Түркия Республикасының Президентi мен Түркия Республикасының Премьер-министрiнiң Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 26 қазандағы N 1384

      Түркия Республикасының Президентi мен Түркия Республикасы Премьер-министрiнiң Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Түркия Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы маусымдағы және Түркия Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы тамыздағы Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
      3. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Түркия үкiметаралық комиссиясының Қазақстан жағы министрлiктер мен ведомстволардың қол жеткен Қазақстан-Түркия келiсiмдерi мен уағдаластықтарын жүзеге асыру қызметтерiн үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жылына бiр рет Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалу барысы туралы хабарлайтын болсын.
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-министрi


                                              Қазақстан Республикасы 

Үкiметiнiң 1995 жылғы 26 қазандағы N 1384 қаулысымен бекiтiлген


           Түркия Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы маусымда

         және Түркия Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 
         тамызда Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында
         қол жеткен келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру
                        жөнiндегi шаралардың
                             жоспары  

_______________________________________________________________
 N |Құжаттың,     |Тапсырманың, |Орындауына |Орындалу |Бақылауға
   |уағдаластықтың|шараның      |жауаптылар |мерзiмi  |жауапты
   |атауы         |мазмұны      |           |         |бөлiмдер
___|______________|_____________|___________|_________|________
 1 |      2       |      3      |     4     |    5    |   6 
___|______________|_____________|___________|_________|________
 1. Қазақстан
    Республикасы
    мен Түркия
    Республикасы
    арасындағы
    ынтымақтас.
    тықты одан әрi
    дамыту мен    
    тереңдету
    туралы 
    бiрлескен
    декларация

    Уағдаластықтарды жүзеге асыру:
    Банк iсi       Бiрлескен       Қаржыминi    1995   Қаржы.
    саласындағы    банктер                     жылдың  еңбек
    қатынасты      құрудың және               қарашасы және 
    дамыту         Қазақстанда                         ақша
    туралы         түрiк банктерiн                     айналысы
                   ашудың                              бөлiмi
                   орындылығы 
                   туралы ұсыныс
                   енгiзу

    Көлiк          Темiр жол       Көлiкком.    1995   Сыртқы
    саласында      торабын         минi,       жылдың  байла.
    ынтымақтас.    жаңарту,        Экономика. қарашасы ныстар
    тықты дамыту   Қазақстанда     минi                бөлiмi
    туралы         локомотивтер,      
                   вагондар, теңiз
                   және өзен
                   кемелерiн  
                   жасау жөнiнде
                   ұсыныс енгiзу

    А. Яссауи      Университет     Қаржыминi,   1995   Әлеумет.
    атындағы       құрылысын       Бiлiмминi, жылдың   тiк 
    халықаралық    қаржылық және   Шымкент    желтоқ.  мәдени
    университеттiң материалдық-    облысының  саны     даму
    құрылысына     техникалық      әкiмi               бөлiмi
    мемлекеттiк    қамтамасыз     
    қолдау         ету жөнiнде
    көрсету        ұсыныс енгiзу
    туралы

    Түркияда қазақ Үкiмет          Мәдениет.   1995    Әлеумет.
    мәдени         шешiмiнiң       минi       жылдың   тiк
    орталығын және жобасын         Сыртқыiс.  желтоқ.  мәдени
    Қазақстанда    әзiрлеу         минi       саны     даму
    түрiк мәдени                                       бөлiмi
    орталығын ашу
    туралы

    Қазақстандық   Түрiк           ШКПК,      ұдайы    Сыртқы
    және түрiк     фирмалырын      Экономика.          байла.
    фирмалырының   тендерлерге     минi,               ныстар
    халықаралық    қатысуға        Өнеркәсiп.          бөлiмi
    тендерлерге    тарту           саудаминi       
    қатысуы
    туралы

    Түркия         Түрiк           Мемжекеше. ұдайы   Экономи.   
    кәсiпкерлерi.  фирмаларын      лендiру,           калық
    нiң Қазақстан. жекешелендiру   Меммүлiк.          саясат
    да жүргiзiлiп  процесiне       комы               бөлiмi
    отырған        қатысуға
    жекешелендiру  тарту
    процесiне
    қатысу туралы

    Мәдениет       Мәдениет        Мәдениет.  1995    Әлеумет.
    саласындағы    саласындағы     минi      жылдың   тiк
    және ТЮРКСОЙ   және ТЮРКСОЙ             қарашасы  мәдени
    ұйымы          ұйымы                              даму
    шеңберiндегi   шеңберiндегi                       бөлiмi
    ынтымақтас.    ынтымақтастықты
    тықты одан     кеңейту 
    әрi дамыту     жөнiнде ұсыныс
                   енгiзу

    "Қазақтүрiк.   Бiрлескен       Мұнайгаз.  1995    Өнеркәсiп
    мұнай ЛТД"     кәсiпорын       минi,      жылдың  саясаты
    бiрлескен      қызметiн        "Қазақстан желтоқ. бөлiмi
    кәсiпорны      жандандыру      -түрiк.    саны
    жүргiзiп       жөнiнде үсыныс  мұнай ЛТД"
    отырған мұнай  енгiзу          бiрлескен
    мен газ өндiру                 кәсiпорны
    жөнiндегi
    геологиялық  
    барлау
    жұмыстарын
    нығайту және
    кеңейту туралы

    Түрiк тiлi     Екi елдiң бiлiм Бiлiмминi,  1995   Әлеумет.
    оқытылатын     министрлiктерi  Меммүлiк.  жылдың  тiк
    орта мектептер арасындағы 1992 комы       желтоқ. мәдени
    ашу туралы     жылғы 19 мамыр.            саны    даму
                   дағы тиiстi                        бөлiмi
                   Меморандумның
                   орындалуын
                   қамтамасыз ету

 2. Қазақстан      Шарттың күшiне  Әдiлет.     1995   Қорғаныс
    Республикасы   енуi жөнiндегi  минi,     жылдың   және
    мен Түрiк      барлық қажеттi  Сыртқыiс. қарашасы құқықтық
    Республикасы   процедураларды  минi               тәртiп
    арасындағы     орындау                            бөлiмi
    Азаматтық 
    iстер жөнiнде
    құқықтық көмек       
    көрсету туралы
    шарт

                   Шарттың жүзеге  Әдiлет.   ұдайы    Қорғаныс
                   асырылуын       минi,              және
                   қамтамасыз ету  Сыртқыiс.          құқықтық
                                   минi, ҰҚҚ          тәртiп      
                                                      бөлiмi

 3. Қазақстан      Келiсiмнiң      Әдiлет.    1995    Қорғаныс
    Республикасы   күшiне енуi     минi,     жылдың   және
    мен Түркия     жөнiндегi       Сыртқыiс. қарашасы құқықтық
    Республикасы   барлық қажеттi  минi               тәртiп
    арасындағы     процедураларды                     бөлiмi
    қылмысты iстер орындау
    және адамдарды
    беру жөнiндегi
    келiсiм
                   Келiсiмнiң      Әдiлет.   ұдайы    Қорғаныс
                   жүзеге          минi,              және
                   асырылуын       Iшкiiсминi         құқықтық
                   қамтамасыз ету  Сыртқыiс.          тәртiп
                                   минi, ҰҚК          бөлiмi

 4. Қазақстан      Келiсiмнiң      Қаржыминi, 1995    Қаржы,
    Республикасы.  күшiне енуi     Әдiлет.    жылдың  еңбек
    ның Үкiметi    жөнiндегi       минi,     қарашасы және ақша
    мен Түркия     барлық қажеттi  Сыртқыiс.          айналысы
    Республикасы   процедураларды  минi               бөлiмi
    Үкiметiнiң     орындау
    арасындағы
    Табысқа 
    салынатын 
    салыққа
    катысты қос
    салық салуға
    жол бермеу
    туралы 
    келiсiм
                   Келiсiмнiң      Қаржыминi  ұдайы   Қаржы,
                   жүзеге                             еңбек
                   асырылуын                          және ақша
                   қамтамасыз ету                     айналысы             
                                                      бөлiмi

 5. Қазақстан      Келiсiмнiң      Ауылшар.   ұдайы   Аграрлық
    Республикасы.  жүзеге          минi               сектордағы
    ның Үкiметi    асырылуын                          реформалар
    мен Түркия     қамтамасыз ету                     бөлiмi
    Республикасы
    Үкiметiнiң
    арасындағы
    Өсiмдiктер
    карантинi
    саласындағы
    ынтымақтастық
    туралы
    уағдаластық  

 6. Қазақстан      Келiсiмнiң      Ауылшар.   ұдайы   Аграрлық
    Республикасы.  жүзеге          минi               сектордағы
    ның Үкiметi    асырылуын                          реформалар
    мен Түркия     қамтамасыз ету                     бөлiмi
    Республикасы
    Үкiметiнiң
    арасындағы
    Жануарлар
    денсаулығы
    саласындағы
    келiсiм

 7. Қазақстан      Халықаралық     Мұнайгаз.  1995    Өнеркәсiп
    Республикасы.  акционерлiк     өнеркәсiп. жылдың  саясаты
    ның Мұнай және құбыр жүргiзу   минi,      желтоқ. бөлiмi
    газ өнеркәсiбi компаниясын     Сыртқыiс.
    министрлiгi    құру жөнiндегi
    мен Түркия     жұмыс тобының
    Республикасы.  қазақстандық
    ның Энергетика бөлiгiнiң
    және табиғат   сандық және
    ресурстары     жеке құрамын
    министрлiгi    айқындау;
    арасындағы     Жұмыс тобының
    Ниет хаттамасы мәжiлiсiнде
                   талқылау үшiн             
                   компанияны 
                   ұйымдастыру 
                   жөнiнде ұсыныс
                   әзiрлеу

 8. Қазақстан      Түркияның       Қазақстан   1995   Қаржы,
    Республикасы   Эксимбанкiмен   Эксимбан.  жылдың  еңбек
    мен Түркия     келiссөз        кi, ШКПК,  желтоқ. және ақша
    Республикасы.  жүргiзу және    Денсаулық. саны    айналысы
    ның Эксимбанк. уағдаластықты   минi               бөлiмi
    терi           жүзеге асыру
    арасындағы     жөнiндегi   
    Алматыдағы     шаралар 
    балаларды      қабылдау
    оңалту
    орталығының
    құрылысына 
    қаржыландыру
    ашу туралы
    хаттама

 9. 1995 жылдың    Бiрлескен       Өнеркәсiп. 1995    Сыртқы
    қарашасында    мәжiлiстiң күн  саудаминi  жылдың  байланыс.
    Қазақстан-     тәртiбi,        (шақыру), қарашасы тар
    түрiк үкiмет   талқылануы      Сыртқыiс.          бөлiмi
    аралық         ықтимал мәселе. минi,
    комиссиясының  лер бойынша     Эконом.
    алғашқы        ұсыныстар       минi, 
    бiрлескен      әзiрлеп,        Геология.
    мәжiлiсiн      енгiзу          минi,
    өткiзу                         Ауылшар.         
                                   минi,
                                   Мұнайгаз.
                                   минi, т.б.

10. 1993 жылы 200  Кредиттiң       ШКПК, Эко. 1995    Сыртқы
    млн. АҚШ дол.  қалған бөлiгi   номминi,   жылдың  байланыс.
    лары сомасына  бойынша         Өнеркәсiп. қараша. тар
    ашылған түрiк  жобалар тiзбесi саудаминi, сы      бөлiмi
    кредит желiсiн мен тауар сатып Эксимбанк
    жүзеге асыруды алу жөнiнде
    жеделдету      ұсыныстар 
    қажеттiгi      енгiзу
    туралы     
    уағдаластық

11. 300 млн. АҚШ   Кредиттiк       ШКПК, Эко. 1995    Сыртқы
    доллары        келiсiм         номминi,  жылдың   байланыс.
    сомасына жаңа  шарттары        Өнеркәсiп қараша.  тар
    түрiк кредит   жөнiнде         саудаминi, сы      бөлiмi
    желiсiн ашу    Түркияның       Ауылшар.
    туралы         Эксимбанкiмен   минi, 
    уағдаластық    келiссөз        Эксимбанк    
                   жүргiзу және    
                   кредит желiсiн
                   толтыруға 
                   арналған
                   жобалар жөнiнде
                   ұсыныстар 
                   енгiзу

   
12. Қазақстан      Сауданы кеңейту Эконом.    1995    Сыртқы
    Республикасы   туралы          минi,     жылдың   байланыс.
    мен Түркия     ұсыныстар       Өнеркәсiп желтоқ.  тар
    Республикасы   енгiзу          саудаминi, саны    бөлiмi
    арасындағы                     Сауда-   
    Сауда-экономи.                 өнеркәсiп
    калық ынтымақ.                 палатасы,
    тықты, оның                    ШКПК
    iшiнде сыртқы
    сауда
    саласында ын.
    тымақтастақты
    жандандыру
    туралы
    уағдаластық

13. Көлiк коммуни. Автомобиль және Көлiкком.  1995    Сыртқы
    кацияларын     әуе көлiгiмен   минi       жылдың  байланыс.
    құру саласында жүк тасымалдауды           желтоқ. тар
    ынтымақтастық. кеңейту жөнiнде            саны    бөлiмi
    ты жандандыру  ұсыныстар енгiзу
    туралы
    уағдаластық
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады