Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарға қызмет көрсету тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 9 қарашадағы N 1496

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң

төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарға қызмет көрсету тәртiбi

туралы Ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi


                                     Қазақстан Республикасы

                                          Үкiметiнiң

                                     1995 жылғы 9 қарашадағы

                                        N 1496 қаулысымен

                                           бекiтiлген


          Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi

          банкiнiң төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарға

          қызмет көрсету тәртiбi туралы

                         Ереже


                  1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi/бұдан әрi - Медетшi банкi/ өз қызметiне "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күшi бар Жарлығын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 наурыздағы N 2154 K952154_ қаулысын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң Жарғысын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 сәуiрдегi N 581 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң Жарғысын басшылыққа алады.
      2. Медетшi банкi төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарға қызмет көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банкiлiк операциялар жүргiзуге берген лицензияда және оның Жарғысында көрсетiлген банкiлiк операцияларын жүзеге асырады.
      3. Осы Ереже төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмысты жүзеге асыру кезiндегi өзара қарым-қатынастардың негiзгi сипаттарын айқындайды.
 
               II. Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарға есеп
                   айырысу-кассалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру
 
      4. Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi Медетшi банкiнiң банк-агентi жүзеге асырады. Медетшi банкiнiң тапсырмасы агенттiк келiсiм негiзiнде төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарға қызмет көрсетудi жүзеге асыратын банк банк-агент болып табылады; келiсiмге сәйкес Медетшi банкi тапсырма бередi, ал банк-агент кәсiпорындарға қызмет көрсету жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдайды.
      Медетшi банкiнiң банкiлiк қызмет көрсетуiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындар қаржы операцияларын жүргiзу үшiн банктердегi-агенттердегi ағымдық, есеп шоттарын пайдаланады. Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Медетшi банкiнiң банк-агентiне қызмет көрсетуге көшiру қажет болған жағдайда есеп шотын ашу мен жабу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 127 нұсқаулығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқа да нормативтiк актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.
      Агенттiк келiсiмi негiзiнде банк-агент пен оның филиалдары өздерiне төмендегiдей мiндеттемелердi қабылдайды:
      Медетшi банкiне берiлген кәсiпорындардың есеп-шоттарын жүргiзедi;
      Медетшi банкiнiң өкiлiмен келiсе отырып, кәсiпорындардың есеп айырысуын жүзеге асырады;
      оларға кассалық қызмет көрсетедi;
      мерзiмдiк, ақылық, қайтарымдық шарттарымен Медетшi банкiнiң кредиттiк ресурстары есебiнен қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кредиттер беру жолымен кәсiпорындардың қаржыландырылуын жүзеге асырады;
      Медетшi банкiнiң тапсыруы бойынша күрделi қаржыға ақша бөледi;
      Медетшi банкiне берiлген кәсiпорындарының құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөнiнде қызмет көрсетедi;
      Медетшi банкiнiң тапсыруы бойынша сенiм операцияларын жүзеге асырады және егер бұл операциялар Медетшi банкi мен банк-агентке берiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң лицензияларында көзделген болса, банк операциялары жөнiндегi басқа да қызметтердi көрсетедi.
      5. Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың несиелiк есеп шоттарын және олар бойынша берешектi аудару үшiн Медетшi банкiнде әрбiр кәсiпорын бойынша және несиелiк берешектiң әрбiр түрiнде жеке несиелiк есепшоттары ашылады.
      Қызмет көрсетушi банктер берiлген, бiрақ метзiмiнде өтелмеген, олар бойынша берешегi Медетшi банкiнiң шотына аударылған кредиттiк шарттарды Медетшi банкiне тапсырады. Осы сәттен бастап кредиттердi өтеу мәселелерiн шешетiн Медетшi банкi мен төлем қабiлетi жоқ кәсiпорын шарттық мiндеттеме қабылдаған тараптар болып саналады.
      Кредиттiк шарттарды қабылдау-тапсыру үш дана етiп жасалған актi бойынша жүзеге асырылады. Бiрiншi данасы кәсiпорынға жiберiледi, екiншiсi - банк-агентке қалдырылады, үшiншi данасы - Медетшi банкiне берiледi.
      Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорын кредиттер бойынша берiлген бүкiл берешектi және есептелген, бiрақ ол бойынша келiсiлген мерзiмде өтелмеген проценттердi өтеу жөнiнде Медетшi банкiне тапсырылым-мiндеттеме тапсырады.
 
                 III. Медетшi банкiнiң өкiлiнiң өкiлеттiгi
 
      6. Медетшi банкi оған бюджет алдындағы кредиттiк берешегiн берген сәтiнен бастап төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың қаржылық жағынан басқарылуына бақылау жасайды.
      Медетшi банкi әрбiр төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорында қаржы жағдайын бақылау жасайтын өзiнiң өкiлiн тағайындайды. Өкiл Медетшi банкi басқармасы төрағасының бұйрығы тағайындалады және Аймақтық өкiл туралы ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.
      Медетшi банкi өкiлiнiң, шоттардан алуды немесе қаражатты қолма-қол алуды, сатып алынған тауар-материал құндылықтарына, көрсетiлген қызмет үшiн ақша төлеудi, активтердi жұмсауды қосқанда, төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорынның барлық қаржы операцияларын басқаруға уәкiлдiгi болады. Медетшi банкi өкiлi төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарға бақылау жасайды және олардың төлемдiк құжаттарына қол қоюға құқы бар.
      Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорынның басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған төлемдiк және басқа да қаржы құжаттарында Медетшi банкi өкiлiнiң қолы болғанда ғана оларды банк-агент орындауға қабылдайды. Банкiлiк өткiзу құжатында Медетшi банкi өкiлiнiң қолы жоқ екенi анықталғанда банк-агент немесе оның филиалы келтiрген мүлiктiк зиян үшiн жауапты болады.
      Медетшi банкi өкiлiнiң:
      кәсiпорынның есеп айырысу шоты бойынша ақша қаражатының есепке алынуын;
      несиелiк есепшоттың немесе несиелiк транзиттiк есепшоттары бойынша ақша қаражатының есепке алынуын;
      инвестициялар бойынша ақша қаражатының есепке алынуын;
      қаржыландыру бойынша ақша қаражатының есепке алынуын;
      сатып алынған тауар-материал құндылықтары үшiн төлем жасалуын;
      көрсетiлген қызмет үшiн төлем жасалуын;
      кредиторлық берешектiң дер кезiнде өтелуiн, қайта ұйымдастыру мен санациялаудың кешендi жоспарының кестесi бойынша олардың кезектiлiгiнiң сақталуын;
      бюджетке төлемдердiң дер кезiнде және толық төленуiн;
      жөнелтiлген өнiмдер, халық тұтынатын тауарлар мен көрсетiген қызмет үшiн ақша қаражатының дер кезiнде аударылуын;
      дайын өнiмдердiң жөнелтiлуiн, тауар-материал құндылықтарының, негiзгi құралдардың өткiзiлуiн;
      қолма-қол ақша қаражатының алынылуы мен жұмсалуын;
      қолма-қол ақша қаражатының түсiрiлуi мен аударылуын;
      банк операцияларының дер кезiнде жасалуын бақылауға құқығы бар.
      Медетшi банкiнiң басшысы банк-агент есеп айырысу-кассалық операцияларын жүзеге асырған кезде төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорынның төлем құжаттарына қол қою құқығын өкiлiне бередi.
      Медетшi банкiнiң өкiлiне қаржы менеджерi және бақылаушы өкiлеттiктерi берiледi.
      Медетшi банкiнiң өкiлi төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың қаржылық қызметiне болжам жасайды.
      Медетшi банкiнiң өкiлi кәсiпорынның қаржылық құжаттарын тексередi, кәсiпорынның активтерiне бақылау жасайды, тауар-материал құндылықтары мен дайын өнiмдерге түгендеу жүргiзедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады