"Тараз" аймақтық сыртқы экономикалық тауар өндiрушiлерi ассоциациясының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 26 қыркүйек N 1288

      "Тараз" аймақтық сыртқы экономикалық тауар өндiрушiлерi ассоциациясының ұйымдық-құқықтық нысанын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiмi) сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне мыналар тапсырылсын:
      "Тараз" ассоциациясын белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғамға айналдырсын;
      "Тараз" ассоциациясының балансындағы мемлекет мүлкiн акционерлiк қоғамның жарғылық қорына енгiзу мақсатымен Ассоциацияның негiзгi қорларына аудиторлық тексеру және оларды қайта бағалау жүргiзсiн;
      құрылатын акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн ұстаушысын айқындасын.
      2. "Тараз" аймақтық сыртқы экономикалық тауар өндiрушiлерiнiң ассоциациясы туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 11 қыркүйектегi N 364 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады