"Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кредиторлық және дебиторлық берешектерiн бағалау жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 14 қарашадағы N 1528

      "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының берешектерiн өтеу жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеу мен қаржыландыру көздерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кредиторлық және дебиторлық берешектерiн нақтылау жөнiнде қосымшаға сәйкес құрамда Ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      2. "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кредиторларының талаптарын қанағаттандыру Үкiмет арнаулы қаулы қабылдағанға дейiн тоқтатыла тұрсын.
      3. Комиссия 1995 жылғы 13 қарашадан жұмысқа кiрiссiн және он

күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жұмыс 
нәтижелерi туралы есеп берсiн, сондай-ақ "Жезказганцветмет"
акционерлiк қоғамы берешектерiнiң барлық түрiн өтеу тәртiбi мен
мерзiмiн айқындау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
     Комиссия төрағасына жұмысқа жергiлiктi атқару органдары
аппаратының қызметкерлерiн тартуға құқық берiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           1995 жылғы 14 қарашадағы
                                               N 1528 қаулысына
                                                   қосымша

          "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының кредиторлық
             және дебиторлық берешектерiн бағалау жөнiндегi
                     ведомствоаралық комиссиясының
                             құрамы

     Оспанов Х.А.         - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                            сауда министрiнiң орынбасары, комиссия
                            төрағасы

     Жұмабеков Б.         - Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
                            Жезқазған аумақтық комитетiнiң төрағасы,
                            комиссия төрағасының орынбасары

                       Комиссия мүшелерi

     Қамбақов Т.У.        - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және 
                            сауда министрлiгiнiң экономика,    
                            кәсiпорындарды санациялау мен нарықтық
                            қатынастар бас басқармасы бастығының
                            орынбасары

     Жәркенов М.Е.        - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                            сауда министрлiгiнiң базалық салалар
                            бас басқармасының бастығы

     Оңдашев Ә.Қ.         - Қазақстан Республикасы Қаржы  
                            министрлiгiнiң нарықтық 
                            инфрақұрылымдар басқармасының
                            бастығы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады