Геологиялық зерделеу мен игеруге әзiрленген Блоктар мен көмiрсутектерi кен орындарының картасын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1552

      "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 U952350_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Блоктарының мөлшерi координаттың географиялық торшасымен он минут болатын Блоктары мен көмiрсутектерi кен орындарын геологиялық зерделеу мен игеруге әзiрленген карта /бұдан былай - Блоктар картасы/ бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi аталған Блоктар картасына сәйкес көмiрсутегi шикiзаты жөнiнде геологиялық зерделеуге және жер қойнауын игеруге тапсырыстар қабылдасын.
      3. Блоктар картасы барлық жер қойнауын пайдаланушылар мен жер қойнауын пайдалануға әуелеттi үмiткерлерге таныстыру үшiн қолайлы болып табылатындығы белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының                 
       Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады