Жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi секторлық бағдарламаны жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 4 желтоқсан N 1654

      "Қазақстан бойынша донор-елдердiң консультативтiк тобының кеңесiн өткiзу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 мамырдағы N 608 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк инвестициялық басымдықтар бағдарламасына сәйкес және "Жеңiл өнеркәсiптiң" секторлық бағдарламасын жүзеге асыруды көздейтiн, сондай-ақ дамуға ресми көмек шеңберiндегi Германия Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң жеңiлдiктi кредит қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары үшiн босалқы бөлшектер мен химиялық материалдар сатып алу жобасын жүзеге асыру үшiн Германия Федеративтiк Республикасының Қалпына келтiру жөнiндегi (KFW) кредит ведомствосы беретiн 5 (бес) миллион немiс маркасы сомасындағы ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi кредиттi пайдалану мақұлдансын. 
      2. "Аққу", "Надежда", "Алматы кiлем" және "Жамбылкожобувь" акционерлiк қоғамдары кредиттiң түпкi займшылары ретiнде Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiне кредиттi өтеу жөнiндегi кепiлдiк мiндеттемелерiн ұсынсын. 
      Қызмет көрсетушi банктердiң сақтық жарнасын, комиссияларын, барлық жолай шығыстар мен проценттердi, сондай-ақ тартылатын кредиттi төлеу түпкi займшылардың өз қаражаттары есебiнен жүргiзiлетiнi назарға алынсын. 
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi: 
      "Легпром" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп Германия Федеративтiк Республикасының Қалпына келтiру жөнiндегi (KFW) кредит ведомствосы беретiн 5 (бес) миллион немiс маркасы сомасына кредиттiк келiсiм әзiрлеп, қол қоятын болсын; 
      түпкi займшыларымен iшкi келiсiмдер жасассын; 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кредиттi өтеу жөнiнде керi кепiлдiктер берсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн; 
      Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен келiсiм жасассын. 
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Легпром" акционерлiк қоғамы аталған жобалардың орындалуына және таратылатын кредиттiң дер кезiнде өтелуiне бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. 
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет секторлық бағдарламаны жүзеге асыруға жалпы басшылық пен бақылау жасауды iске асыратын болсын. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады