Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 960 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 30 қазан N 1397. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.06.28. N 819 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Импортқа шығарылатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып ететiн акциз салуға жатпайтын тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер

 

Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 960 қаулысының 1 қосымшасына

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 276-бап) мынадай

өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     2204 (2204 30-дан басқа), 2205, 2206-дан СЭҚ ТН кодтары

бойынша 2 және 3-бағандар мынадай редакцияда жазылсын;

     "Шараптар, шампан шараптары              0,8 экю/литр

     шарап материалдары                       0,1 экю/литр";

     2207, 2208-ден СЭҚ ТН кодтары бойынша 2 және 3-бағандар

мынадай редакцияда жазылсын;

     "iшiмдiк этиль спиртi, тағамдық

     шикiзаттан өндiрiлген, тазартылған

     этиль спирт


                         3,5 экю/литр


     күшейтiлген сусындар, күшейтiлген

     шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ

     бұйымдары, коньяктар                     3,0 экю/литр"


     2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:


 
       "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 шiлдедегi N 644 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қарашадағы N 1126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 523-бап);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 мамырдағы N 556 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 маусымдағы N 701 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994-ж., N 28, 284-бап).
      Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады