Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 384 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 13 қыркүйек N 1260. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.04.03. N 1260 қаулысымен.

      "Байқоңыр" аэроғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi принциптерi мен жағдайлары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келiсiмге қол қойылуына, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шартына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 17, 199-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тармақтың екiншi абзацындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағының ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетiн және аэроғарыш инфрақұрылымын ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен халықаралық ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн тиiмдi пайдалану мен дамытуды қамтамасыз ету" сөздерi "Ресей Федерациясы жалға алған объектiлерге кiрмейтiн "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса алғанда Қазақстан Республикасының аэроғарыш инфрақұрылымы объектiлерiнiң ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен халықаралық ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн сақталуын және тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету" сөздерiмен алмастырылсын;
      2-тармаққа мынадай редакциядағы үшiншi абзац енгiзiлсiн:
      "Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн пайдалану жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыру";
      5-тармақтағы "65" цифры "31" цифрына және "30 цифры "10" цифрына алмастырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 384 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы Ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      4-тармақтың екiншi абзацындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағының ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетiн және аэроғарыш инфрақұрылымы ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен халықаралық ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн тиiмдi пайдалану мен дамытуды қамтамасыз ету" сөздерi "Ресей Федерациясы жалға алған объектiлерге кiрмейтiн "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса алғанда Қазақстан Республикасының аэроғарыш инфрақұрылымы объектiлерiнiң ғылымның, халық шаруашылығының, қауiпсiздiк пен ынтымақтастықтың мүдделерi үшiн сақталуын және тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету" сөздерiмен алмастырылсын;
      4-тармаққа мынадай редакциядағы үшiншi абзац енгiзiлсiн:
      "Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн пайдалану жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыру";
      5-тармақтың сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жыл сайын Ресей Федерациясының Үкiметi немесе өкiлеттi органдары ұсынған "Байқоңыр" ғарыш айлағын ракеталық-ғарыштық техникаларды ұшыру жоспарын мүдделi министрлiк пен ведомстволар бiрлесiп қарайды және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шарты жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асырады";
      5-тармақтың тоғызыншы абзацы алынып тасталсын;
      7-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бас директордың Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындаған екi орынбасары және құрамы бес адамнан тұратын алқасы болады".
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады