1. Қазақстан Республикасы Экология және биологиялық ресурстар министрлiгiнiң қарақұйрықтың биологиялық, морфологиялық және кариологиялық ерекшелiктерiн, оларды шектеп алудың мүмкiндiктерiн зерттеу жөнiндегi ғылыми эксперименттi, құрылатын "Алтын-Емел" мемлекеттiк ұлттық паркiнiң аумағында жүргiзу жөнiнде Қаржы министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен, Ұлттық ғылым академиясымен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биологиялық ресурстар министрлiгi:
құрылатын "Алтын-Емел" мемлекеттiк Ұлттық паркiнiң дирекциясына ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми ұйымдарымен ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiнде шарт жасасқан соң 1997 жылға дейiн жылды қоса алғанға дейiн жыл сайын аталған зерттеулердi жүргiзу үшiн 20 қарақұйрық аулауға рұқсат берсiн;
рұқсаттың пайдаланылуына қатаң бақылау орнатсын және жұмыстарды аяқтаған соң жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар ететiн болсын.
3. Ауланған хайуанаттарды (олжаны) сатудан түскен қаржы Талдықорған облысының табиғи аумағындағы ерекше қорғалатын хайуанаттар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғау мақсатында пайдалану үшiн, облыстық бюджетке жiберiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi