1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегi бар кәсiпорындары арасындағы берешекке Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қоры үшiн көзделген, пайдаланылмай қалған қаржы шегiнде есепте жүргiзсiн.
Аталған сома ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының 1994 жылы алған мұнай өнiмдерi үшiн берешегiн өтеу есебiне есептелсiн.
2. Облыс өкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қорынан мақсаттық шаралар есебiне қабылданатын қаржы мөлшерiн анықтау мақсатында 1995 жылдың 10 желтоқсанына дейiн айыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң мұнай өнiмдерiн беретiн кәсiпорындарға берешегiне, сондай-ақ мұнайгаз саласының тиiстi кәсiпорындарының Экономиканы жаңғырту қорына, Жер қойнауын қорғау және минералдық ресурстарды қайта өндiру қорына сондай-ақ, заңды тұлғалардың табыс салығы және тiркелген /ренталық/ төлемдерi бойынша берешегiне 1995 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша салыстыру жүргiзудi қамтамасыз етсiн. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.01.24. N 90 қаулысымен. P960090_ 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi 1995 жылдың 15 желтоқсанына дейiн осы деректердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi