1. "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының аффинаж зауыты ерекше режимдi объектiлердiң қатарына жатқызылсын.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлерi Қолбасшысының Бас басқармасы жалпы адам санының шегiнде Жезқазған облысының Балқаш қаласында орналастырылатын iшкi әскерлердiң жеке арнайы комендатурасын (әскери бөлiмiн) жасақтасын.
3. Жезқазған облысы мен Балқаш қалаларының әкiмдерi әскери бөлiмге пәтер беру мен оны әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан жайғастыруға жәрдем көрсетсiн.
4. "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының аффинаж зауыты мен Қазақстан Республикасы Iшкi әскерлерiнiң Қолбасшысы бас басқармасының әскери бөлiмдi ұстау, пәтер бөлу, қаржыландыру, материалдық ресурстармен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi өзара қарым-қатынастары, тараптар арасында жасалған шартқа сәйкес белгiленсiн.
5. "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының басшылығы технологиялық процестiң қауiпсiз жүргiзiлуi мен өндiрiлген өнiмдердiң сақталуын ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолдансын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi