Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiнiң әзiрлемелерiн енгiзудi орталықтандыру және тәртiпке келтiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 5 желтоқсан N 1665. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.06.03. N 513 қаулысымен. ~P980513

      Мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiнiң әзiрлемелерiн енгiзудiң маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ мемлекеттiк белгi жүйесiн, атрибуттарды, нысанды киiм, мемлекеттiк құрылымдардың iскерлiк құжаттамаларын, ресми рәсiмдер мен мемлекеттiк рәмiздердi пайдалану дәстүрлерi әзiрлемелерiн орталықтандыру мен тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiнiң әзiрлемелерiн енгiзу орталықтандыру мен тәртiпке келтiру жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан былай - Үйлестiру кеңесi) қосымшадағы құрамға сәйкес құрылсын.
      2. Үйлестiру кеңесi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiнiң әзiрлемелерiнiң кезектiлiгi туралы ұсыныс енгiзуге, мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiнiң әзiрлемелерi үшiн министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпарат алуға, жекелеген мәселелердi қарау және шешу үшiн, сондай-ақ консультация және сараптама үшiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен шығармашылық ұйымдардың мамандарын тартуға құқылы деп танылсын.
      4. "Каздизайн" шығармашылық-өндiрiстiк бiрлестiгi" акционерлiк қоғамы "Республика мемлекеттiк стилiнiң кешендi дизайн-бағдарламасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1992 жылғы 15 қазандағы N 1667-ХII қаулысына сәйкес мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiнiң бағдарламасын орындаушы ретiнде ұсынылсын.
      5. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа да орталық және

атқарушы органдар жыл сайын республикалық бюджеттi қалыптастыру
жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеген кезiнде Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiн жүзеге асыру үшiн қажеттi
шығындарды ескерсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1995 жылғы 5 желтоқсандағы
                                          N 1665 қаулысына
                                                Қосымша

             Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы
         Мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйелерiнiң әзiрлемелерiн
       енгiзудi орталықтандыру және тәртiпке келтiру жөнiндегi
                         үйлестiрудiң кеңесiнiң
                                Құрамы

     Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                          орынбасары, төраға
     Мұхамеджанов О.Б. - Үкiмет Аппараты Әлеуметтiк-мәдени даму
                         бөлiмiнiң меңгерушiсi, төрағаның орынбасары

                     Кеңес мүшелерi:

     Павлов А.С.       - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
     Қаудыров Т.Е.     - Қазақстан Республикасының Ұлттық патент
                         ведомствосының төрағасы
     Рысбеков М.А.     - Қазақстан Республикасының Стандарттау,
                         метрология және сертификаттау жөнiндегi
                         комитетiнiң төрағасы
     Сағадиев К.Ә.     - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                         академиясының президентi
     Сқақбаев М.С.     - Қазақстан Республикасының Авторлық және
                         сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк
                         агенттiгiнiң төрағасы
     Сүлейменов Т.Б.   - Қазақстан Дизайншiлер одағының президентi
                         (хатшы)
     Терещенко С.А.    - Халықаралық "Интеграция" қорының президентi
     Нұрбеков М.       - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң
                         бiрiншi орынбасары
<*>

     Хасанаев М.       - Қазақстан Республикасының Архивтер мен
                         құжаттама бас басқармасының бастығы
     Штойк Г.Г.        - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және
                         сауда министрi
     Шөкеев Ө.Е.       - Қазақстан Республикасының Экономика министрi
     Мұқашев Т.Т.      - "Алматыгороформление" мемлекеттiк
                         акционерлiк қоғамының президентi 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
              1996.06.25. N 788 қаулысымен.  

P960788_

 

                                    Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                    1995 жылғы 5 желтоқсандағы
                                       N 1665 қаулысымен
                                              Бекiтiлген

             Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы
         Мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiнiң әзiрлемелерiн
           енгiзудi орталықтандыру және тәртiпке келтiру
                жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы
                            Ереже

                  I. Жалпы ережелер



      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiнiң әзiрлемелерiн енгiзудi орталықтандыру және тәртiпке келтiру жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан былай - Үйлестiру кеңесi) мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесiн қалыптастыру және енгiзу саласындағы жұмыстар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк барлық рәмiздердi насихаттауды қамтамасыз ететiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Үйлестiру кеңесi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жобаларды әзiрлеу және жүзеге асыру қызметтерiн "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiрегейлендiру жүйесi" мемлекеттiк кешендi дизайн-бағдарламасының шеңберiнде орталықтандырып, тәртiпке келтiредi және үйлестiредi.
      3. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының

Конституциясына, заңдарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
     4. Үйлестiру кеңесi өз мәжiлiстерiн оның жұмыс жоспарына сәйкес
өткiзедi.
     5. Үйлестiру кеңесiнiң қызметiн ақпараттық-ұйымдастыруды
қамтамасыз ету Үкiмет Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiне
жүктеледi.

               II. Үйлестiру кеңесiнiң функциялары

     6. Үйлестiру кеңесiнiң функцияларына мыналар кiредi:
     тұжырымдамаларды, жобалар мен дизайн-бағдарламаларды қарау және
бекiту, мемлекеттiк құрылымдардың рәмiздер мен шолыма стандарттарын
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсыну;
     мемлекеттiк хаттамалар мен рәсiмдердiң мазмұндық және шолыма
элементтерiн қарау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсуiне
енгiзу.

               III. Үйлестiру кеңесiнiң құқығы

     7. Үйлестiру кеңесiне мынадай құқық берiледi:


      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, басқа да орталықтандырылған және жергiлiктi атқарушы органдардан мемлекеттiк стиль бағдарламасының жобасын әзiрлеу үшiн қажеттi ақпарат алу;
      мемлекеттiк бiрегейлендiрудiң жекелеген мәселелерiн қарау және

шешу, сондай-ақ консультациялар мен сараптамалар жүргiзу үшiн
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да
орталықтандырылған және жергiлiктi атқарушы органдардың,
ғылыми-зерттеу институттары мен шығармашылық ұйымдардың мамандарын
заңда белгiленген тәртiппен тарату.

                IV. Үйлестiру кеңесiнiң басшылығы

     8. Үйлестiру кеңесiн Төраға басқарады, оның бiр орынбасары және
хатшысы болады.
     9. Үйлестiру кеңесiнiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiтедi.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады