге қол қою лицензиат түсiрген жалған ақпарат негiзiнде жүзеге асырылса;
      лицензия беруге немесе контракт жасауға қатысушы лауазымды адамдар арасында сөз байласу фактiсi белгiлi болса;
      лицензияда көзделмеген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың жүргiзiлгенi айқындалса;
      бюджетке төлемдер өткiзудiң шарттары, лицензияда көзделген басқа да шарттар бұзылса;
      жер қойнауын, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың және жұмыс жүргiзу қауiпсiздiгiнiң белгiленген ережелерi үздiксiз бұзылып отырса;
      лицензиат - кәсiпорын жойылса не банкрот деп жарияланса;
      лицензиат лицензияда белгiленген мерзiм iшiнде жер қойнауын пайдалануға кiрiспесе немесе лицензия шартын бұзып жүрсе;
      лицензиат жер қойнауын пайдалану құқығынан бас тартса;
      лицензияның немесе контрактiнiң қолданылу мерзiмi немесе контракт жасау мерзiмi өтiп кетсе тоқтатылады.
      12.2 Лицензияның күшiн мерзiмiнен бұрын тоқтату одан кейiн контрактiнi бұзуға және лицензия иегерiнен контрактiнi мерзiмiнен бұрын бұзудан келтiрiлген шығындарды өндiрiп алуға әкелiп соғады.
 
                13. Лицензиялар иегерлерiнiң құқықтары мен
                                мiндеттерi
      13.1 Лицензиялар иегерлерiнiң:
      жер қойнауы учаскелерiн белгiленген шекарада лицензияда және шартта (контрактiде) көрсетiлген мақсатқа сәйкес кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметтiң кез келген нысанын жүзеге асыру үшiн пайдалануға;
      шарттың (контрактiнiң) талабы бойынша өзiнiң қарауына берiлетiн өндiрген шикiзат үлесiн қосқанда, өз қызметiнiң нәтижесiн пайдалануға;
      егер шарттар (контрактiде) өзгеше айтылмаса, оның кен өндiру өндiрiсiнен соған байланысты ұқсату өндiрiсiнен алынған қалдықтарды өз қалауы бойынша пайдалануға;
      егер оларды жүргiзу айналадағы табиғи ортаға зиян
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады