"Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы қызметiнiң ерекшелiктерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 6 қараша N 1462. Күшi жойылды - ҚРМК-нiң 1995.11.17. N 1564 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiң атынан Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы "Испат Интернешнл /ЮК/ Лимитед" компаниясымен қол қойған "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамын басқару туралы шарт назарға алынып, мақұлдансын.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарапынан шарттың қағидаларының орындалуына бақылау жасау Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң орынбасары М.А.Мұртазаевқа жүктелсiн, ол өзiнiң функциясын Басқару туралы шартқа сәйкес iске асырылуы тиiс.
      Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамына берiлетiн шикiзаттың бағасына қатаң бақылау орнатсын.
      2. Былай деп белгiленсiн:
      "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының төлемдiк-есеп айырысу құжаттарына қол қою құқығы "Испат Интернешнл /ЮК/ Лимитед" басқарушы фирмасының өкiлеттi уәкiлiне берiледi, ал сенiмдi басқарушы А.М.Мұртазаев және Меммүлiккомының өкiлi Басқару туралы шартта қарастырылған тәртiп пен қағидалар бойынша өндiрiстiк-қаржы қызметiне, шикiзат жiберiлiмiне және өнiмнiң өткiзiлуiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
      "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының комбинаттың өнiмiн сату контрактiлерi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде тiркеуге жатпайды.
      "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының кез-келген баспа-бас айырбас және толлинг операцияларын жүргiзуiне тыйым салынады.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Қарағанды облысының және Темiртау қаласының әкiмдерi "Испат Интернешнл /ЮК/ Лимитед" фирмасына қажеттi көмек көрсетсiн.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамын реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1338 қаулысының 5-тармағы;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 390 өкiмi;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 432 өкiмi.
      5. "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамын реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1338 қаулысы осы қаулының талаптарына және "Испат Интернешнл /ЮК/ Лимитед" фирмасымен жасалған Басқару туралы шарттың қағидаларына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Н.Қ.Есенғаринге жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады