Сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 11 қаңтар 1995 ж. N 2021. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiн одан әрi ырықтандыру, барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне тең жағдай жасау мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң сыртқы сауда қызметiн, оның iшiнде делдалдық қызметi экспорты мен импортының тiзбесi мен субъектiлерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi анықтайтын стратегиялық маңызды ресурстардың экспорты мен импорты жөнiндегi мәмiлелерден басқасын жүзеге асыруға құқығы бар деп белгiленсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: 
      квоталау мен лицензиялауға жататын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) номенклатурасын қысқартсын; 
      тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң, оның iшiнде мемлекеттiң халықаралық мiндеттемелерi, үкiметаралық келiсiмдер және стратегиялық маңызды ресурстар бойынша, экспорты мен импортының тәртiбiн анықтасын; 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, банкiлердiң Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзудiң сәйкестiгi мен тиiстi төлем қаржыларының келiп түсуiн бақылап отыруына мүмкiндiк беретiн сабақтас кеден мен банк бақылау жүйесiн республикада енгiзу туралы ұсынысты бiр айлық мерзiмде табыс етсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ерекше жағдайларда, экспортерлердiң экспортқа шығарған өнiмдерi үшiн кеден бажын төлеуi жөнiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ресми қайта қаржыландыру ставкасы бойынша проценттердi төлеттiре отырып салық кредитi шарты негiзiнде, өнiмдi жөнелткен датасынан бастап 3 айға дейiнгi мерзiмге өкiлеттi банкiлердiң кепiлдiгiнен кейiнге қалдыру құқығы берiлсiн. 
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық өзгерiстердi жүргiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 25 қаңтардағы N 585 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 2, 26-бап) I-тармағының бiрiншi абзацы; 
      "Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 30-шiлдедегi N 1311 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 26, 316-бап); 
      "Төлем құралы ретiнде теңгенiң пайдаланылуын ұлғайту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 4 ақпандағы N 1544 Жарлығы I-тармағының соңғы абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1994 ж., N 6, 61-бап); 
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 30 шiлдедегi N 1311, 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1498 және 1499 Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1672 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1994 ж., N 19, 186-бап). 
      5. Осы Жарлық 1995 жылғы 1 ақпаннан бастап күшiне енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады