Орта арнаулы оқу орындарын жергiлiктi атқарушы органдарының балансына беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 1714

      Тиiстi аймақтар үшiн мамандар даярлау мәселелерiн шешуде жергiлiктi атқарушы органдардың ролiн одан әрi көтеру мақсатында, сондай-ақ 1995 жылға арналған республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң қарауында болған кейбiр орта арнаулы оқу орындарын ұстауға арналған жергiлiктi бюджет құрамында көзделген шығындарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, аталған орта арнаулы оқу орындарын қосымшаға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың балансына қабылдау-өткiзу жұмыстарын жүргiзсiн.
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 1714 қаулысына қосымша


            Жергiлiктi атқарушы органдардың балансына берiлетiн

                Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң
                 жүйесiндегi орта арнаулы оқу орындарының
                                тiзбесi

                     Ақтөбе облысы
     1. Ақтөбе кешкi машина жасау техникумы
     2. Ақтөбе құрылыс техникумы

                Шығыс Қазақстан облысы
     3. Лениногор кен-металлургия техникумы

                  Жамбыл облысы
     4. Қаратау кен-құрылыс техникумы

                Жезқазған облысы
     5. Балқаш кен-металлургия техникумы
     6. Жезқазған кен техникумы
     7. Жезқазған құрылыс техникумы

             Қарағанды облысы
     8. Қарағанды кен-механика колледжi
     9. Қарағанды химия-технология техникумы
     10. Темiртау индустриялық техникумы
     11. Темiртау химия-механика техникумы

             Қостанай облысы
     12. Жетiқара кен техникумы
     13. Рудный политехникалық техникумы

             Маңғыстау облысы
     14. Жаңаөзен мұнай техникумы
                  
             Павлодар облысы
     15. Ақсу дене тәрбиесi техникумы
     16. Екiбастұз кен техникумы

             Семей облысы
     17. Семей құрылыс техникумы

             Торғай облысы
     18. Арқалық политехникалық техникумы
    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады