1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
1995 жылғы 1 қарашаға қарай Соколов-Сарыбай кен-байыту өндiрiстiк бiрлестiгiнiң негiзiнде ашық тұрпаттағы акционерлiк қоғам құруды аяқтасын;
Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты өндiрiстiк бiрлестiгiн акционерлендiрудi аяқтағаннан кейiн оның Жарғылық қорындағы акциялардың 20 процентiн сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Айведон Интернейшнл Лтд." фирмасының арасындағы осы қаулыны жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн 1995 жылғы 14 ақпандағы N 3/95 басқару туралы шартқа қажеттi толықтырулар енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Соколов-Сарыбай кен-байыту өндiрiстiк бiрлестiгiнiң негiзiнде құрылатын акционерлiк қоғамның Жарғылық қорындағы акциялардың 20 процентiн айқындалған инвестор - "Айведон Интернейшнл Лтд." фирмасының басқарушысына келiсiлген шартпен өткiзiлсiн.
Аталған акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатуды: негiзгi қорды қайта бағалауды, шығарылған өнiмге сұранымды, оның бәсекелестiк қабiлетiн, өндiрiстiң рентабелдiлiгiн, кәсiпорынның даму перспективасын, әлемдiк бағаның деңгейiн және басқа факторларды ескере отырып жүзеге асырсын. Осы жұмысқа тәуелсiз аудиторлық фирмаларды тартсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi