1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен пайдаға салынатын салық бойынша республикалық бюджетке 10700 мың /он миллион жетi жүз мың/ теңге сомасында берешегi бар "Балқашмыс" өндiрiстiк бiрлестiгi арасындағы берешекке бiржолғы есептеме жүргiзсiн.
Аталған сома Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң мекемелерi бойынша 8243 мың /сегiз миллион екi жүз қырық үш мың/ теңге сомасында және Iшкi iстер министрлiгiнiң мекемелерi бойынша 2457 мың (екi миллион төрт жүз елу жетi мың) теңге сомасында "Балқашмыс" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң коммуналдық қызмет көрсеткенi үшiн берешектi өтеудi қаржыландыру есебiне жатқызылсын.
2. Берешек 1995 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша аталған сомалар республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстары бөлiктерiнде көрсетiле отырып есепке алынсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi