"Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясын қайта құру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 26 қазандағы N 1382a

      Реформаларды тереңдету және 1994-1995 жылдары экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл Бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясына акционерлiк қоғамдар акцияларының оған иеленуге, пайдалануға және басқаруға берiлген мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын тоқтатсын;
      акцияларының мемлекеттiк пакеттерi сатылуға жататын "Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан шығарылған акционерлiк қоғамдардың тiзбесiн айқындасын және оларды Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясының борыштары мен мiндеттемелерi жөнiндегi құқықтық мұрагердi айқындасын.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Станкомаш" мемлекеттiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 846 қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 36, 419-құжат/;
      "Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясының Президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 789 қаулысы;
      "Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясы Байқаушы кеңесiнiң төрағасы туралы" 1993 жылғы 4 қазандағы N 985 қаулысы.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады