1995 жылдың 1 қазанынан бастап зейнетақыларды өсiру және қайта есептеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 21 қыркүйек N 1277. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.03. N 809 қаулысымен.

      "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N  2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының (20-бап, бесiншi абзац) орындау үшiн және "Бұрын тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 сәуiрдегi N 309 қаулысына сәйкес зейнетақыларды қайта есептеуге жыл сайын қолданылатын тетiктiң тиiмсiздiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. 1995 жылдың 1 қазанынан бастап осы күнге дейiн қалыптасқан зейнетақылардың мөлшерiн: еңбек зейнетақыларын, асыраушысынан айрылуына байланысты, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң мүгедектiгiне байланысты алатын зейнетақыларының, әлеуметтiк зейнетақыларының мөлшерiн 20 процентке өсiру жүзеге асырылсын. Бұл ретте қосымшаның ең төменгi сомасы еңбек зейнетақыларына (асыраушысынан айрылуына байланысты алатын зейнетақылардан басқа) -300 теңгеден, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң мүгедектiгiне байланысты алатын зейнетақыларына - 300 теңгеден, асыраушысынан айрылуына байланысты алатын зейнетақыларына - 200 теңгеден, әлеуметтiк зейнетақыларға (бала кезiнен мүгедек болуынан басқа) -100 теңгеден, бала кезiнен мүгедек болғандардың зейнетақыларына - 150 теңгеден төмен болмауы тиiс. 
      2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi 1995 жылдың 1 қазанынан бастап зейнетақылардың жаңа өсiрiлген мөлшерiнiң қайта есептелуi мен төлем жасалуын жүргiзсiн. 
      3. "Бұрын тағайындалған зейнетақыларды қайта есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 сәуiрдегi N 309 қаулысының Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 14, 236-бап күшi оған енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулармен бiрге, 1996 жылғы 1 қазанға дейiн тоқтатыла тұрсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады