"Қазақстан бойынша донор-елдердiң консультативтiк тобының мәжiлiсiн өткiзудiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 мамырдағы N 608 қаулысымен бекiтiлген және "Құрылыс материалдардың өндiрiсi" секторлық бағдарламасының жүзеге асырылуын қарастыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк инвестициялық басымдықтар бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң дамуға ресми көмегi шеңберiндегi жеңiлдiктi кредитiн тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Құрылыс өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын жаңғырту үшiн Германия Федеративтiк Республикасының Қалпына келтiру жөнiндегi кредиттiк ведомствосы (KFW) берген 37 (отыз жетi) миллион немiс маркасы сомасындағы жеңiлдiктi ұзақ мерзiмдi кредиттiң пайдаланылуы мақұлдансын.
2.<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды, 3-6-тармақтар 2-5-тармақтар болып саналды - ҚР Үкіметінiң 1997.04.08. N 503 қаулысымен.
P970503_
2. Сақтандыру жарнасын, қызмет көрсетушi банктердiң комиссиялық төлемдерiн, барлық жолай шығындар мен проценттерiн, сондай-ақ тартылатын кредиттi төлеу түпкi займшылардың қаржысы есебiнен жүргiзiлетiнi назарға алынсын, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне кредиттi өтеу жөнiндегi кепiлдiк мiндеттемелер тапсыруы тиiс.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
<*>
түпкi займшылармен iшкi кредиттiк келiсiм жасасын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кредиттi өтеу жөнiнде керi кепiлдiк берсiн.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң
1997.04.08. N 503 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 2-абзацы алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң
1997.08.22. N 1276 қаулысымен.
P971276_
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн белгiленген тәртiппен берсiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн қамтамасыз ету туралы келiсiм жасассын.
5. Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiмен бiрлесiп конкурстық негiзде жобаларды iрiктеудi жүзеге асырсын, түпкi заемшыларды айқындасын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қатысуымен жобалардың жүзеге асырылуы мен тартылған несиелердiң уақытында өтелуiне бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.<*><*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1997.04.08. N 503 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1997.08.22. N 1276 қаулысына сәйкес.
P971276_
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi