Қазақстан Республикасының халқына бiржолғы ақшалай өтем төлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 17 қарашадағы N 1566. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N 1224 қаулысымен

      "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 1787, "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468, "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi N 2143 Қазақстан Республикасының Заңдарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi он күн мерзiм iшiнде "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығының 36-бабында көзделген қаражатты Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне аударуды қамтамасыз етсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Халықтық банкiмен тиiстi агенттiк келiсiм жасап және оған алынған қаражатты аудара отырып, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген бiржолғы ақшалай өтемнiң төленуiн жүргiзсiн. 
      3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi үстiмiздегi жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Халықтық банкiсiне елдi мекендер тұрғысында және тиiстi Заңдар бойынша төленуге жататын сомаларын көрсете отырып, бiржолғы ақшалай өтем алуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн түсiрсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Халықтық банкi есеп айырысудың 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн аяқталатынын назарда ұстап, түсiрiлген тiзiмдердiң негiзiнде азаматтарға бiржолғы ақшалай өтемдi кезең-кезеңiмен төлеудi ұйымдастыру үшiн жеке шоттар ашатын болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Халықтық банкiмен бiрге, белгiленген мерзiмдерде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бiржолғы ақшалай өтемдердiң төленген сомалары туралы есеп түсiрсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1995 жылғы 20 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының аталған Заңдарында көзделген жеңiлдiктердiң тiзбелерiн нақтылау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады